MS Excel электрондық кестесі

MSEXCELОрал қаласы, Батыс Қазақстан медициналық колледжі
Гупранов Канат Сагындыкович
Информатика пәні оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: MS Excel электрондық кестесі.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Кесте ұғымын қалыптастыру. Excel процессоры туралы кеңінен мағлұмат беру. Мәліметтерді өңдеуді, есптеулерді жүзеге асыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпты меңгеру барысындағы логикалық, ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ үлгісі: Интерактивті (топтап) оқыту
Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мультипроектор, экран, слайд, «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» оқулығы, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақ барысы:
І. Сабақты ұйымдастыру:
—  оқушылармен сәлемдесу;
—  Сабаққа келгендерін және сынып әзірлігін тексеру. 2 мин.
ІІ. Тақырыпты және жоспарды хабарлау. Мақсат қою. 4 мин.
ІІІ. Әңгімелесу әдісімен  тірек білімін  өзектендіру. 3 мин.
ІV. Материалды баяндау (мазмұндау) және бекіту (баяндау процесінде  оқушылардың өз беттерімен  жұмысын ұйымдастыру) 39 мин.
V. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту және жүйелеу. 4 мин.
VI. Сабақты қорытындылау және үй  тапсырмаларын беру. 3 мин.
І. Сабақты ұйымдастыру.
ІІ. Компьютердің кестелік мүмкіндіктері.
Жоспар:

Кесте дегеніміз не?
Кесте түрлері.
Microsoft Excel кестелік процессорының негізгі мүмкіндіктері.
MS Excel кестесінде жұмыс істеу.
Мақсат: Компьютердің кестелік мүмкіндіктерін еркін игеріп, онда әртүрлі есептеулерді жүзеге асыру.

ІІІ. Кесте дегеніміз – бағандар мен қатарлардың қиылысынан пайда болған ұяшықтардың жиынтығы. Әрбір ұяшық белгілі бір мәлімет енгізілетін нысан болып есептеледі.

Excel бағдарламасы мәліметтермен жұмыс жасау барысында оларды ретті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. мысалы: кесте түріндегі ақпарат қарапайым мәтіндік ақпаратпен салыстыру кезінде артықшылыққа ие болады. Кестелік ақпараттар әр салада кеңінен қолданысқа енгізілген. Мысалы: Педагогика саласында оқушылардың тізімдерін жинастыруда, спорт саласында әртүрлі команда сайыстарының тізімдерін көрнекі түрде алуда, дәірігерлік салада аурулардың тізімдерін, олардың толық мәліметтерін алу кезінде тиімді қолданылады. Сонымен қатар Excel кестесі компьютерде әртүрлі типті есептеулерді жүргізумен қатар, санды мәліметтерді графиктік түрде кескіндеуге де мүмкіндік береді.

IV . Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web–беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдары, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.   

Excel экранының терезесі 1 суретте көрсетілген.

1 сурет. Excel қосымша бағдарламаларының терезесі.

 

Excel терезесінің негізгі элементтері:

  • Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.

  • Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.

  • Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.

  • Формула жолы —  ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.

  • Форматтау тақтасы – форматтау командаларына арналған батырмаларды қамтиды.

  • Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

  • Жолдар нөмірлері – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.

  • Бағандардың атаулары – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.

  • Қалып-күй жолы  – құжаттың ақпаратын қамтиды.

  • Шиыру жолақтары  — құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.

Кестенің құрылымы

Электрондық кестелерде ақпарат ұяшықтарға енгізіледі. Ұяшық дегеніміз бұл баған мен жолдың қиылысы. Әрбір ұяшықтың абсолюттік немесе салыстырмалық адресі бар. Адрес бағанның атауы мен жолдың нөмірінен құралады. Сонымен, В6 ұяшығы В бағаны мен 6-жолдың қиылысы болады. Ағымдағы ұяшықтың ішіндегі мәліметтері мен адресі Формула жолында бейнеленеді (2 сурет).

 

2 сурет. Формула  жолында ағымдағы ұяшықтардың бейнеленуі

 

3  Мәліметтерді енгізу

 

Ұяшыққа мәліметтерді енгізу үшін ұяшықты ерекшелеу қажет. Ол үшін ұяшықты маус көрсеткішімен шертіңдер. Excel мәліметтердің негізгі үш типін қолдануға мүмкіндік береді: мәтіндік, сандық және формула. (3.сурет).

3 сурет. Мәліметтердің негізгі форматтары

Ұяшықтың мәліметтерін жою үшін оны ерекшелеп, Delete пернесін басу.

Кестеге бағандар мен жолдарды үстемелеу немесе жою үшін:

  1. Оларды ерекшелеу (тақырып бойынша тінтуірмен шерту);

  2. Тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп жанама менюді шақыру;

  3. Керекті команданы таңдау.

 

Ағымдағы ұяшықтың мәліметтерін өңдеу үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:

  1. Тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерту;

  2. Формула жолында ұяшықтың мәліметтерін өңдеу;

  3. F2 пернесін басу.

Егер аталған тәсілдердің бірде-бірін таңдамастан, ұяшыққа қандай да бір мәліметтер енгізген болса, онда оның бұрынғы мәліметтері жаңа ақпаратпен автоматты түрде алмастырылады.

 

Кестені біртекті мәліметтермен қалай автоматты түрде толтыру керек

 

Қатар – бұл логикалық тізбелер құратын ұяшықтардың тізбегі. Автотолтыру қызметінің көмегімен Excel-де сандар, күндер, даталар, тоқсандар тізімін дайындауға болады.

Тоқсандар, айлар, апталар, күндер  тізімін енгізу үшін:

  1. Ұяшыққа қатардың бірінші элементін енгізіңдер де Enter-ді басыңдар немесе формула жолындағы енгізу батырмасы бойынша шертіңдер.

  2. Тінтуірдің көрсеткішін басқарушы элементке орналастырыңдар да оны сол жақ төменгі бұрышынан сүйреп тасыңдар.

Тізімге кіретін барлық ұяшықтар сұрғылт жақтаумен қоршалған болады, ауқымның соңғы ұяшығында қалып қойған мән сары тікбұрышта көрсетілетін болады (4 сурет).

  1. Тінтуірдің батырмасын босатып, тізімді дайындауды аяқтаңдар (5 сурет).

 

                             

 

    4. Басқарушы элементті ерекшелеу                 5. Тізім дайындауды аяқтау

 

Прогрессия командасымен қатарды дайындау:

  1. Ұяшыққа бірінші элементті енгізіңдер;

  2. Біріншіні қамти отырып, қатардың бөлігі болатын барлық ұяшықты ерекшелеңдер;

  3. Түзету→Толтыру→Прогрессия (Правка→Заполнить→Прогрессия) менюін таңдаңдар;

  4. Пайда болған Прогрессия сұқбаттық терезесінде (6 сурет) Автотолтыруды таңдаңдар;

  5. ОК-ді шертіп, қатарды дайындауды аяқтаңдар.

 

 

6 сурет. Прогрессия сұқбаттық терезесі

Ұяшықтарды форматтау

Ұяшықтарды форматтау – бұл олардың сыртқы безендірілуі, сонымен қатар олардың ішіндегі бар мәліметтердің форматын түзету. Ұяшықтарды форматтау үшін:

       7 сурет. Сандар қоймасы                                      8 сурет. Туралау қоймасы

 

  1. Керекті ұяшықты ерекшелеу;

  2. Форматтау аспаптар тақтасының батырмаларын пайдалану немесе Формат→Ұяшықтар (Формат → Ячейки) менюі командасын іске қосу.

Екінші тәсілді қарастыралық. Бұл тәсіл келесі қоймаларды қамтитын Ұяшықтар форматы (Формат ячеек) сұқбаттық терезесін шақырады:

  1. Сан – ұяшықтардың мәліметтер форматын өзгертуге мүмкіндік береді (7 сурет)

Туралау – ұяшықтағы мәліметтер қалай тураланатынын тағайындайды (8 сурет)

  1. Қаріп – қаріп параметрін тағайындайды (9 сурет)

 

              9. Қаріп қоймасы                                           10 сурет. Шекара қоймасы

 

  1. Шекара – ұяшықтар шекарасының параметрін тағайындайды (10 сурет)

  2. Түр – ұяшықтарға құюды тағайынлайды (11 сурет)

  3. Қорғаныс  — ұяшықтардың қорғанысын тағайындайды (12 сурет)


          11 сурет. Түр қоймасы                                       12 сурет. Қорғаныс қоймасы

 

Тәжірибелік жұмыс кезеңі.

Оқушыларға деңгейлі тапсырмалар беріліп, реттілікпен орындалады.

1. В1 ұяшығына 123 санын, С1 ұяшығына а әріпін енгізіңіз. В2 ұяшығына =В1+С1 формуласын жазып, В2 ұяшығының мәнін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

2. D2 ұяшығына =45/D1 формуласын енгіз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

3. Е1 ұяшығына 45 санын енгізіңіз, Е2 ұяшығына ЕСЛИ функциясын жүктеп, шарт бөлігіне «Е1жН1», Ақиқат бөлігіне 4, Жалған 5 сандарын енгіз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

4. А1 ұяшығына 464694 санын енгізіп, ұяшықтың енін қысқартыңыз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

5. G1 ұяшығына 4578 санын, G2 ұяшығына =G1/Н1 формуласын, Н1 ұяшығына «/» белгісін, Н2 ұяшығына =G2/-45 формуласын енгізіңіз. Нәтижесін қараңыз. Қай жерден қате кетті, табыңыз.

6. А1 ұяшығына ЛД, А2-ге СД, А3-ке МД сөздерін, В1-ге 4, В2-ге 5, В3-ке 6 санын енгізіңіз. А5 ұяшығына ПРОСМОТР функциясын (сілтеме және массив категориясы) жүкте және «А6; А1:А3, В1:В3) енгізіп, нәтижесін қараңыз.

 

7. 2х2-3х+1=0 квадрат теңдеуін шешу.

  • A3:G3 аралығын таблицадағыдай толтырыңыз.

 

 

  • А4 ұяшығына «2», В4 ұяшығына «-3», С4 ұяшығына «1» сандарын енгізіңіз.

  • D4 ұяшығына =B4^2-4*A4*C4 формуласын енгізіп Enter батырмасын шертіңіз.

  • Квадрат теңдеудің жауап сандарының қанша болатынын мына функцияларды орындау арқылы білеміз:

Е4 ұяшығында Вставка-Функция командасын орындаңыз. Ашылған сұқбат терезеде Логические категориясын таңдап, одан кейін ЕСЛИ функциясын таңдаңыз және ОК батырмасын шертіңіз.

Квадрат теңдеуді шешу кезінде үш шартты тексеруіміз қажет:

D>0 жауап: 2,     D4<0 жауап: 0,     D4=0 жауап: 1.

Ашылған сұқбат терезеге функцияның аргументтерін енгізіңіз.

Сұқбат терезенің ЖАЛҒАН бөлігіне екінші шартты тексеру үшін ЕСЛИ функциясын енгіземіз. Ол функцияны Excel терезесінің Адрес жолындағы функциялар тізімінен  ЕСЛИ функциясын таңдаймыз. Ашылған сұқбат терезеге функцияның қажетті аргументтерін енгіземіз.

Бұл сұқбат терезенің ЖАЛҒАН бөлігіне 1 жауап болады деген сан енгізілген, себебі егер екі шарт қатарынан орындалмаса үшінші шарт тексермеседе орындалады.

 

  • Ғ4 ұяшығына =(-B4-КОРЕНЬ(D4))/(2*А4) формуласын енгізіңіз, яғни х1 жауабын табу үшін.

  • G4 ұяшығына =(-B4+КОРЕНЬ(D4))/(2*А4) формуласын енгізіңіз, яғни х2 жауабын табу үшін.

VI. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту және жүйелеу.

«Сергіту» кезеңі.

Оқушыларды топқа бөліп MS Excel кестелік процессорының міндеттемелерін атап көрсету. Қайсы команда көп әрі тез жауап берсе сол команда жеңімпаз болады.

VI І. Сабақты қорытындылау және үй  тапсырмаларын беру.

Үйге тапсырма: Компьютердің кестелік мүмкіндіктері. MS Excel кестелік процессоры.

Берілген карточкалар бойынша есептер шығару.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *