PAINT графикалық редакторы. Сурет ашу, сақтауPAINT графикалық редакторы. Сурет ашу, сақтау

БҚО
Қаратөбе ауданы
Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Маратов Асхат Маратұлы
Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Сурет ашу, сақтау

Cабақтың мақсаты:

Білімділігі: PAINT графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету. Сабақта алған тоериялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: Paint графикалық редакторында жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты жеткізе білуді, пәнге деген қызығуғышылықты арттыру.

Тәрбиелігі: оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Көрсете баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Ресурстар мен құрал жабдықтар: компьютер, проектор, оқулық. слайд, деңгейлік тапсырмалар, флипчарт, суреттер, стикер.

 

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Назарын сабаққа аудару.

Тренинг өткізу «Ыстық алақан» оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Сурет қыйындыларын таңдап «Компьютердің» және «Принтердің» суреттерін құрастыру арқылы 2-топқа бөлу. Әр топ өз қалаулары бойынша топ басшысын сайлайды. Топ басшысы бағалау критерийі жазылған кестеге тобындағы оқушылардың жұмыстарын бағалап отырады. Сабақ соңында жеңіске жеткен топ анықталған кезде бағалы сыйлықтар беріледі. Сондықтан сабаққа жақсы ат салысайық.

Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Осыған орай қазақтың ұлттық ойындарын сабақта қолданатын боламыз.

Ал сіздер қандай ұлттық ойындарды білесіздер? …

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Енді осы ұлттық ойындарды сабағымызда нұсқау ете отырып, сабағымызды бастайық. Ал енді үй жұмысын жақсы оқып келсек, көкпар ойынын бастайық. Бұл ойында флипчарт арқылы қазақтын ұлттық ою-өрнектерінің артында сұрақтар жасырылады. Оқушылар қалаған ою-өрнектерін таңдау арқылы артында жасырылған сұрақтарға жауап береді. Көкпар дұрыс жауап берген топқа көшеді.

 

Жүйелік бумаларға жататындарды ата. (Компьютер, корзина)

Нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші. (Жарлық)

Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек? (Сақтау)

Ctrl+O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады? (Ашу)

Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет. (Атын өзгерту)

Пернетақтада Қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады? (Ctrl+X)

Белгіше    — ол: (Бума)

«Ой қозғау»

Сөзжұмбақтың жауабын тап.

  1. MAUSE – тың қазақша қалай аталады? (Тышқан)
  2. Арнайы перне? (Shift)
  3. Егер бұл пернені бір рет басса бас (үлкен) әріптермен енгізіледі,

тағы бір рет басса кіші әріптер енгізілетін қандай перне? (CapsLock)

  1. Оң жақ символды өшіру пернесі? (Delete)
  1. Енгізу пернесі? (Enter)

Сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтадық

 

III Жаңа тақырыпты түсіндіру

Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды. Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.

Компьютерлік графикада 2 бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу.

Бейнелерді сендер сканерден, фотоаппараттан, web-камерадан, бейнебаяндар коллекциясынан немесе файлдан ала аласыңдар.

PAINT графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздеріңнің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.

Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар :

  • Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.) ;
  • Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редактор ).

         Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

        PAINT (ағылшынша сурет, сурет салу ) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын)бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көріәнеді.

        Пиксель — — растрлық бейненің ең кішкентай элементі.

Суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады. Жұмыс істегенде осыны ескеру керек. Мысалы, егер файлды поштамен жөнелту керек болса, оның пішімін өзгертіп, «жеңілірек» ету керек.

Суреттерді сақтау:

Суретті келешекте тағы да қолдану үшін сақтаймыз. Раіnt графиктік редакторында файлдың кеңейтілуі .bmp түрінде болады.

Сақтау әрекеттері былай орындалады: Файл — Сохранить как (Файл Сохранить).

Сақталған суретті ашу: Файл — Открыть командасын орындаймыз, экранда ашылған

терезеден қажетті файлды таңдаймыз.

Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. PAINT батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар.

Түсті таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады. Оның сол жақ бөлігінде пәрмендер көрсетіледі.

Алдыңғы саптағы түс Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды. Фонның түсін фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады. Түсті таңдау үшін алдымен қажетті алып-қосқышты таңдап, одан кейін тышқанмен палитрадағы керек түсті шертеді.

Суретті тышқанның сол жақ батырмасын да оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады. Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.

 

IV Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Енді келесі сайысымызға көшелік. «Бәйге» деп аталады. Бұл ойынның шарты кітаптарыңыздың 123-124 бетте берілген А, В, С деңгейінің тапсырмасын жылдамдықта орындау керек.

 

Сергіту сәті: «Супер физкультминутка»

V Сабақты бекіту

«Теңге ілу» ойыны Компьютерде easyQuizzy программасы арқылы тест тапсырмаларын орындау. Әрбір дұрыс сұраққа 10 теңгемен есептеледі. Қай топ көп теңге жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

  1. «Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
    А) Жобалау В) Оқу, кітап С) Сурет, сурет салу *       Д) Музыка, ән салу.
    2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
    А) Кішкене тіктөртбұрыштардан
    В) Нүктелерден *
    С) Сызықтардан
    Д) Символдардан.
    3. Paint программасын қалай іске қосамыз?
    А) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint *
    В) Бастау Стандарттық Paint
    С) Менің құжаттарым Менің суреттерім Paint
    Д) Жұмыс үстелі Қоржын Paint.
    4. Палитраның неше түсі бар?
    А) 256                      В) 2                            С) 30 *                        Д) Қанша керек болса да.
    5. Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?
    А) Түстер тобы Түстерді өзгерту *
    В) Сурет Түстерді қайтару
    С) Саймандар Түспен толтыру
    Д) Файл Құру.

VI Қорытынды Рефлексия

Кері-байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны. Тақтаға үш сурет ілінеді.

  1. Сандық – алған білімдерін алға қарай пайдаға асырамын.
  2. Еттартқыш – әлі де оқимын білімімді толықтырамын.
  3. Қоқыс жәшігі – керек емес ақпаратты есте сақтамаймын, лақтырамын.

Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазып, өзіне керекті суретті таңдап, стикерлерді таңдаған суреттің тұсына жапсырады.

 

 

VІI Үйге тапсырма PAINT графикалық редакторы. Сурет ашу, сақтау

VIII Бағалау Критерийлер бойынша формативті бағалау. Топ басшысы оқушылардың балын есептеп, оны «5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.

Сонымен бүгінгі біздің сайысымызда “Жеңіс түбі – табыс” дегендей жеңген топқа ат мінгіземін (суретін беремін), келесі топқа шапан жабамын (суретін беремін). Ал жеке ойыншыларға “сыйлықтар”, яғни бағалар беріледі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *