Басы » 2025 » Февраль

Monthly Archives: Февраль 2025

ҰБТ тестерін жасауға ЖИ пайдаланады

Қазақстанда Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) сұрақтарын әзірлеу процесіне жасанды интеллект енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов хабарлады.

Толығырақ »

Дарынды балаларға бір реттік сыйақы беріледі

Депутат білім мен мәдениет саласындағы маңызды заң жобасын таныстырды Депутат Асхат Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасап, оның негізгі тұстарына тоқталды. Дарынды балаларға жаңа мүмкіндіктер Өткен жылы Қазақстанда халықаралық ғылыми байқаулардың үздіктеріне ерекше мүмкіндік жасалған еді. Олар енді ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік грантпен жоғары оқу ...

Толығырақ »

Пәндерді жалаң біріктіру: Қателік қайталана ма?

Мектеп сынақ алаңына айналғалы қашан… Жылда жаңа реформа да­йын тұрады. Келер жылы да 2026–2027 жылғы оқу стандарты аясында мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізілмек. Көпшіліктің талқысына түскен өзгерістің бірі – пәндерді біріктіру. Реформашылар бұл шешім білім сапасын арттырады дегенімен, қоғамда оған қатысты сұрақ көп. Математика, химия, физика, биология секілді күрделі пәндерді біріктіріп оқыту қаншалықты дұрыс? Мұндай өзгеріс мұғалімдерге, оқушыларға, жалпы білім жүйесіне ...

Толығырақ »

Реформадан көзі ашпаған білім саласында тағы өзгеріс болады

Оқу-ағарту министрлігі келесі жылы жаңа білім беру стандартын енгізуді жоспарлап отыр. Кейбір мұғалімдер шырылдап, әлеуметтік желіге жазып жүрген мәселе осы. Әзірге ресми құжат жоқ, шенеуніктердің сөзіне қарағанда мынадай жаңалықтар күтіп тұр: ✔️ Білім беру процесіне жасанды интеллект енгізіледі. Виртуал лабораториялар; Тілдік қосымшалар – оқушылардың тілді жақсы меңгеруі үшін қажет. Ақпараттық жүйелер – жаратылыстану ғылымдары бойынша мультимедиалық презентациялар базасы. Бұл жаңалықтар ...

Толығырақ »

Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді

Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді ✍️Биылғы жылдың ақпан айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тәлімгерлерін оқытуды міндеттейтін заңға қол қойылды. Оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар жеке қаражаты есебінен жүргізеді. 👨‍👩‍👧‍👧2024 жылы Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік институты енгізілген болатын. Аталған механизм білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін 10 жастан бастап өз бетінше өмір ...

Толығырақ »

Қазақстандық 7 жасар бала әлемдік ғылыми жарыста жеңіске жетті

Астанадағы №81 Astana English School халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет «StemCo» халықаралық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медальға ие болды. Елордалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, 4-сынып оқушысы Зере Ақболат та тамаша өнер көрсетіп, қола медальді қанжығасына байлады. Жеті жастағы Нұрлан алғашқы онлайн кезеңнен өтіп, Сингапурде өтетін финалдық сайысқа қатысу мүмкіндігін жеңіп алды. Өткен жылы мектепке алғаш қадам ...

Толығырақ »

Колледждердегі лицензиялау жүйесі өзгереді

Егер бұрын лицензиялар тек жеке біліктіліктерге байланысты беріліп келсе, енді олар мамандықтар бойынша беріле бастайды. Бұл өзгеріс колледждерге экономиканың жаңа талаптарына жылдам бейімделуге, еңбек нарығының сұраныстарына тез әрекет етуге және мамандарды даярлау аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. «Бұдан былай колледждер лицензиясы бар мамандықтар шеңберінде жаңа біліктіліктерді енгізу үшін күрделі бюрократиялық процестерден өтпейді. Оларға тек материалдық-техникалық базасы мен оқытушылар құрамының тиісті екенін ...

Толығырақ »

Жоғары аудиторлық палата білімге бөлінген 65,6 млрд теңге мақсатсыз жұмсалғанын анықтады

Жоғары аудиторлық палата білімге бөлінген 65,6 млрд теңге мақсатсыз жұмсалғанын анықтады, — деп хабарлайды Tasmedia.kz тілшісі  sadaq.kz ақпарат порталына сілтеме жасап Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Аудит нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткенЖоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды. Талқылауға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат ...

Толығырақ »

Ауыл мектебі оқушыларына тегін оқу мүмкіндігі беріледі

«Мың бала» олимпиадасы: ауыл оқушыларына ерекше мүмкіндік Соңғы бес жыл ішінде ауыл мектептерінің 754 мыңнан астам 6-сынып оқушысы «Мың бала» олимпиадасына қатысып, олардың ішінен 1800-ге жуық бала дарынды балаларға арналған мектептерге тегін қабылданды. Биылғы олимпиадаға қатысу үшін тіркеу 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында өтеді. Олимпиада екі кезеңнен тұрады:  I кезең (1-10 сәуір) — онлайн форматта өтеді. Қатысушылар ...

Толығырақ »

164 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ

164 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ 164 мыңға жуық адам қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,81%-ы қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ-да шекті балды 70,35%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,81 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. Тестке қатысушылардың басым бөлігі ...

Толығырақ »

Алматыда Ғылымдағы әйелдер мен қыздар мерекесіне орай ғылыми конференция өтті

Алматыда Ғылымдағы әйелдер мен қыздар мерекесіне орай ғылыми конференция өтті Бүгін Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орай ғылыми конференция өтті. Іс-шараны QyzPU-дың «Тұрақты даму» және «Ғылым» студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары ұйымдастырды. Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті ...

Толығырақ »

Қазақстан колледждерінің түлектері дрон құрастырады

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. Салтанатты шараға премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, сондай-ақ ірі компаниялардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, колледж студенттері, сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.    Фестиваль қонақтарын қарсы ала отырып, Оқу-ағарту министрі ...

Толығырақ »

Қазақстандағы барлық кәсіптік-техникалық колледждер сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытатын болады

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент білім алуда. Еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет 9-сынып түлектеріне тегін білім алу мүмкіндігін жасауда. Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты. Мемлекеттік ...

Толығырақ »

Мектеп асханасында тышқан жүрген видео желіде тарады

Әлеуметтік желіде мектеп асханасында тышқан жүргені туралы жазба тарап, көпшілік арасында алаңдаушылық тудырған болатын. Осы оқиғаға байланысты Ақсу аудандық білім бөлімі пікір білдірді. Телеграмм арналарында мектеп асханасында тышқан жүргенін түсірген бейнемазмұн тарады. Қызығы, тырс еткен дыбыс естіген тышқан адам жақын барып бейнежазба түсіріп жатқанда қашпайды, бәлкім, қашуға жағдайы жоқ болар. Жетісу облысының Ақсу аудандық білім бөлімі осы жағдайға қатысты пікір ...

Толығырақ »

Алдағы он жылдықта сұраныс артатын мамандықтар

Алдағы он жылда технология мен қоғамның дамуымен қатар, еңбек нарығында да үлкен өзгерістер болады. Әсіресе, автоматтандыру, жасанды интеллект және экологиялық мәселелер жаңа мамандықтарға сұранысты арттырады. Міне, сұраныс артуы мүмкін негізгі салалар мен мамандықтар: 1. Ақпараттық технологиялар (IT) Жасанды интеллект (AI) және машиналық оқыту мамандары Жасанды интеллект көптеген салаларға еніп жатыр. AI инженерлері мен деректер ғалымдары жоғары сұраныста болады. Киберқауіпсіздік мамандары ...

Толығырақ »

Қаңтар ҰБТ-да 142 адам нәтижесі жойылды

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 126 мыңға жуық адам тест тапсырған. Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балл 67 балды құраса, ең жоғары балл – 138, оны Шымкент оқушысы жинаған. 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинады. 78,7%-ы қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, 62 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Талапкерлердің басым бөлігі, 17,8%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырса, 17,2%-ы «Математика-Физика» және ...

Толығырақ »

Биыл БҚО-да 17 жаңа мектептің құрылысы жоспарланып жатыр

Батыс Қазақстан облысының әкімі мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласын дамыту шараларына тоқталды. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп, Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларына сәйкес негізгі міндеттерді белгіледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 4,7%-ке өсіп, 712,9 ...

Толығырақ »