Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қалашығы №43 Б. Момышұлы атындағы орта мектебі, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі
Умбеталиева Ляззат Атарбаевна
«Жабайы аңдар әлеміне саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар туралы ой шақыруды тірек ете отырып, монологиялық әңгімелеу дағдысын қалыптастыру. Сын есімнің шырай түрлерін сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың коммуникативтік дағдысын қалыптастыру. Тыңдаған мәтінге жоспар құра білуге үйрету. Логикалық ой- өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жануарларға қамқор болуға және оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, саяхат, нәтиже.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндірмелі, шығармашылық, іздену, суретпен жұмыс, ойын, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жұмбақтар, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: жануартану, география.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
а/ Кезекшімен диалог.
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Ақпанның нешесі?
- Бүгін ауа райы қандай?
- ——————————
б/ Фонетикалық шынықтыру.
«Ақпан « өлеңін хормен айтып, сабаққа психологиялық дайындық.
/Сыныпқа саяхатшы кіреді. Көзде көзілдірік, қолында үлкен жол сумкасы./
- Сәлеметсіздер ме, Қазақстанның тұрғындары! Мен қазақ елі туралы көп білгім келеді.Сендер мені өз елдеріңмен таныстырасыңдар ма?
- Сәлеметсіз бе , саяхатшы ! Төрлетіңіз.!
в/ Монолог, диалогтық жұмыс.
Ал, балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық.
- Бұнда не бейнеленген? / табиғат көрінісі/. Ендеше, қонағымызды еліміздің табиғаты, жануарлар әлемімен таныстырайық.
- Суретте қандай табиғат көрінісі бар? / тау, жер, су, орман, бұлт/
- Табиғат нешеге бөлінеді? /2- ге/
- Тірі, өлі -дегеніміз не? / тірі- жанды, өлі- жансыз/
- Жаңа сабақ. Балалар, біз модульді аяқтадық, сондықтан бүгін қорытынды , нәтиже сабақ. Модуль бойынша алған білімімізді жинақтап, көрсете білуіміз керек. Сынып 2- ге бөлінген. Топ жетекшілері топтың жұмысын бағалай отырамыз. Мен жұмбақ жасырайын. Шешімі арқылы біз модульдің атауын табамыз.
- 1. «Жұмбақ шешу.» айдары.
а/ Мынау оған керегі, б/ Ит сияқты пішіні,
Балды жақсы көреді. Ұнатпайды ол кісіні
Қыс бойы жылы апанда, / қасқыр/
Ұйықтау- оның өнері.
/аю/
в/ Орманда да далада да, г/ Бұтадан бұтаға секірген,
Жүретін өзі бір қу. Кішкентай ғана шапшаң аң.
Жүрген жері — айқай да шу. / тиін/
/ түлкі/
/ Балалар, жұмбақтың шешімін айтқанда тақтаға аңдардың суреті ілінеді/
- Сонымен аяқталған модуль қалай аталады?
- Жабайы аңдар.
- Бұлар табиғаттың қандай түріне жатады?
- Тірі.
/ Дәптерге бүгінгі күнді жазамыз./
- «Топтық жұмыс» айдары
Бірінші топ Екінші топ
- « Грамматикалық тапсырмалар» айдары . Тақтадағы суреттердің көмегімен сын есімнің шырайларын пысықтаймыз.
— Түлкі қандай?
— сары, қу, айлакер.
— Бұлар қандай сұрақтарға жауап береді?
— Қандай? –қай сөз табының сұрағы?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есімнің неше шырайы бар? / Таблицамен жұмыс/
Жай шырай | Салыстырмалы шырай | Күшейтпелі шырай |
Сары | Сарырақ | Сап –сары |
Ақ | ағырақ | Аппақ |
- « Сандар сөйлейді» айдары бойынша келесі тапсырманың тақырыбын шешеміз.
Бірінші топ
н | ы | а | а | р | т | с |
7 | 3 | 1 | 6 | 2 | 5 | 4 |
Екінші топ
і | к | л | е | к | і | к |
4 | 1 | 5 | 2 | 7 | 6 | 3 |
Жарайсыңдар!
- «Жүгіріп жүріп диктант жазу» әдісі. Әр топқа тақырып таратылады, топ басшылары тақтадан қажетті сөздерді алып мәтін құрастырады, дәптерлеріне жазады.Мұғалім тексереді, топ басшылары бағалап отырады. Бірінші топтың тақырыбы « Арыстан», екінші топтың тақырыбы « Кекілік»
- «Жер, су, ауа» ойыны
Мақсаты: Өтілген сөздерді, дыбыстарды қайталап , пысықтау.
Шарты: Балалар екі топқа бөлінген, бастаушы допты лақтырып жер, су, ауа деген сөздердің біреуін айтады. Егер «Жер» десе , допты ұстаған болса, жерде өсетін өсімдік, жануар немесе т б айтады. Жеңілсе өлең, тақпақ немесе өз өнерін көрсетеді.
- Аудирование .
Мәтінмен жұмыс. «Қазақстандағы жануарлар әлемі»
- Мұғалім мәтінді оқиды.
- Сұрақ – жауап. Топтар бір –біріне сұрақ қояды.
- Мәтінді таратып беремін, 2 оқушы оқиды.
- Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрамыз, дәптерге жазып аламыз.
- Жануарлар әлемі. 2. Қорықтар неге керек? 3. Табиғат- біздің байлығымыз!
- Қоршаған ортаны қорғау күні қашан? / 5- маусым. Бір бала әңгімелейді./
8.«Жабайы аңдар туралы ертегілер әлемі» айдары. / Балалар ертегілер туралы білімдерін көрсетеді, түрлерін анықтайды. Жануарлар туралы ертегіні 2-3 бала мазмұндайды./
- Сабақты бекіту.
- Деңгейі төмен оқушыларға тест тапсырмасын тарату
- Деңгейі жоғары оқушылармен бес жолды өлең құраймыз.
«Аңдар», «Жануарлар» тақырыптары бойынша.
- Үй тапсырмасы : 1. Жоспар бойынша мәтінді мазмұндау.
- Мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу.
- Мәтіннен сын есімдерді теріп жазу.
- Бағалау. Топ басшылары бағалайды.