Басы » NIO.KZ » Қазақстандық 7 жасар бала әлемдік ғылыми жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық 7 жасар бала әлемдік ғылыми жарыста жеңіске жетті

Астанадағы №81 Astana English School халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет «StemCo» халықаралық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медальға ие болды.

Елордалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, 4-сынып оқушысы Зере Ақболат та тамаша өнер көрсетіп, қола медальді қанжығасына байлады.

Жеті жастағы Нұрлан алғашқы онлайн кезеңнен өтіп, Сингапурде өтетін финалдық сайысқа қатысу мүмкіндігін жеңіп алды.

Өткен жылы мектепке алғаш қадам басқан Нұрлан «Математика және ғылым» бағыты бойынша ең көп ұпай жинап, барлық қарсыластарын басып озып, бірінші орынды иеленді. Осылайша ол Қазақстанның атын халықаралық деңгейде танытты.

Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәнінен білім мен біліктілігін дәлелдеп, қола медальға лайық деп танылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *