Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№5 Жалпы орта білім беретін мектеп
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Тлеккабулова Нурганым Бауыржановна
Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі
Білім беру бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі
Мақсаты: «Б» дыбысы мен әрпін қайталату, буындарды оқыту, сөздерді оқыту арқылы балалардың тілдерін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: ойын, сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әріп, буындар, дидактикалық материалдар, жұмбақтар.
Сөздік жұмыс: дыбыстайды.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, қима әріптерден сөздер құрастыру.
Билингвальды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает, дыбыс-звук.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері. | Педагогтің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивация
лық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, Көк аспан! Қайырлы таң, Алтын күн! Қайырлы таң, Жер ана! Қайырлы таң достар! –Балалар, көңіл күйлерің қалай? -Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз ба? -Бүгін аптаның қай күні? -Кеше қандай күн болды, ал, ертеңше? -Жақсы олай болса жақсы көңіл күймен сауат ашу сабағын бастаймыз. |
Балалар, шаттық шеңберін жақсы көңіл күймен орындайды.
– Сұрақтарға толық жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік. |
ІІ .Сұрақ-жауап.
– Дыбыс дегеніміз не? – Әріп дегеніміз не? – Дыбыс нешеге бөлінеді? – Қандай дыбыстар? – Осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық? – Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата? – «Б» дыбысы қандай дыбыс еді? Қызығушылықты ояту. -Балалар, бұл кім деп ойлайсыңдар? – Алдаркөсе кім, ол қайда кездеседі? -Алдаркөсе, бүгін бізге қонаққа келіпті. Бізге көптеген тапсырмалар алып келген екен. Біз оның тапсырмаларын орындай аламызба. Алдар көсенің қолында не бар? -Иә, осы қоржынның бірінші басында асықтар, екінші басында тапсырмалары бар. Сұраққа жауап бергендерге бір-бір асықтан беріп отырады, қай топ көп жинайды сол топ жеңімпаз топ. – Мынау не? -Бақа сөзі неше буыннан тұрады? – Бақа қалай дыбыстайды? Билингвальды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает. -Бақ-бақ еткен бақа қай дыбыстан басталады? -«Б» дыбысын өткен әріп таңбалары арасынан тауып көрсетіңдерші. – -Кәне, бірге «Б» деп қайталайық. «Б» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы. Ерін бір-біріне жабысып тиеді де, дауыс екпінімен «б» дыбысы пайда болады. – «Б» дыбысы созып айтуға келеме. Ұзақ айтылама? – Сондықтан «б» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба? «Б» дыбысын ауада жазып көрейік. -ары қарай алдаркөсенің тапсырмаларын орындаймыз. 1 – тапсырма. Жұмбақ жасыру. ( шешуін тапқан топқа бір-бір асықтан беріледі) 2 – тапсырма. «Б» дыбысынан басталатын сөздер. 3 – тапсырма: Буындарды оқы. 4– тапсырма. Сергіту сәті: 1-топ: Ой қозғау: ұмытшақ суретші 2-топ: Ойын «Қай дыбыстан басталады?» Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке іледі. (бақа, балық, бала) (мысық, машина, т.с) 3-топ: «Кім зерек?» ойыны. Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос. |
естиміз, айтамыз
көреміз,оқимыз, жазамыз екіге дауысты және дауыссыз дыбыстар өткен әріптерді естеріне түсіріп атайды.
Алдаркөсе, ол мултфильмдерде, ертегілерде кездеседі. қоржын.
Бақа екі буын, бақ-бақ деп бақылдайды. Сөздерді қайталайды. «Б» дыбысынан
«Б» дыбысының айтылуын қайталайды.
«Б» дыбысы ұзақ айтылмайды, сол себепті дауыссыз дыбыс. ауада қайталап жазады.
жұмбақ шешуін табуға тырысады.
бор, бақа, т.б Ептеп-ептеп бидай тереміз, Тергеніңді торғайларға берейік. Тойған, торғай томпаң-томпаң секіріп, Ол да, біздей үлкен болып жетілсін.
|
| Рефлексиялық түзетушілік. |
– Балалар, біз қандай дыбысты қайталадық?
– «Б» дыбысы қандай дыбыс? – «Б» дыбысы сөздер арасында қай жерлерде кездеседі? – Балаларды мадақтау. – Жеңімпаз топқа үлкен жұлдызша беріледі. Жақсы жауап берген балаға сары смайлик, орташа жауап берген балаға көк смайлик сыйлау. |
балалар жауабы.
балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: өткен әріп таңбалары арасынан «б» әрпін табуды;
Қандай түсініктерді игерді: дыбыс пен әріптің айырмашылығын;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тапсырмаларды орындайды, дыбыстарды ажыратады.








