EDULIFE.KZ сайтында материал жариялап, ТЕГІН СЕРТИФИКАТ+АЛҒЫС ХАТҚА ие бол!
Қалай ала аламыз?
Жауап: Бірінші тіркелесіз http://edulife.kz/register мына сілтеме арқылы өтіп. (NIO.KZ сайтына тіркелген қолданушы) сол электронды почтасы мен құпия сөзі арқылы кіре алады. 2. Кіру үшін http://edulife.kz/login мына сілтеме арқылы өтесіз.
Сабақты қалай қосамыз. Тіркелгеніңіз бойынша өткен соң мына http://edulife.kz/user/add/lesson-plan сілтемеден өтесіз.
Материал жариялап болған соң Сертификатты жүктеу дегенді басасыз. (сертфикат ақысы 1000 тг деп шықсада тегін жүктей бересіз)

На сайте много полезного
Сайт плезный
Жақсы
сабақ жоспарымызды қалай қосамыз жиберген сабағымыз қосылмай тұр, үлгі жоқ ба?
з материалдан артық қабылдамай тұр
3 материалдан артық қабылдамай тұр
urok
http://edulife.kz/register
edulife.kz
NIO.KZ
сәлеметсіздерме сіздерде балабқша тәрбиешілеріде тіркелсе болама және балабқша тәрбиешілеріне арналған материалдар барма?
Әр мұғалімге керемет мүмкіндік, ізденушілік! Сіздерге көп алғыс!
Сертификат- Алғыс хат
Сабақ жоспарын салу
Физика пәні. 9 -сынып Пән мұғалімі: Шатенова Салтанат Ералиевна Сабақ 22 Күні –
Сабақтың тақырыбы §21. Реактивті қозғалыс. (К.Э. Циолковсийдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының жетістігі)
Мақсат а) Оқушыларды раективті қозғалыстың ашылу тарихы, зымыранның құрылысы және жұмыс істеу принципімен таныстыру. Оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, ғарыш туралы білетін мәліметтерімен бүгінгі алатын білімді байланыстыру.
б) Реактивті қозғалыстың табиғат пен техникадағы маңызы, Ғарышты игеру тарихынан мәліметтер бере отырып,оқушылардың ой-өрісін дамыту. Реактивті қозғалысты сипаттайтын заңдылықты ұғыну.
С) Алған білімді пайдаланып, оқушының деңгейіне орай дайындалған тапсырманы орындап, алған білімді өмірде, практикада қолдана алуға үйрену.
Күтілетін нәтиже Оқушылар білуге тиіс
1. Реактивті қозғалыстың маңызын.
2. Реактивті қозғалыс кезіндегі денелердің алатын жылдамдығын, импульсін есептеу формулаларын пайдаланып қорытынды жасайды.
3. Тақырыпты ашып, формулаларды қолданып, есептер шығара алады.
Сабақтың типі Жаңа сабақ
Тапсырма Топтық жұмыс — зерттеу жұмысы. Мәліметпен бөлісу.
Жеке жұмыс — есептеулер жасай алуы, жұмысты қорытындылау.
Өзара бағалау жасай алуы.
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар: Оқулық, ресурс парақтары, АКТ интернет желісі, бағалау парақтары, есептер жинағы, слайд-презентация.
Әдіс-тәсілдер Диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме, кеңейтілген тапсырмалар, жоғары, төмен дәрежелі сұрақтар,
«Ойлан.Жұптас.Бөліс», «Серпілген сауал»
Пәнаралық байланыс физика, астрономия, ағылшын тілі, география, қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі
(5 мин) Ұйымдастыру (1 мин)
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Сабаққа әзірліктерін тексеру (1 мин)
Сыныпты 3 топқа бөлемін. (түрлі-түсті стикер арқылы)
Үй жұмысы «Серпілген сауал» әдісімен тексеріледі.
(5мин). Мұғаліммен амандасады. Оқушылар сабақ құралдарын тексеріп, орналасады. Сабаққа зер салады.Топтарға бөлінеді. Үйден оқып келген білімді сауалдар арқылы көрсетеді.
Әр оқушы жеке жұмыс жасайды.
Презентация
(8 мин)
Білім тексеру сұрақтары. (серпілген сауал), әр топқа сұрақтар жазылған стикерлерді шашып жіберемін, әр оқушы алған сұрақы қарсы топқа қояды, топтар арасында диалог орнайды. (5 минут)
1.Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?
(тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір –бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады)
2.Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.
(Тұйық жүйедегі өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің қосындысы өзгермейді (сақталады)
3.Дене импульсі дегеніміз не?
(Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама дене импульсі деп аталады.)
4.Күш импульсі дегеніміз не?
(күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады)
5.Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
(Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең)
6.Дене импульсі қандай әріппен белгіленеді?(р)
7.Дене импульсінің ХБЖ-гі өлшем бірлігі?(кг*м/с)
8.Күш импульсінің өлшем бірлігі?(Н*с)
9.Дене импульсі қандай шама?
(векторлық шама)
10.Қатты тебілген футбол добын тоқтату оңай, ал төбешіктен тіпті баяу жылжып келе жатқан автомобильді тоқтату оңайға соқпайды. Не себепті?
(себебі, олардың қозғалыс мөлшері дененің массасы мен жылдамдығына байланысты)
1 кезең. «Ой қозғау»
Жаңа сабақты бастау үшін қойылатын сұрақтар.
– Импульсің сақталу заңы техника мен табиғаттағы кейбір тіршілік иелерінің қозғалысы үшін қажет екен. Ендеше, бүгінгі сабағымызда осы жөнінде білетін боламыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы, реактивті қозғалыс.
«Серпілген сауалды» қағып алып сұрақтарға ойланып жауап береді
Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.
Оқушылар өз бетінше 1 минут уақыт аралығында қойылған сұраққа тез жауап береді.
Жаңа тақырыпты жазады
Негізгі бөлім
(3 мин)
(10 мин)
(2 мин)
(7 мин) Бүгінгі күні, реактивті қозғалыс принципін пайдалану адамның бір кездегі арманы мен қиялы болған тылсым Әлеммен тілдесе бастауына әкелді.
Реактивті қозғалыс принципі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, жердің жасанды серіктерін, планетааралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды. Адам баласының ғырыш кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәрі де қазіргі кезде жүзеге асты. Енді оқушылар толық мәліметті өздерің топта талқылап, келесі топтарға презентациялап түсінік бересіңдер. Ендеше жұмысқа кіресеміз. Топтың ережесін сақтаймыз.
Топтық жұмыс.
2 кезең. «Мағынаны ажырату» (Конверт- сұрақ әдісі)
Сыныптағы 3 топқа мәтіндерді тарату ( Оқушылар флипчартка жазып, постер қорғайды)
І топ. «Зымыран»
Реактивті қозғалыс- импульстің сақталу заңының көрінісі.
ІІ топ. «Байқоңыр»
Ғарышты игеру жетістіктері мен зымыран қозғалысы принципі. Ғарышкерлер.
ІІІ топ. «Ғарышкер»
Зымыранда қолданылатын отын түрі мен көп сатылы зымырандар.
(Әр топ постерлеріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» )
Анықтама: Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.
Массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама – карсы бағытталған (М-m)v2 импульс алады, v2 зымыран қабығының жылдамдығы. Сонда mv1=-(M-m)v2 болады.
Ал бұдан, Мұндағы : -зымыран қабығының жылдамдығы М-m-қабықтың массасы. атылып шыққан газ жылдамдығы.
3-кезең «Реактивті қозғалыс» тақырыбында слайд көрсете отырып жаңа сабақты толтырамын.
1.Реактивті қозғалыс мысалдары.
2.Ғарышты игеру жетістіктері.
3.Тұңғыш жасанды жер серігі біздің еліміздегі ғарыш айлағынан 1957 ж. 4-қазанда ұшырылды.
4. Ғарышты игерудің маңызы.
1. ЖЖС байланыс үшін қолдану. Телефон мен телевизиялық байланыстың жүзеге асырылуы. Яғни, жасанды серіктер Ғарыштық байланысты қамтамассыз етеді. Ғарыш кеңістігіндегі жердің үстінен жүздеген серіктер ұшып жүр. Олардың біреулері радио және телевизиялық байланысты, басқалары Жерге ауа-райы туралы ақпарат жібереді, ал үшіншілерін ғылыми зерттеулер немесе әскери мақсаттарда қолданады. Кейбір серіктер секундына 8 шықырым жылдамдықпен ұшып, ұдайы қозғалыста болады. Ал басқалары Жердің тек бір ауданының үстінде орналасады. Байланыс Жасанды серіктер радио толқындарды жіберу арқылы телеграмма-сообщение, телефонограмма, ұялы телефондармен сөйлесулер жүреді, факстер, интернетке шығуға болады.
2. Жасанды серіктерді теңіз навигациясы мен әскери мақсатта.
3. Метереологияда алдн ала ауа-райын болжау, Использование спутников в метеорологии и атмосферадағы болып жатқан өзгерістерді анықтау үшін.
4. Ғылыми зерттеулер жүргізу, табиғи ресурстарды анықтауда.
5. Ғарышты зерттеу және Күн жүйесіндегі басқа денелердің физикалық табиғатын зерттеуге қолданылады.
5.Қазақ ғарышкерлері.
Қосымша материал: «Сен білесің бе?»
1.Неліктен космодром «Байқоңыр» деп аталған?
1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин қазақ жерінен космос әлеміне ұшып шығып, бірден бірнеше дүркін дүниежүзілік рекордтар жасады. Сол күні халықаралық авиация және космонавтика ұйымдары Гагариннің рекордтарын ресми тіркеу үшін нақты қай жерден ұшып шыққанын айтыңыздар деп талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Төретам станциясынан ұшқанын білдірмеу үшін, сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр елді- мекені айтылды. Тұңғыш ғарышкер ұшып шыққан жер «Байқоңыр» деп аталып, қазақ сөзі әлемге тарап кетті.
2.Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ ғарышкері?
Т. Мұсабаев. 1994 ж. 126 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998 ж. Орбитада 7 ай бойы жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғиығымен бетпе-бет өткізді.
3-кезең. Оқулықпен жұмыс.
1. С-деңгей.
18-жаттығу. («Есептей білгеннің есесі түгел»)
Әр топқа карточкамен есептер беру
2) В-деңгей. 5 жол өлең (Синквейн әдісі)
1. Зат есім. Ғарышкер
2. Анықтауыш. Батырсың, төзімдісің
3. Етістік .Қызығасың, зерттейсің, ұшасың
4. Сөз тіркесі. Ғарышқа мәңгі жол ашқан
5. Синоним. Адам
3)А-деңгей. (кесте толтырады)
Сәйкестендір:
Физикалық шама Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Дене импульсі
Күш импульсі
Жылдамдық
Дене массасы
Топпен бірігіп жұмыстың.
Оқушылар тыңдайды,
Оқушылар топ болып схемасы бойынша тізбек құрады, тәжірибенің барысын не көргенін ой елегінен өткізіп бір бірлерімен жұптасып диалог құрады, сосын талдайды
1)Дәптерге жаңа мәліметтерді жазып алады.
2)Әр топ берілген мәтінмен танысып, постер құрады.
3)Әр топ мүшелері постермен таныстырады.
4)2 ұсыныс пен жұлдыздарын айтады.
5)Бір-бірін қол шапалақтап, қолдап отырады.
Жаңа тақырыптан алған білімді толықтыру үшін, тақтаға шығып есептер шығарады.
Импульстің сақталу заңын пайдаланып есептер шығарады, әр оқушы жеке жұмыстанады.
С, В деңгей оқушылары есептерді шығарады.
А деңгейдегі оқушы ізденіп, кестені толтырады ,дәптерге жазады
Сабақты қорытындылау
(10 мин)
Бекіту – ( 5 мин). Оқушылардың алдына қойған мақсатының орындалғанын сұрау.
1. Зымыран қалай қозғалады?
2. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
3. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?
4. Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
5. Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?
Сабақ бойынша рефлексия (3 мин)
1. Өз алдыңа қандай мақсат қойдың?
2. Ол мақсатың орындалдыма?
3. Өз жұмыстарыңды бағалаңдар.
Ал жасаған жұмыстарыңыздың бағасын, дәптерлеріңді тексеріп болғасын қоямын.
Бағалау. Өзара бағалау жасатамын, Формативті, суммативті бағалаймын.
Ү/т (2 мин) § 21, 18-жаттығу.
«Менің қиялымдағы ғарыш» тақырыбында эссе жазу
Рахмет. Сабақ аяқталды.
Мұғалімнің сұрағына жауап береді, өзара бір-біріне сұрақ қояды
Рефлексия парағын толтырады.
Үй тапсырмасын жазып алады.
Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін
Мақсаты: « Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері:
мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Кіріспе
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т. б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз – өзіне “Мен кіммен?” “Осы өмірдегі менің орным қандай”, “Қалай өмір сүремін?” деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.
Дәйексөз
«Бәрінен күшті адам –
өзіне – өзі сенетін адам.»
«Білім – бақтың жібермейтін
қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің
азығы.»
( М. Әуезов)
Мамандық таңдауда қойылатын талаптар:
белсенділік
әлеуметтік жауапкершілік
жоғарғы ой – өріс
терең білімділік
кәсіби сауаттылық
Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер:
мамандыққа бағыт – бағдар берушілерге ауып кету;
бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру;
достарынан қалмау үшін мамандық таңдау;
мектептегі таңдаған пәннің мамандыққа сәйкес келмеуі;
өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу
Әңгімелесу
1) Егер сенің таңдаған оқуыңа түсуіңе ата – анаң келіспесе не істейсің?
2) Егер сен таңдаған мамандығың бойынша оқуға барып, бірақ қажетті балл жинай алмай, оқуға түсе алмай қалсаң не істейсің?
3) Оқуға түскен соң оқуың ұнамай қалса не істейсің?
4) Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
5) Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалу керек деп ойлайсыз?
6) Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
7) Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
8) Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
9) Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
Тапсырма
Ең тәтті көп мамандық
Ең жауапты көп мамандық
Ең жасыл көп мамандық
Ең спортты көп мамандық
Ең күлкілі көп мамандық
Ең ақшалы көп мамандық
Мамандықтар бойынша суреттер слайд арқылы көрсетіледі.
“Әріпті мамандық” сайысы
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Әр командадан бір оқушы шығады, үлестірмені алады. Тапсырманы орындауға 1 минут беріледі.
“А” әрпінен басталатын мамандық.
“С” әрпінен басталатын мамандық.
“М” әрпінен басталатын мамандық.
Қорытынды: “Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады”
Дөңгелек устел
Тақырыбы: Бағдарлы жұмыс жүйесі немесе оған енгізілетін өзгерістер
Өткізген: Шатенова С –
бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасар
2016-2017 оқу жылы
Мақсаты: Кәсіптік бағдар беруді дамыту
Көрнекі құралдар: слайд, қанатты сөздер.
Өткізілу формасы: дөңгелек стол
Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын – жаттығу.
Барысы: 1. Баяндама «Бейінді оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы –
нәтижеге бағытталған білім беру »
2.Талқылауға ұсынылатын сұрақтар.
3.Қортындылау.
1. «Бейінді оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы –
нәтижеге бағытталған білім беру » баяндамашы С.Шатенова- бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасар.
“Бағдарлы оқыту білім алушылардың қызығушылығы,
бейімділігі мен қабілетіне сәйкес, оқытуды саралап
және даралап ұйымдастыру процесі”
ҚР “Білім туралы” Заңынан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес 2006 – 2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сатысына бағдарлы оқыту енгізілді.
Ауыл мектептерінің жоғары сыныптарында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан мектептегі білім беру мен тәрбие үдерісіне әсер ететін нақты жағдайларды ескермей, ұтымды бағдарлы оқыту моделін жүзеге асыру мүмкін емес.
Республикада 12 жылдық білім беру моделіне өту жоспарланып отырғанда, ауыл мектептеріндегі бағдарлы оқыту мақсаттары ауылдық жерлердің экономикалық және әлеуметтік дамуының әлеуметтік міндеттеріне қатысты нақтылануы тиіс.
Білім сапасы – білім алушылардың мемлекеттік стандарттың деңгейін төменнен жоғары қарай меңгеруімен анықталады.
Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін мекеме, ең әуелі, бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдай үшін неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп, нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:
1) Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі;
2) Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі;
– Ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру;
– Әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру.
Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды.
Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп, бағдарлы оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бір бағдарлы немесе көп бағдарлы болуы мүмкін.
Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану – математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Әр бағдардың ішінде білім салалары бойынша бір немесе бірнеше мамандану бағыттары болуы мүмкін, мысалы, жаратылыстаны – математикалық бағдарда: химия – биологиялық, биология – географиялық, физика – математикалық және т.б.
Көп бағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану – математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.
Мектептің бағдарлау үлгісін таңдау кезінде мыналар ескерілуі қажет:
– Оқушылар мен ата – аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша жоғары деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы;
– Таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарына білімін жалғастыруға талпынысы;
– Мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі;
– Жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі;
– Сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі;
– Бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы;
– Мектептің материалдық – техникалық базасы
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің қай-қайсысының да артықшылығымен қатар кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығы мыналар:
– Мектептегі педагогикалық ұжымның бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы;
– Берілген бағдар бойынша материалдық – техникалық қорларды шоғырландыру;
– Мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Ал, кемшіліктері ретінде мыналарды атауға болады:
– Оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі олардың мектеп бітіргеннен кейін нақты оқу орнынан түсуге бағдарларының әр түрлі болуы;
– Біркомплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы;
– Оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей, оларды біржақты дайындау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіру.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығы мыналарды жатқызуға болады:
– Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен мен сұраныстары ескеріледі;
– Тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;
– Оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады.
Ал, кемшіліктеріне келетін болсақ, олар төмендегідей:
– Оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі мүмкін;
– Оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады;
– Қаржыландыруда түрлі қиындықтар кездеседі.
Сонымен қатар бағдарлы оқытуды ұйымдастыру жұмыстары: оқушы, ата-ана, психолог, сынып жетекшісі мен курс жетекшісінің бірлескен жұмыстары арқылы да іске асырылады.
2. Сұрақтар:
1. Бастауыш сатыдағы бейіналды даярлық жұмыстары қалай жүзеге асырылады?
2. Негізгі сатыдағы бейіналды даярлық жұмыстары қалай жүзеге асырылады?
Талқылау:
Бейіналды даярлық жұмыстарын екі кезеңде ұйымдастыруға болады.
І кезең: Жасөспірімдерді мамандықтар әлемімен және әр мамандықтың адамға қояр талаптарымен таныстыру.
ІІ кезең: Бейіндік бағдарды анықтау, мұндағы басты мақсат түрлі қызмет саласындағы тұлғаның қызығушылығы мен қажеттілігін, бейімін анықтау
Жоғары сатыдағы бағдарлы жұмыстар
Бағдарлы білім беруде ұстаз тұлғасының рөлі ерекше. Тәжірибелі ұстаздарымыз оқушыларға жүйеленіп, өңделген материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырып отырады.
Мектепке өз пәнін дәріптей білетін, тәжірибелі және шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандар жинақталған. Ұстаздарымыздың негізгі жұмыстарының бірі дарынды оқушыларды анықтап, олардың белгілі бір пән бойынша қабілеттілігін дәл тауып, бағыт-бағдар беріп, жұмыстарын белгілі бір ғылыми жолға қою болып табылады. Осы ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында оқушыларымыз бейімделген пәндерден аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми конференциялардың жүлдегерлері болуда.
Қортындылау:
Бағдарлы оқытуды енгізуге байланысты мектеп құрылымында, білім беру мазмұнында, оқу процесін ұйымдастыру деңгейлерінде жүзеге асырылатын барлық өзгерістер оқушының жеке тұлғасын олардың талап – тілектері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес жан – жақты дамыту үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс.
I-тоқсандық бақылау жұмысы
Физика және астрономия 9-сынып
Тақырыптар: Қозғалыс және денелердің өзара әсерлесуі.
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.
Б.Б.Д: Оқушылар механикалық қозғалыс салыстырмалылығы, жол және орын
ауыстыру, жылдамдық, күш, период, жиілігі сияқты ұғымдардың фи-
зикалық мағынасын түсінуі, бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ке-
зіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын есептеуге арналған
формулаларды қолдануы, Ньютон заңдарының әсерін көрнекі түрде
көрсете алуы тиіс.
I- нұсқа
I. 1. Қандай қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады ?
2. Векторлық шамаларға мысалдар келтіріңдер
3. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының анықтамасын беріңдер.
4. Үдеу дегеніміз не?
5. Ньютонның II- заңын тұжырымдаңдар.
II. Массасы 5 кг дененің 15 м/с үдеумен вертикаль құлауы үшін оған
қандай күш әсер етуі керек?
III. Жеңіл автомобильдің массасы 2 т, ал жүк автомобилінікі 8 т. Жүк автомобилінің тарту күші жеңіл автомобильдікінен 2 есе артық, олардың үдеуле
рін салыстырыңдар.
II- нұсқа
I. 1. Материялық нүкте деген не?
2. Векторлық шамалар қалай қосылады?
3. Бірқалыпты қозғалыстағы орын ауыстырудың формуласы.
4. Центрге тартқыш үдеудің формуласын жаз.
5. Ньютонның III- заңын тұжырымдаңдар
II. Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.
III. Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с үдеу береді, Тарту күшін 60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді?
Бағалау параметрі:
• I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
• I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
• I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
II-тоқсандық бақылау жұмысы
Физика және астрономия 9-сынып
Тақырыбы: Сақталу заңдары. Тербелістер. Математикалық және серіппелі маятник-
Тердің тербелістері.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда
қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
Б.Б.Д: Оқушылар импульс, серіппелі және математикалық маятник тербеліс пе-
риоды формулаларын білуі тиіс, кинетикалық энергия мен импульстің фор-
муласын, потенциалдық энергия мен серпімділік күшін байланыстыра алуы
тиіс, импульстің сақталу заңын қолдана алуы тиіс.
I- нұсқа
I . Дененің импульсі 10 кг•м/с, ал кинетикалық энергиясы 20 Дж. Дененің
жылдамдығын тап.
II. Бірінші дененің массасы екіншісінікінен 3 есе көп, ал жылдамдығы 3 есе аз.
Олардың киентикалық энергияларын салыстыр.
III. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды 0,2 с, ал серіппенің қатаңдығы 200 Н/м
болса, серіппедегі жүктің массасын тап.
II- нұсқа
I. 1,5 м/с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан массасы 20 т вагон жолында
тұрған массасы 10 т платформаға соғылып тіркеседі. Ары қарай, олар қандай
жылдамдықпен қозғалады?
II Серіппені 3 см-ге жиыру үшін 20 Н күш жұмсалған. Сығылған серіппенің
потенциалдық энергиясын тап.
III. Бірдей уақыт ішінде маятниктердің біреуі 30, ал екіншісі 36 тербеліс жасайтын
болса, олардың периодтарын салыстыр.
Бағалау параметрі:
• I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
• I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
• I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
III-тоқсандық бақылау жұмысы
Физика және астрономия 9-сынып
Тақырыбы: Толқындар. Атомдық құбылыстар
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда
қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
Б.Б.Д: Оқушылар толқын ұзындығы, жиілігі периоды формулаларын, квант энер-
гиясы формуласын, фотоэффектінің негізгі теңдеуін білуі тиіс. Электромаг-
ниттік тербеліс теңдеуін пайдалана алуы тиіс.
I- нұсқа
I.Тербелмелі контур индуктивтілігі 0,6 мГн болатын катушкадан және
сыйымдылығы 50 пФ болатын конденсатордан тұрады. Контур шығаратын
электромагниттік толқынның ұзындығы неге тең?
II. Сәуле шығаруда толқын ұзындығы 1 нм сәйкес болу үшін, рентген түтікшесіне
түсетін кернеуді тап.
III. м толқын ұзындығында жұмыс істейтін лазердің жарық шоғының куаты
0,1 Вт. Лазердің 1 секундта шығаратын фотондарының санын тап.
II- нұсқа
I. Тербелмелі контур ауада ұзындығы 150 м болатын электромагниттік толқын
шығарады. Егер контурдың индуктивтілігі 0,25 мГн болса, онда контурдағы
конденсатордың сыйымдылығы неге тең?
II Қызыл түсті сәуле толқын ұзыдығы 0,7•10 м үшін фотон массасын тап.
III. Толқын ұзындығы 3•10 м шыққан жарық затқа түседі, ол зат үшін
фотоэффектінің қызыл шекарасы 4,3•10 Гц. Фотоэлектрондардың
кинетикалық энергиясы неге тең?
Бағалау параметрі:
• I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
• I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
• I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
IY-тоқсандық бақылау жұмысы
Физика және астрономия 9-сынып
Тақырыбы: Кинематика негіздері. Динамика негіздері. Атомдық құбылыстар
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда
қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
Б.Б.Д: Оқушылар айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, дене импульсі,толқын,
жиілігі периоды формулаларын, квант энергиясы формуласын, фотоэф-
фектінің негізгі теңдеуін білуі тиіс. Радиоактивті ыдырау заңын қолдана
алуы тиіс.
I- нұсқа
I. Дененің импульсі 8 кг м/с, ал кинетикалық энергиясы 16 Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.
II. Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің
қандай мәнін шығарып алды?
III. Фотондардың энергиясы : 4140 эВ, 2,07 эВ-қа тең. Олардың толқын ұзындықтары
қандай?
IY. Катоды цезийден жасалған вакуумді фотоэлементке 2 В жапқыш кернеуі түсірілген.
Жарық катодына түсетін толқын ұзындығы қандай болған кезде фототок пайда
болады? (Аш=2,9*10-19 Дж)
II- нұсқа
I Массасы 1000 т поезд түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа
дейін арттырды. Импульс өзгерісін тап.
II. Рояльдің жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары
ұзындықтарының диапазондарын табыңдар.
III. Спектрдің көрінетін бөлігіндегі ең ұзын нм және ең қысқы нм
толқындарға сәйкес фотондардың энергиясын анықта.
IY. Егер фототок жапқыш кернеуі 0,8 В болған кезде тоқтаса, онда фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы қанша? (m=9,1*10-31)
Бағалау параметрі:
• I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
• I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
• I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
Түсінік хат
Физика пәнінен 7-9 кластарға арналған бақылау жұмыстары базистік оқу жоспарына сәйкес жасалынды. Бақылау жұмыстары деңгейлік тапсырмалардан құралған. Бақылау жұмыстарына 45 минут беріледі. Бақылау жұмыстары нолдік, тоқсандық, жылдық бақылау жұмыстарын қамтиды.
Бағалау параметрі:
• I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
• I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
• I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды бағалау
I деңгей
Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер, т.с.с. түсін өзгертпей естігенін жатқа айтып беруге арналған қарапайым тапсырмалар. Оларға оқушылардың барлығы міндетті түрде жазбаша жауап береді, барлығы 5 ұпай жинап, “зачет” алады.
II деңгей
Бұл тапсырмалар оқушылардың I деңгейден алған білімдеріне негізделіп құралады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі толық “4” деген бағаға сәйкес келеді деп қарастырылады.
III деңгей
Оқушы жаңа тақырып бойынша негізгі ойды қорытып, өз пікірін айта алатындай бір ғана тапсырма болуы тиіс. Дұрыс жауап бере алған оқушы I, II- деңгейлерден жиған 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып, 30 ұпай жинайды. Ол дәстүрлі оқытудағы “5”бағасына сәйкес келеді.