№15 ЖББ ОМ
Копеев Айдар Сейтович
Сыныбы: 9
Пәні:физика
| Сабақтың аты | § 8 Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар |
| Сілтеме | Жоспар |
| Жалпы мақсаты |
Ø Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар жайлы мағлұмат беру
Ø Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету Ø Өзін-өзі бағалауға баулу |
| Күтілетін нәтиже |
Ø Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар жайлы мағлұмат алады
Ø Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді Ø Өзін-өзі бағалай алатын болады |
| Негізгі идеялар |
Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.
Айналу периоды секундпен өлшенеді. Айналу жиілігі Гц-пен өлшенеді Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Өлшем бірлігі
|
| Тапсырмалар | Топтық жұмыс «Жигсо» |
| Тапсырмалар | Жұптық жұмыс «Пилот — Штурман» |
| Тапсырмалар | Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
- Траектория неше түрге бөлінеді?
- Қисық сызықты қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Машина доңғалағының траекториясы қандай қозғалысқа жатады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Жылдамдық дегеніміз не?
- Жылдамдықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Бұрыштық жылдамдық дегенді қалай түсінесіңдер?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
| № | Бағалау өлшемдері |
Көш
басшы |
Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы |
| 1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | ||||
| 2 | Міндетін атқару | ||||
| 3 | Топтық жұмысқа атсалысуы |
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот — Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген суретті түсіндіру, яғни штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.
1) 2)
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
| 1 | Білу | Сызықтық және бұрыштық жылдамдық дегеніміз не? | |
| 2 | Түсіну | Сызықтық және бұрыштық жылдамдық формуласын жаз? | |
| 3 | Қолдану | Велосипед доңғалығының радиусы 40 см. Айналу периоды 4с. Доңғалақтың айналу кезінде сызықтық жылдамдығы неге тең болды? | |
| 4 | Талдау | Сызықтық және бұрыштық жылдамдықды салыстыр? | |
| 5 | Жинақтау |
Машина доңғалағының жүрісіндегі сызықтық және бұрыштық жылдамдықты сипаттап бер?
|
|
| 6 | Бағалау | Дене қозғалысындағы сызықтық және бұрыштық жылдамдықтың маңыздылығы қаншама? |
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
| Кейінгі тапсырмалар | №58 |
| Кейінгі оқу | §8 Сызықтық және бұрыштық жылдамдық |
[bws_related_posts]
sabaq.kz sabaq.kz