Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім
беретін қазақ гимназия мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Тусупбекова Шынаргуль Корашовна
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Күз»
Сынып : 4 «Б» сынып
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай Құнанбаев «Күз атты мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта білу қабілетіне, көркем сөйлеу тілдерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Айнала қоршаған орта деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Ресурстар: суреттер, флипчарт, фломастер ,маркер ,интербелсенді тақта.
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау , топтастыру, СТО
Оқыту нәтижесі: Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтеді. «Күз» өлеңінің идеясын табу.
Сілтеме: 4- сыныптың әдебиеттік оқу оқулығы.Авторлары: З.Муфтибекова, К.Алтаева.
| Сабақ кезеңдері |
Уақыт
Модуль |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
| I.Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин
ОЖТ |
Сынып оқушыларын шеңберге тұрғызады.Қазір мына гүлді бір-бірімізге ұсына отырып, мақтау айтып,жақсы тілек жолдаймыз.
Оқушыларды жыл мезгілінің суреттерінің қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөліп отырғызады. |
Мысалы мен:
Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Жүзіңнен күлкі кетпесін.Достарың көп болсын.
Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. |
| II.Қызығушылығты ояту |
5 мин
АКТ ЖЕСО ОЖТ Білу Түсіну |
«Күз» мезгілі туралы бейнеролик көрсету.
Тапсырмалар: 1.Бұл қай мезгіл 2.Табиғатта қандай өзгерістер болды. 3.Адамдардың ,жануарлардың қандай іс-әрекеттер жасап жатыр? 4.Адамдардың көңіл-күйлері қандай? 5.Бізде қазір қандай жыл мезгілі? 6.Ауа-райында ұқсастық бар ма? Кім қандай ойда отыр. |
Бейнероликті мұқият қарау.
Оқушылар жеке ,жұбымен ,тобымен бейнеролик туралы ойларымен бөліседі. |
| III.Жаңа білімді игерту |
15 мин
АКТ Қолдану
Талдау ТжДБО ОБжК |
Сендер күз мезгілін осылайша суреттейді екесіңдер? Ал енді Абай атамыз қалай суреттейді екен.
Топтастыру арқылы Абай Құнанбаев туралы білетіндерін еске түсіру.
Мәнерлеп оқыту, минутын өткізу.
Өздік жұмыс беру
|
Өлеңді күзгі табиғатты көз алдына елестете отырып оқыту. 1.Өлеңді қара сөзге айналдырып,әңгіме құрастыру. 2.Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау. Өлеңнің тақырыбы: Кейіпкерлер: Өлеңнің құрылысы: А/ Буын саны: Ә/ Бунақ саны: Б/ Тарсмақ саны: В/ Шумақ саны: Г/Ұқас түрі: Көркемдік ерекшелігі
|
| IY.Сергіту сәті | 3 мин | Ырғақты музыкамен би | |
| Y.Шығармашылық тапсырма |
5 мин
Жинақтау СТО |
1 топ. Күз мезгіліне сурет салу.
2 топ: Күз мезгіліне байланысты шағын мәтін құрастыру. |
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды.Жұмыстарын қорғайды. |
| YI.Үйге тапсырма | Абай Құнанбаевтың «Күз» атты өлеңін жаттау. Абайдың табиғатқа байланысты өлеңдерін мәнерлеп оқу | ||
| YII.Рефлексия | 5 мин |
Не білдім?
Не білгім келеді? Нені түсіне алмадым? |
Оқушылар стикер толтырады. |
| YIII. Бағалау |
5 мин
Бағалау О.ү.б.О.Б |
Оқушылар өзі ,жұбын ,тобын бағалайды. |
sabaq.kz sabaq.kz