БҚО, Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылы
Жамбыл орта жалпы білім беретін
мектеп — балабақшасы
Айнагүл Ысқақова
М. Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан МУ колледжінің студенті
Сабақтың мақсаты : «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Дербес компьютерде қапшық, файл құру, обьектілермен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық, сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, тесттер, таратпа материалдар.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану бағытындағы пәндер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Информатика» 7-сынып. Н. Ермеков, Н.Стифутина
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Файлдарды» сақтауды, «Қапшықтар» мен «Таңбашалар» құруды, «Себет» ұғымдарымен, файл, қапшық құрылымын меңгерту. Ал, енді бұны бастамас бұрын үй тапсырмасын қайталайық.
II. Өткенді пысықтау.
- Ауызша сұрақтар:
- Терезе дегеніміз не? Неше түрі бар?
- Windows қандай ож?
- Жұмыс столы дегеніміз не?
- Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңыздар?
- Компьютердің енгізу құрылғылары?
- Компьютердің шығару құрылғылары?
- Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар.
| 1 | Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы | А | Ақпарат | ||||
| 2 | Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ | В | Жұмыс аймағы | ||||
| 3 | Бұл – объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы | С | Терезе | ||||
| 4 | Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан | Д | Интерфейс | ||||
| 5 | Адам мен компьютер арасындағы байланыс | Е | Сканер | ||||
| Жауабы: | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| Е | С | В | А | Д | |||
- Дұрыс жауапты тауып, жауабы өрісіне сәйкес жауапты тышқан нұсқағышы арқылы апарып қойыңыз.
- «… – компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдаоламалар жүйесі»
a) ОЖ*
b) Интерфейс
c) Драйвер
d) Терезе
e) Объект
| Жауабы: | ОЖ |
- «…европалықтар «Абак», қытайлықтар «Суанпан», жапондықтар «Серобян» деп атаған алғашқы құрылғы
a) Аналитикалық машина
b) Есепшот
c) Паскаль машинасы
d) Арифмометр
e) Дербес компьютер
| Жауабы: |
Есепшот
|
III. Жаңа сабақ
1. Сен Windows-тың қандай объектілерін білесің?
|
Windows объектілері |
|
|
Негізгі |
Арнайы |
|
|
Cабақты көшіріңіз
sabaq.kz sabaq.kz
ЖАРАЙСЫН!!!