Басы » Баяндамалар » Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру

Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру

Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы

Дүр Оңғар ауылы,

№ 107 орта мектептің

математика – информатика

пәні мұғалімі

Қарақұлова Айсұлу Нұғыманқызы

«Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және Ұстаз беделін арттыру»

 

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек                 демекші баланың ыстық суығына күймеитін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана ұстаз жоқ шығар .Ұстазға ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан ұстазда, ата-анада баланың әдепті, білімді болып өсуін армандайды. Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашысы адам. «Бала әр ата-ананың болашағы. «Ол –оның өмірінің жалғасы» деген елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі бекер айтпаған болар.

«Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы ана,-жақсы құрбы жақсы ұстаздан басталады»-деп Абай атамыз айтпақшы, ертеңгі жас ұрпақтың өрелі боп өсуі жақсы ана, жақсы атамен қатар жақсы ұстазға да тікелей байланысты. Ел болашағын жарқын етер саналы ұрпақ тәрбиелеу міндетім дейтін әрбір ұстаздың талмай ізденері хақ.

Бала тәрбиесі –мәнгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үрдіс. Тіпті ол соғып тұрған жүрегің сияқты. Қоғамымыздың ертеңгі болашағы бүгінгі жасұрпақ. Әр халық озінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үйретіп отырған. Бала-жанұя тәрбиесінің айнасы. Отбасы қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан оны нығайту, тәрбиелік мәнін арттыру, сол қоғамның басты назарында болуы керек . барлық өнеге отбасынан тарайды. Әр отбасы кішкене   тәрбие мектебі болуы тиіс. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Отбасы тәрбие тірегі қай халық болсада үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп артына ұрпақ қалдыруды көздеген.

Құрметті ата-аналар «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтпақшы еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты .   Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйген азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде

Өнерімен қуантады түбінде

Бала нені білсе жастан ұядан

Өле-өлгенше соны таныр қиядан

Өнер-білім берем десең басынан

Бер оқуға балаларды жасынан

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы –жаман болса бала солардан.-деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы , ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.

Адам күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтанда мына жайттарды есімізге ұстайық «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» -деп ата-бабамыз айтқандай бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз7

Мектеп-ел дамуынының қайнар бұлағы. Әрбір бала мектеп партасында отырып келешек ел тізгінін ұстайтын азамат ретінде қалыптасады. Олай болса, ұлттық тәрбиден нәр алған жастарымыз терең білімді, кемелденген келешегіміздің белсенді де ұлтжанды патриотты азаматы атанып, еліміздің жахандану кезеңінде игілікті істерге қол жеткізер толыққанды тұлға болуға тиіс.

Ендеше бүгінгі таңда білім саласының алдында тұрған басты міндет-бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу және өркениетке сай өмір сүре білуге тәрбиелеу

Болашақта елге иелік ететін ұрпақтың әрбір тәлімгер ұстазды алаңдатары заңды нәрсе. Әрбір ұстаз, әрбір сөйлеген сөзінде, басқан қадамында бала бойында рухани негіз қалыптастыра білсе, көңілінде адамгершілік сезім ұялата білсе, ұстазға одан артық не бақыт бар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *