Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №4 гимназия орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Алмагуль Баймухамедова
Орыс сыныптарындағы қазақ тілінен қысқамерзімді жоспар 7-сынып
Тақырыбы: «Жаз мезгілі — демалуға қолайлы кез»
|
Пәннің аты:
Қазақ тілі |
Сыныбы:
7-сынып |
Күні: | Мұғалім: |
| Сабақтың тақырыбы |
Жаз мезгілі — демалуға қолайлы кез
Оқушылардың сөздік қоры молаяды, ойын жүйелеп жеткізе білуге үйренеді.Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, жазуға үйренеді. Жыл мезгілдері туралы түсінігі дамиды |
||
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже |
|||
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
| Психологиялық ахуал |
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз |
Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
|
Топқа бөлу
|
Оқушылар таңдаған жидектеріне сәйкес топқа бөлініп отырады | ||
| АКТ | «Қазақстанның демалыс орындары» бейнеролигін көрсетеді. | Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Өлкеміздің тамаша демалыс орындары туралы пікір бөліседі | |
| Жұппен жұмыс |
Ø Сен жазғы демалысты қалай өткіздің?
Ø Жазғы демалысыңды кімдермен өткізгің келеді? Ø Келесі жылы қайда демалуды жоспарлап жүрсің? |
Өзара сұхбаттасып,ой бөліседі. | |
| Топпен жұмыс | Тақырыпқа байланысты ашық, жабық сұрақтар қояды | Сұрақтарға жауап беріп, топта талқылайды | |
| Сергіту сәті | «Халықтар» биі | Би билеп,бой сергітеді. | |
| Жаңа сабақ |
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс Әр топқа оқулық бойынша тапсырмаларды бөліп беру |
Жазба жұмысын орындайды,оқып, ортаға салады. | |
| Постер қорғау | «Жазда біздің өлкемізде демалуды жоспарлау» тақырыбына жарнама жасауға жетелейді. | Еліміздің тамаша демалыс орындарында демалуға болатынын жоспарлау туралы жарнама жасайды. | |
| Үйге тапсырма | «Біз отбасымызбен қайда демаламыз? Тақырыбына эссе жазу | Күнделіктеріне үй жұмысын белгілеп алады. | |
| Кері байланыс (смайликтер арқылы бағалау) |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады | |
sabaq.kz sabaq.kz