Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені
Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның
ІІ (негізгі) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Бабаханова Гульден
ШЕБЕРЛІК КЛАСТЫҢ ЖОСПАРЫ
| Тақырып: | Дарынды және талантты балаларды қалай анықтауға болады? |
| Мақсаты: | Мұғалімнің дарынды талантты балалармен жұмыс туралы пікірлерін өзектілендіру. |
| Міндеттері: | Мұғалімге дарынды, талантты оқушымен жүргізілетін жұмыстар туралы түсінік бере отырып, оқушының дарындылық, шығармашылық қабілетін дамыту, тәжірибеде қолдану тиімділігін көрсету |
| Күтілетін нәтиже: |
Мұғалім:
-оқушыларды оқу үрдісі барысында бақылау арқылы сыныбындағы дарынды талантты балаларды анықтай біледі; -талантты дарынды балалармен тиімді жұмыс ұйымдастыру стратегияларын меңгереді; -талантты дарынды балаларды анықтау, қолдауда ата-аналарды қатыстырудың жолдарын табады; — оқу процесінде балаларды бақылау арқылы олардың дарындылықтарын айқындай біледі; — дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгереді. |
| Мақсатты тыңдаушылар: | Семинарға қатысушылар |
| Әдістер: | Ой қозғау, топтастыру, диалог, АКТ қолдану, топтық, жұптық жұмыстар |
| Негізгі идея |
1. Топта ынтамақтастықта жұмыс жасай білу.
2.Дарынды, талантты оқушы туралы өз ойларын ортаға салу. 3.Оқушының дарындылық, шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдарының бағыт-бағдарын айқындау. |
| Ресурстар: |
Презентация PowerPoint «Самые умные дети в мире»
Презентация PowerPoint «Одаренные и талантливые дети» Сауалнама, плакаттар, флипчарт, стикерлер |
| Қосымша әдебиеттер: | Мұғалімдірге арналған нұсқаулық І деңгей |
ШЕБЕРЛІК КЛАСТЫҢ БАРЫСЫ:
| Жұмыстың кезеңдері | Мазмұны | Қатысушылардың іс-әрекеті |
|
Сергіту сәті «Кездесу»
Міндеті: Шебер сыныптың қатысушыларымен танысу 3 мин |
Қатысушылар бір-бірімен танысып, өзі туралы сипаттайды | Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзін таныстырады. Мысалы,«Ақылды Айгүл», «Гүлденген Гүлайман», «Құнды Құндыз» |
|
Топқа бөлу
Міндеті: тиімді жұмыс жасауға жағдай жасау 3 мин |
Жұлдыздардың
түстеріне қарай 3 топқа бөлінеді. |
Қатысушыларды түрлі-түсті жұлдыздар арқылы 3 топқа бөлемін.
Топ мүшелерін таныстыруларын және өз топтарының атын қоюға ұсыныс білдіремін. |
|
Топта жұмыс
Жинақтау әдісі 5 мин |
Берілген пақшалардан шеңбер құрастыру
І топ – талантты балалардың сипаттамасы ІІ топ – дарынды балалардың сипаттамасы |
Парақшаларын постерға желім арқылы жабыстырады, қорғайды |
|
Рефлексия
3 мин |
Жеке параққа глоссарий беріледі, терминдермен жұмыс | Берілген тізімнен дарынды және талантты балаларға тән қасиеттерді белгілейді, атайды |
|
Тақырыпты өрбіту мақсатындағы презентация:«Әлемдегі ең ақылды балалар»
10 мин |
«Бұл қандай балалар?», «Бұлар талантты ма, әлде дарынды балалар ма?» деген сұрақтар бойынша талдау жасауға шақырылады | Қатысушылар талдау жасап, өз пікірлерін ортаға салады. |
|
Рефлексия
«Миға шабуыл» 2 мин |
Қандай қорытынды шығаруға болады? | Жеке дербес жауаптар |
|
Тапсырмалар
6 мин |
Стратегиялар мен жұмыс формалары туралы дарынды балаларды оқытудың біздің жалпы білім беру мектептеріне лайықты негізгі жұмыс түрлерін анықтау
|
Қатысушылар талдау жасап, өз пікірлерін айтады |
|
Қорытынды ақпарат
3 мин |
Осы мәселе бойынша гимназиямызда атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта талап етілетін жұмыстарға талдау жасау. | Қатысушыларға ақпарат ұсынылады. |
|
Рефлексия
5 мин |
Қатысушылар үш түрлі сурет бейнесі арқылы ой түйінін жасау ұсынылады.
|
Қатысушылар үш түрлі сурет бейнесі (ет тартқыш машина, қобдиша, қоқыс жәшігі) арқылы шеберлік кластың түйінін жасайды.
|
sabaq.kz sabaq.kz