Сабетбекова Айғаным
Алматы қаласы
№159 гимназияның 8-сынып оқушысы.
Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Джуматаева Ж.О.
Верный қаласының негізінің қалануы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Ресейдің геосаяси доктринасы қалыптасты. Сол кезеңдегі ресейдің сауда-саттық бағытындағы мүддесінің негізгі тармағы Шығыс Түркістанға қатысты болды, сондықтан орыс үкіметі бұл аймақтағы сауданы Жетісу арқылы ұлғайтуға тырысты.
Ұлы жүз қазақтары 1823 жылдың ақпан айында ресми түрде Ресейдің бодандығын қабылдады. Соған байланысты көптеген ру билеушілеріне шен,сыйлықтар беріліп,жалақы тағайындалды.Жетісудың өте маңызды әрі айырықша бөлігі ретінде Алматы аймағы да Ресей құрамына енді.Дегенмен, басында бұл аймақтың ресми түрде Ресей құрамына енуі тыныштық пен тұрақтылық әкеле алмады.
1853 жылдың жазында майор М.Д. Перемышльский жетекшілігімен 470 адамнан тұратын отряд жасақталды. Сол жылы М.Д. Перемышльский Алматы ауданына жан-жақты барлау жүргізе отырып, бастықтарына мынандай мәлімдеме жазды: «инженер офицер Александровскиймен бірінші және екінші Алматыны қарап шығып, олардың арасынан ағаш дайындауға қолайлы орманды алқа, ірі көлемде арықтар мен бөлінген өте жақсы егістік жер таптық, мұнан асып түсетін…және шабындық жерлер Есік пен талғар шатқалдарында жетерлік, сондықтан біз Алматыны келешектегі елді мекен ретінде болжам жасаймыз».
М.Д.Перемышльскийдің бұл таңдауын мақұлдаған жеке Сібір корпусының басшылығы мен Әскери министірліктердің Инженерлік департаменті 1854 жылдың 28 қаңтарында Іле өзенінің арғы жағындағы Алматы шатқалында «Верное» аталған әскери бекіністің құрылысын жүргізуге өтініш білдірді. Император І Николай 1854 жылдың 4ақпанында бекініс салуға, оны Верный деп атауға рұхсат берілді. Верный Алматы деп аталған ертедегі қазақтардың қоныс қалдықтары сақталған жерде болған еді. Саз балшықтан көтерілген бекініс ағаш дуалмен қоршалды. Қамал- сол кездегі басқа да бекіністерге тән таза әскери мақсаттар үшін салынды. Верныйға қоныс аудрушы- қазақтардың алғашқы тобы 1855 жылдың 1 шілдесінде келіп жетті.
Міне, Верный бекінісінің салынуы осылай басталған болатын. Бұл біздің тарих. Бүгінде шахарымыз Алматы қаласының 1000 жылдығының тарихымыздың қойнауынан жатқан тарихи деректермен толықтырсақ бабалардың аманатына кішкентай ғана үлесім деп ойлаймын.
[bws_related_posts]