- Белгілі бір территорияда мекендейтін жануарлар дүниесіт Фауна
- Ғаламшардағы жануарлар түрі 1,5 миллион
- Барлық жануарларды белгілі тәртіпке келтіріп , реттеу жүйелеу
- Жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу
- Жануарларды жіктеудегі ең жоғарғы деңгей жануарлар дүниесі
- Жануарларды жіктеудегі ең төменгі деңгей түр
- Жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жіктеген ғалым Гиппократ
- Жануарларды жүйелеп, ағзаларды қосарынан (бинарлы) атауды ұсынған ғалым К.Линней
- Жануарлардың жіктелуі: түр→туыс→тұқымдас→отряд→класс→тип→жануарлар дүниесі
- Денесінің оң және сол жағындағы мүшелері жұп және бірдей қызмет атқаратын жануарлар денесі екі жақты симметриялы
- Денесінің дәл ортасынан әр тармағына ойша сызық жүргізсе денесі бірдей бес бөлімге бөлініп, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер белгілі бір қызмет атқаратын жануар денесі сәулелі симметриялы
- Қарапайымдардың жер бетіндегі түр саны 70 мың
- Саркодиналар немесе плазмалылыар класына жататын жәндіктер амебалар
- Саркодиналардың пішіні тұрақсыз
- Бақалшақты амеба Арцелла
- Дене пішіні тұрақты саркодиналар сәулелі күнқұлақ,өрмекаяқ, күншар, қошқармүйіз көпірме, шұрықденелі бунақай
- Паразитті саркодиналар қантышқақ амебасы
- Саркодиналардың жалған аяқтарының қызметі қозғалу, қорегін аулау
- Қарапайымдылардың жасуша жарғақшасы саркодиналарды-плазма, талшықтылар мен кірпікшелілерді пилликула қаптайды
- Қарапайымдардың тыныс алуы суда еріген оттегін денесінің кез-келген жерімен сіңіреді
- Қарапайымдылардың қоректенуі бактерия, балдырлармен қоректеніп, ас қорыту вакуолімен асты қорытады
- Қарапайымдардың көбеюі жыныссыз ядросының бөлінуі, жынысты көбейеді
- Қарапайымдылардың қолайсыз жағдайдан қорғануы циста түзеді
- Талшықты қарапайымдылар эвглена, вальвокс, бодо, лейшмания, лямблия, трипаносома
- Өсімдікке де, жануарға да тән қасиеті бар жәндік жасыл эвглена
- Жасушасында фотосинтез процесі жүретін хлоропласт, жарық қабылдайтын көзшесі бар, талшықты жәндік жасыл эвглена
- Амебалардың ірі түрі Амеба протей
- Қос ядролы кірпікшелі жәндік кірпікшелі кебісше
- Бір кебісшеде болатын кірпікшелер саны 10-15 мың
- Кірпікшелілер класының өкілдері кіреукелі кірпікше, мөрже, валантидий, опалина, сувойка,
- Қарапайымдардың зәр шығаруы жиырылғыш вакуольдер арқылы
- Соркодиналардың әкті қаңқаларының маңызы тау жыныстарын түзеді, геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн, мұнай және пайдалы қазбалар iздестiруде қолданады.
- Дене тұрқы 2-4 мкм. тері ауруын тудыратын қарапайым жәндік лейшмания
- Лейшманияны таратушы құмыты
- Дене тұрқы 1 мм.бақаның ішегінде болатын қарапайымды опалина
- Үндістан мен Бангладеште кала-азар ауруын тудыратын қарапайымды лейшмания
- Кала-азар ауруының белгісі бүйрекүсті безінің қыртысы зақымданады, тері қараяды, қызуы көтеріледі, лимфа ісінеді
- Трипанасома тұрқы 15-30 мк.қан плазмасында паразитті өмір сүреді
- Трипанасома тудыратын ауру жылқыда-қараталақ, түйеде-суауру(сурра), сиырда ұйқы (Африкада сиырда — нагана)
- Трипанасоманы таратушы цеце, сона шыбыны
- Тұрқы 15 мк.екі ядролы, талшықты, аш ішекте болатын паразитті қарапайымды лямблия
- Лямблия тудыратын ауру лямблиоз
- Суды тазартатын қарапайымды жасыл эвглена, бодо
- Вольвокстың бір түрінің шоғырындағы жасуша саны 500-1000
- Вольвокс пішіні шар пішінді
- Вольвокстың жеке жасушалар сыртқы тері қабаты мен орталық сұйық бөліктерінің арасының байланысуы цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысады.
- Кірпікшелі кебісшедегі қылаулатқыштың қызметі қортылмаған асты сыртқа шығару
- Ұзыннан тік бөлінудің нәтижесінде пайда болады жасыл эвглена
- Кірпікшелі кебісше жынысты көбейіп, ұрпақ қалдыруына әсер етеді кіші ядро арқылы
- Кірпікшелі кебісшенің жынысты көбеюі ауыз саңылауы арқылы түйісіп, кіші ядро екіге бөлініп,үлкен ядро жойылып, кіші ядролар алмасқан соң, жаңа үлкен ядро түзілу арқылы
- Үлкен ядроның қызметі қоректену, тынысалу, қозғалу, зат алмасу
- Тек паразитті тіршілік ететін, жиырылғыш, ас қорыту вакуольдері жоқ, тығыз қорғаныш қабықшасы бар қарапайымдылар класы Споралылар
- Споралы қарапайымдылар құртамыш, безгек паразиті (қантұрғы)
- Адам,сүтқоректілердің ішек, бауыр, бүйрегінде өмір сүретін споралы жәндік құртамыш
- Құртамыш тудыратын ауру кокцидоз
- Қантұрғы тудыратын ауру безгек ауруы
- Қантұрғының тіршілік орны қанның қызыл түйіршігінде, эритроцитте
- Безгек ауруының белгілері 400С температура көтеріліп, жиі қалтырайды
- Қантұрғыны таратушы маса
- Денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейтін қарапайымды түншырақ
- Безгек паразитін тапқан 1880 жылы француз дәрігері Лаверан
- 1960 жылы жасалған безгек ауруын емдейтін дәрілер хинин, акрихин
- Безгек тарататын масаларды жою жолдары ДД, гексахлоран химикаттарын шашу, маса дернәсілімен қоректенетін гамбузия балығын көбейтіп өсіру
- Лямблияны алғаш бауырдың өт өзегінен тапқан дәрігер Д.Ф. Лямбль
- Қантышқақ тудыратын амебаны ашты 1875 ж. Ф.А.леш
- 1895 жылы безгек таратушы анофелес туыстас маса екенін тапқан Италия дәрігері Дж. Грасси
- Шығыс Үндістан мен Бангладешке лейшманиядан індет болып тиген, бүйрек үсті безінің сыртын зақымдайтын ауру кала-азар
- Теңізде тіршілік ететін, түнде жарық бөліп тұратын, талшықты жәндік түншырақ
- Тұщы лас суда өмір сүреді бодо
- Ішекқуыстылардың ғаламшардағы саны 9000, суда мекендейтін жәндіктер
- Типтің ішекқуысты деп аталуы екі қабаттан тұрып, денесінде бір ғана қуыс болады, сыртқы қабаты-эктодерма, ішкі қабаты-энтодерма
- Ішекқуыстылартипіне жататын кластар 3 гидратектестер (гидроидтар), табақшатәрізділер (сцифиоидтар), көпаяқты маржандар (полиптер)
- Гидраның эктодерма қабатында (сыртқы) тері-бұлшықет, атпа, жүйке, аралық, жыныс жасушалары болады
- Гидраның энтодерма қабатында (ішкі) асқорыту, безді жасушалары болады
- Гидра денесі қармалауыштардан, денеден, табанан тұрады. Табанмен судағы өсімдіктерге бекінеді, сәулелі симметриялы
- Гидраның қозғалуы бірде табанымен, бірде қармалауышымен кезек бекініп адымдап, жабын-бұлшықет арқылы қозғалады
- Гидра денесінің жабынынан сәл қылтиып шығып тұратын, қапшығы, оның ішінде улы сұйығы бар, сезімтал талшық атпа
- Гидраның атпа жасушаларының ең көп орналасқан орны қармалауыштарда
- Гидраның қармалауыштар саны 5-8
- Атпа жасушалардың қызметі жауынан қорғану, қорегін аулау
- Гидра қорегі шабақ, ұсақ шаяндар, бунақдене дернәсілдерін қармалауышымен аузына салады
- Гидраның ас қорытуы асқорыту безінен бөлінген сөл көмегімен, қортылмаған ас ауыз арқылы шығарылады
- Гидраның жүйке жүйесі денесінде шашыраңқы тор түзе орналасқан
- Зақымданған мүшенің, ұлпаның қайта қалпына келуі регенерация
- Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі
- Гидраның ауызға тақау жердегі өсіндіде орналасқан аталық жасуша сперматозоидтар
- Аналық жұмыртқа жасуша орналасқан Табанына таман
- Бүршіктену арқылы көбею жүзеге асады жазда
- Жынысты жолмен көбейеді күзде
- Ішекқуыстылардың дернәсілдері планула
- Еркін тіршілік ететін ішекқуыстылар сифоидтар
- Жапон теңізінде тіршілік ететін адам денесін күйікке шалдықтыратын медуза шаршылы медуза
- Медуза денесінде жоқ мүше табан
- Полиптер шоғыр құрмай жеке өмір сүретін полипті жәндік актиния
- Теңіз гүлі деп аталады актиния
- Шоғырланып отырықшылықпен өмір сүреді обелия
- Дара жынысты ішекқуысты құлақты медуза
- Құлақты медузаның ауыз құрылысы төрт бұрышты, әр бұрышында бір-бірден төрт қалақшасы бар
- Маржандардың әкті қаңқаларының су бетіне шығуы риф
- Риф түрлері шеңберлі, жағалық, тосқауыл
- Шеңберлі рифті атайды атол
- Моншақ алынады қызыл маржаннан
- Денесі созылыңқы, аяқтары болмайтын, екі жақты симметриялы жәндіктер құрттар
- Қарны арқасына жабысып жалпайған, еркін тіршілік ететін құрттар типі Жалпақ құрттар
- Жалпақ құрттардың түр саны 15000 жуық
- Құрттардың дене қабаты 3 сырты-эктодерма, ортасы- мезодерма, іші-энтодерма
- Мезодермадан түзілген мүшелерді қоршап жататын дәнекер ұлпа паренхима
- Кірпікшелі құрттар класына жататын жалпақ құрттар ақ сұлама
- Кірпікшелі құрттардың түр саны 3000
- Ақ сұлама кірпікшелерінің қызметі қозғалысқа келтіру
- Сұламаның сипап сезу мүшесі құлақ тәрізді өскіні
- Жарық сезу мүшесі көздері
- Тыныс алуы бүкіл денесімен
- Қан айналымы дамымаған
- Зәр шығаруы жұлдызша тәрізді имекшелі өзекше
- Жүйке түйіндері орналасқан екі бағанада денесін бойлай созылыңқы
- Ақ сұлама аузы орналасқан денесінің ортасында, құрсақ бөлімінде
- Жемін аулайды жұтқыншағын айналдырып, ауыздан шығарып
- Асқорыту жүйесі ауыз→жұтқыншақ→ішек
- Қорытылмаған ас шығарылады ауыз арқылы
- Ақ сұламаның жынысы гермафродит (қосжынысты)
- Ақ сұламаның аналық безі орналасқан алдыңғы жағында екі денешік ретінде
- Аталықбез орналасқан бүкіл денеге көпіршік тәрізді таралған
- Ақ сұлама көбейеді піллә түзеді
- Сорғыш құрттар паразитті
- Сорғыш құрттарды атайды трематодтар
- Сорғыш құрттардың түр саны 5000
- Мал бауырында өмір сүретін құрт бауырсорғыш
- Бауырсорғыштың иесіне бекінетін мүшесі Құрсақ сорғышы
- Бауырсорғыштың алдыңғы сорғышы ауыз
- Бауырсорғыштың сыртын қаптайды кутикула немесе сірқабық
- Бауырсорғыш қорегі қан, бауыр жасушасы
- Бауырсорғыш тың асқорыту жүйесі сорғыш аузы, жұтқыншақ, ішек
- Бауырсорғыш жынысы гермафродит
- Жұмыртқалауы ұрықтанған жұмыртқа қанмен ішекке, нәжіс арқылы сыртқа түседі
- Бауырсорғыш жұмыртқалары дамиды суда
- Бауырсорғыш жұмыртқаның суда даму сатысы кірпікшелі дернәсіл→тоспа ұлу денесінде даму→құйрықты дернәсіл→циста
- Бауырсорғыштың негізгі иесі сиыр, қой
- Бауырсорғыштың аралық иесі тоспа ұлу
- Бауырсорғыш тудыратын ауру бауыршірік
- Мысықсорғыштың негізгі иесі адам, ит, мысық
- Мысықсорғыштың аралық иесі екеу 1-былқылдақденелілер, 2-тұқы тұқымдас балық
- Мысықсорғыш тудыратын ауру описторхоз
- Құстар мен сүтқоректілердің қанында өмір сүреді қаншыл сорғыш немесе айыр дене
- Айырдене, қаншылсорғыш жынысы даражынысты
- Айырдене, қаншылсорғыш тудыратын ауру шистозоматоз
- Таспа құрттар класының саны 3000
- Таспа құрт деп аталуы денесі ұзын, таспа пішінді
- Таспа құрт өкілдері сиыр цепені, шошқа цепені
- Таспа құрт денесінің мөлшері 10 метр
- Сиыр цепеніні тұрады басы, қысқа мойыны, 1000-нан аса бунағы бар
- Сиыр цепенінінің сорғыш саны 4
- Таспа құрттарда болмайтын жүйе асқорыту, тынысалу, қанайналымы жоқ
- Сиыр цепенінінің жынысы қосжынысты, гермафродит
- Жыныс мүшелері орналасады 200 бунақта
- Пісіп жетілген жұмыртқа сыртқа шығады соңғы бунаққа келіп, үзіліп,нәжіс арқылы
- Сиыр цепенінің негізгі иесі адам
- Сиыр цепенінің аралық иесі сиыр
- Сиыр цепенінің дернәсілі финка
- Сиыр цепені тудыратын ауру финноз, цистицеркоз
- Финноздың жұғуы шала пісірілген ет арқылы
- Сиыр қарнының қабырғасын тесіп, қанға өттетін дернәсіл қармақшалы дернәсіл
- финноз, цистицеркоздан сақтану 21 күн етті тоңазытқышта ұстау, етті толық пісіру
- Жұмыр құрттардың түр саны 20 000
- Жұмыр құрттар класының өкілдері ішексорғы, үшкірқұрт
- Тері-бұлшықет астында болатын қуыс ілкі қуыс
- Жұмыр құрттардың дене қабаты 3 қабаттан тұрады
- Бірінші қабаты–сірқабық, екінші қабат – гиподерма, үшінші қабат – бірыңғай салалы бұлшықет
- Ішексорғы тіршілік етеді адам мен сүтқоректілердің ашішегінде
- Ішексорғы пішіні 20 см
- Ішексорғының ауызында 3 ерін бар
- Ішексорғы соңғы бөлігі аналь, құйрық
- Ішексорғының асқортыту мүшесі ауыз алдыңғы, ортаңғы, артқы ішек, аналь
- Қанайналым, тынысалу мүшелері болмайды
- Сезім мүшелері өте нашар дамыған
- Жынысы даражынысты, 200 000 жұмыртқа салады
- Ішексорғы тудыратын ауру бөсір, аскаридоз
- Адамның тік ішегінде өмір сүретін құрт үшкірқұрт
- Үшкірқұрт мөлшері 10 миллиметр
- Үшкірқұрт тудырады соқырішек
- Қант қызылшада болатын қылқұрт класының өкілі жіпшеқұрт
- Тері астында өмір сүретін құрт суыртқы
- Суыртқы тудырады ришта, трихинелла, дракунлез
- Суыртқының аралық иесі циклоп
- Адамға зияны жоқ, бунақденелілер денесінде паразитті өмір сүретін құрт қылқұрт
- Сүтқоректілердің ішегінде, көпіршікті сатысында мида болатын жалпақ құрт ми құрт
- ми құрт тудыратын ауру айналма, ценуроз, тентек
- Көпіршік тәрізді финкасы адам, сүтқоректілер бауырында өмір сүретін жалпақ құрт эхинококк
- Эхинококк тудырады шемен, эхинококкоз
- Паразит құрттарды зерттейді гельминтология
- Ішекқұрттарды зерттеген ғалым К.Скрябин
- Буылтық құрттардың түр саны 9000
- Буылтық құрттардағы соңғы қуыс целом
- Азқылтанақты құрттар класының өкілі шұбалшаң 10-16 см, тропиктік шұбалшаң 2,5 метр
- Азқылтанақты құрттар мекені топырақ
- Белдеулілер тип тармағы өкілі сүлік, азқылтандылар
- Белдеусіздер көпқылтанақтылар
- Азқылтандылар саны 5000
- Азқылтандылардың қылтандары әр буылтықта 8
- Целом қызметі сұйық күйдегі қаңқа қызметін атқарады
- Қантарату жүйесі тұйық
- Қанайналым жүйесі арқа, құрсақ қантамыры, сақиналы жүрекшеден тұрады
- Азқылтандылар тыныс алуы ылғалды, сілемейлі терісі арқылыалады
- Буылтық құрттар жабынының астында сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықет бар
- Жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті, асты түйіндері, жүйке бағанасынан тұрады
- Асқорыту жүйесі ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ішек, аналь
- Сезім мүшелері қылтанымен сипап сезу, жарықты сезу, иіс сезу дамыған
- Азқылтандылар көбейеді гермафродит, піллә түзеді, іштей ұрықтанады
- Азқылтандылардың жыныс мүшелері 9-15 буылтықта орналасқан
- Зәр шығаруы имекті түтікше
- Жыныссыз көбеюі регенерация арқылы
- Көқылтанақтылар түр саны 7000
- Көқылтанақтылар өкілдері нереида, құмқазар
- Нереида теңіз суында еркін жүзіп ө.с., жасыл түсті
- Құмқазар түсі қошқыл, теңіз түбінде құмнан ін қазып өмір сүреді
- Көпқылтанақтылар жынысы даражынысты, сырттай ұрықтанады
- Көпқылтанақтылардың дернәсілі трохофора
- Көқылтанақтылар денесіндегі бір буда қылтандары бар өскінше параподия
- Көпқылтанақтылардың маңызы балықтарға қорек
- Нереиданың қанының түсі жасыл
- Көқылтанақтылар тыныс алады желбезек арқылы
- Сүліктер тіршілік етеді суда
- Сүліктерде қылтандар жоқ, бүртіктері және екі ұшында сорғыштары бар
- Сүліктер ауызында тістері, үш жағы бар
- Сүліктер сілекейінің құрамында болады гирудин
- Гирудиннің маңызы қанды сұйылтады
- Медициналық сүлікті пайдаланады көктамыр бітелгенде, жүрек бұлшықеті жансызданғанда, миға қан құйылғанда
- Сүліктердің бұлшықеттері сақиналы, бірыңғай салалы, қиғаш бұлшықеттер
- Сүліктердің тыныс алуы бүкіл денесімен, бүйір тынысалу көпіршіктері арқылы
- Сүліктер жынысы гермафродит, іштей ұрықтанып, піллә салады
- Сүліктер саны 400
- Сүліктердің зәр шығаруы 17 жұп түтікшелі имек, қуығы бар
- Паразитті сүліктер жылқы сүлігі
- Былқылдақ денелілердің ғаламшардағы саны 130 мың
- Тұлға мен бақалшақтың арасында орналасқан шапанша
- Былқылдақ денелілердің асқорыту жүйесі ауыз, үккі, жұтқыншақ, қарын, бауыр, ішек, аналь тесігі
- Қан айналу жүйесі ашық
- Былқылдақ денелілердің жүрегі екі бөлімді, қарынша, құлақша
- Зәр шығару жүйесі бүйрек
- Бауыраяқтылар класы бас, тұлға, аяқтан тұрады, аяғы бауырын алып жатады
- Бауыраяқтылардың өкілдері тоспаұлу, жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы
- Бауыраяқтылардың тыныс алуы өкпемен
- Бауыраяқтылардың көбеюі қосжынысты, айқаспалы жолмен ұрықтанады
- Бауыраяқтылардың саны 80 мың
- Жүзім ұлу мен шырышты ұлудың көзі қармалауышының ұшында
- Тоспаұлудың көзі қармалауыштың түбінде
- Қосжақтаулылырдың түр саны 20 мың
- Басы жоқ ұлу қосжақтаулылар, тұлға,аяқтан тұрады
- Асқорыту жүйесі басы жоқ болғандықтан өңештен басталады
- Тыныс алуы желбезек
- Қоректі аулайды кіріс сифоны арқылы
- Қосжақтаулылардың өкілдері мидия, устрица, гребешок, меруерттек, кемеқұрт
- Қосжақтаулылардың көбеюі даражынысты
- Басаяқтылардың саны 800
- Басаяқтылардың өкілдері каракатица, кальмар, сегізаяқ
- Кальмардың дене мөлшері 18 метр
- Аяқтары бірнеше бунақтан тұрады буынаяқтылар
- Буынаяқтылардың саны 1 миллион
- Буынаяқтылардың денесін қаптайды хитинді қабықша
- Шаянтектестердің денесі баскөкірек және құрсақтан тұрады
- Шаянтәрізділерді зерттейтін ғылым Карцинология
- Шаянтәрізділердің қанайналымы ашық, жүрегі бес бұрышты қалташа
- Шаянтәрізділердің зәр шығаруы жасыл жұп без
- Шаянтәрізділердің тынысалуы желбезек
- Сипап сезу және иіс сезу мүшелерінің, тепе – теңдік қызметін атқарады бір жұп ұзын мұртша
- бір жұп қысқа мұртша есту мүшелерінің қызметін атқаратын.
- Өзен шаяны дара жынысты жәндік.
- Шаян қыс соңында жұмыртқа салады.
- Шаянның баскөкірегіндегі аяқтарының саны 5 жұп, 1 жұп қысқыш аяқ, 4 жұп жүретін аяқ
- Шаянның құрсағындағы аяқтарының саны 5 жұп қысқа құрсақаяқтарында жұмыртқа дамиды
- Құрсағының соңғы буынында құйрық жүзбе қанаты бар
- Шаянның ауыз маңындағы үш жұп жақ аяқтарының қызметі қорегін ұсақтау
- Шаянтәрізділердің асқорытуы ауыз, жұтқыншақ, өңеш, күйіс қарын, сүзгілі қарын, ішек, бауыр, аналь
- Шаянтектестердің көру мүшесі күрделі көз, жинақтап көреді
- Шаянның бір жұп қысқа мұртшасы тепе-теңдік, есту мүшесі
- Шаянның бір жұп ұзын мұртшасы сипап сезу, иіс сезу мүшесі
- Асшаянның күрделі көзіндегі жай көздердің саны 3020
- Аналық шаянның жұмыртқалар саны 60, 500-600
- Ең ұсақ шаянтектестер 1-8 мм. Дафния, циклоп
- Қысқышы жоқ ірі шаяндар омар, таңқы
- Өрмекшілерді зерттейтін ғылым Арахнология
- Өрмекшітектестердің саны 60 мың
- Өрмекшітектестердің денесі баскөкірек, құрсақтан тұрады
- Өрмекшітектестердің баскөкірегінде 8 көз, екі күйіс аяқ, екі тұтқы аяқ, 8 жүретін аяғы бар
- Өрмекшітектестердің құрсағында үшжұп өрмек сүйелдері бар
- Өрмекшінің асқорытуы ішектен тыс
- Өрмекші тынысалады өкпе қапшығы, демтүтік
- Қанайналымы ашық,қақпақшалы жүрекше
- Зәр шығаруы баскөкіректе-сатанбез, құрсақта –мальпигий
- Көбеюі даражынысты, күзде пілде тоқып, жұмыртқаларын салып, аналығы өліп қалады
- Улы өрмекшілер бүйі, қарақұрт, қыршаян
- Суда өмір сүретін өрмекші мизан
- Қарақұрттың тіршілігін зерттеген Павел Мариковский
- Қарақұрттың ерекшелігі түсі қара, құрсағының үстінде 13 қызыл ноқаты бар, уы ең қауіпті күркіреуік жыланан 15 есе күшті, мамыр-шілде айында аналығының уы күшті болады
- кенелердізерттейтін ғылым акарология
- Өрмекшітектестердің тағы бір өкілі кенелер
- Кенелердің саны 20 мың
- Дене мөлшері мен бөлімі 0,05-13 мм, бас, көкірек, құрсақ
- Ересек кененің аяғының саны 8 жұп
- Кенелердің дернәсілі нимфа
- Үш иелі кене тайга немесе ит кенесі
- Ит кенесі тудыратын ауру энцефалит
- Мамық кене тудыратын ауру әкаяқ
- Нәзікбас кене тудыратын ауру қансигек, пироплазмоз
- Пироплазмозбен ауырған мал 41-42 0 с қызу көтеріліп, қанды зәр бөледі
- Тасмалданатын аурудың табиғи қордасы туралы теорияны ұсынды Е.Павловский, И.Галузо
- Қотыр ауруын тудырады қышыма кенесі
- Азық-түлікке зиян келтіреді қамба кенесі
- Өсімдіктерді зақымдайды берішкене,алма кене, өрмеккене
- Бунақденелілердің жер бетіндегі саны 700 мыңнан аса
- Бунақденелілер класының отрядж саны 35
- Шыбынның ауыз апараты сүзіп жалаушы
- Маса мен орман қандаласының ауыз апараты шаншып-сорушы
- Тарақан, қоңыздардың аузы кеміргіш
- Балараның аузы кеміріп-жалаушы
- Көбелектің аузы түтік тәрізді сорғыш
- Ересек бунақдене Имаго
- Тура даму сатылары Жұмыртқа→имаго
- Тура дамитын бунақденелілер қанатсыздар
- Шала түрленіп даму сатылары Жұмыртқа→дернәсіл →имаго
- Толық түрленіп даму сатылары Жұмыртқа→дернәсіл →қуыршақ→имаго
- Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология
- Жануарлардың мінез құлығын зерттейтін ғылым этология
- Шала түрленіп дамитын бунақденелілер дәуіт, шегіртке, бұзаубас, инелік, бит, қандала, тарақан, шекешек, құлық, мамықжегі, түкжегі,біте қалқанша
- Толық түрленіп дамитындар көбелек, шыбын, маса, қоңыз, бүрге, құмырсқа, балара, шаншар
- Турақанаттылар отрядының өкілдері шегіртке, шекшек, саяқ, шілделік, бұзаубас
- Теңқанаттылар отрядының өкілдері біте, қалқанша
- Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін турақанатты жәндік Азиялық шегірке
- Шегірткелер дернәсілінің тығыз топтасуы жаушоғыл, кулига
- Шегірткенің қанатсыз дернәсілдері жаяу шегіртке немесе жаушоғыл
- Шалақанаттылар отрядының өкілдері қандала, суаршын, сушалқақ, зұламат
- Қатқылқанаттылар отрядына жататын пайдалы қоңыздар бақшыл ызылдақ, түйірлі ызылдақ, сарыойқы ызылдақ, қанқыз, қиқоңыз, көңкей, көмбекей
- Зиянды қоңыздар колорад, бізтұмсық, шытырлақ, суіңкәр, сүңгуір
- Қосқанаттылар отрядының өкілдерішыбын, маса, құмыты, шіркей, сона, бөгелек
- Қабыршаққанаттылар отрядының өкілдері дербесжұп, тұтжібеккөбелегі, қаракүйе көбелегі
- Жарғаққанатылар өкілі құмырсқа, шаншар, балара
- Тікентерілілер соңғы ауызды, көпжасушалы, теңіз жәндіктері
- Тікентерілілер класы 3 класс
- Тікентерілілердің дернәсілі екіжақты симметриялы
- Ересек тікентерілілер сәулелі симметриялы
- Тікентерілілердің ғаламшардағы саны 6000
- Тікентерілілер деп аталу себебі әктен түзілген үшкір ұштары бар
- Тікентерілілерде ішектен бөлініп шығады мезодермалық қалталар
- Тікентерілілерде желілерге ұқсастығы соңғы ауыздың пайда болуы
- Тікентерілілерде эктодерманың жымырылуынан екінші рет пайда болды соңғы ауыз, екінші реттілер
- Тікентерілердің жабыны 2 қабатты, сырты –эпителийден, іші талшықты дәнекер ұлпадан түзілді
- Тек тікенектілерге ғана тән жүйе сутүтікшелі жүйе
- Тікентерілілерде болатын сутүтікшелі аяқтың қызметі жылжу
- Тікентерілілердің жүйке шеңбері орналасқан жұтқыншақ маңында
- Теңіз кірпісі мен жұлдызының көзі орналасқан тармақтарының ұшында
- Тынысалу мүшелері жоқ теңіз рухгүлі, жыланқұйрық
- Теңізжұлдыз, теңізкірпісі тыныс алады тері желбезек арқылы
- Теңізқиярының тыныс алу және зәршығару мүшесі суға толы өкпе
- Тікентерілілердің қанайналымы шеңберленген екі түтікті
- Регенерациялануға бейім теңіз жұлдызы
- Суды радиоактивті заттардан тазартады тікентерілілер
- Тамаққа қолданатын тікентерілілер теңіз жұлдыз, теңізқияр
- Тікентерілердің қалдықтарынан мәрмәр алып, құрылыс материалы ретінде қолданады
- Теңізжұлдыздар класының 8 отряды, 1500 түрі бар
- Теңізкірпісінің денесі 5 тармақты
- Теңізкірпісінің асқорыту жүйесі жұтқыншақ, қарын, ішек, аналь тесігі
- Теңізкірпілер класының 800 түрі бар
- Теңізкірпісінің аузында бестісті жақсүйекті ерекше мүше бар
- Теңізкірпілердің уылдырығы тамаққа қолданылады
- Теңізқиярларының саны 5 отряд, 1100 түрі бар
- Тікентерілілер дара жынысты, кейбір түрлері қосжынысты
- Қызыл кітаптың І санатына жойылып бара жатқан түрлер мен түртармақтар енген
- Қызыл кітаптың ІІ санатына саны азайып бара жатқан түрлер мен түртармақтар енген
- Қызыл кітаптың ІІІ санатына сирек түрлер мен түртармақтар енген
- Қызыл кітаптың ІV санатына белгісіз түрлер мен түртармақтар енген
- Қызыл кітаптың V санатына қалпына келтірілген түрлер мен түртармақтар енген
- 1991 жылғы 2-ші басылымға енген омыртқалы жануарлардың саны 129
- 1991 жылғы 2-ші басылымға енген омыртқасыздардың саны 105
- Қазақстанның қызыл кітабына енген инеліктер Нәзікқұйрық, көркемше, шолғыншы инеліктер
- Нәзікқұйрық инелік Сырдария өзені, Арал теңізі маңындағы жыртқыш, 1979 ж белгілі болды
- Қазақстанның қызыл кітабына енген ең жалмауыз дәуіт ақтеңбіл 85 күнде 147 жоңышқа бітесі, 41 жеміс, 266 бөлме шыбынын жейді
- Қазақстандағы ең ірі шекшек Солтүстік Қазақстанда мекендейтін, қанаты жоқ далалық кергі
- Далалық кергінің аталығы сирек кездесетіндіктен көбеюі партогенезді жолмен
- Далалық кергі түлейді 8 рет, 3-4 аптада ересек күйге келеді
- Еменді орманда өмір сүретін, Жайық өзенінің маңындағы, сирек кездесетін ең ірі қоңыз бұғықоңыз
- Астық, алқа тұқымдасы мен жемістерге зиян келтіреді көкқасқа шегіртке, қызылша бізтұмсығы, колорад қоңызы, қасақы жалпайма
- Жеміс бағы мен орманға зиян келтіреді біте, алма жемісжегісі, зауза, дербесжұп, қарағай жібеккөбелегі
- Бөгелек дернәсілі сиыр терісінде дамыса оқыра
- Бөгелек дернәсілі жылқы мен есектің қарнында дамыса бөгелек
- Қойдың кеңсірігінде дамыса осқырма
- Сонадан ірі қарада пайда болатын ауру қарасан
- Бөртпе сүзек ауруын таратады бит
- Бөртпе сүзек пен оба ауруын таратады бүрге
- Жынды көбелек қуыршағы мен шанақоңыз дернәсілі топырақ астында қыстап шығады
- Зиянкестерді табиғи жауларымен жою әдісі биологиялық күрес
- Зиянкестерді жою үшін қолданатын химиялық заттар инсектицидтер
- Арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі бар жануарлар желілілер
- Желілілердің жер бетіндегі саны 40-45 мың
- Желілілер 2-реттік қуысты (целом), үш қабатты, екі жақты симметриялы,жоғары сатылы
- Омыртқасыз, Бассүйексіздер тип тармағына жатады қандауырша
- Қандауыршаның саны 30 теңізде
- Қандауыршаға тән белгілер Дене тұрқы 5-8 см, екі бүйірі қысыңқы, арқа жүзбе қанаты құрсақ, құрсақ асты жүзбеқанатымен тұтасып кеткен
- Қандауырша терісі жұқа, сіріқабық (кутикула) қаптаған , сырты-эпидермис, іші нағыз тері
- Қандауыршаның ас қорыту жүйесі ауыз маңындағы қармалауыштар, ауыз, жұтқыншақ, ішек, бауыр, аналь тесігі
- Қандауыршаның тыныс алу мүшесі желбезек
- Қандауыршаның қан айналым жүйесі жүрегі жоқ – оның қызметін құрсақ қолқа атқарады, тұйық, қаны түссіз
- Қандауыршаның зәр шығаруы жұтқыншақ маңындағы түтікше арқылы
- Қабықтылар тип тармағының өкілі Асцидия
- Желілілердің қанша тип тармағы бар? 3
- Бассүйексіздердің өкілі: қандауырша : 5-8см
- Қабықтылардың өкілі: асцидия 1мм-30см
- Қандауыршаның қаны түссіз, тұйық шеңбер түзеді, жүрек болмайды, оның қызметін: құрсақ қолқа қантамыр
- Тікентерілеріге ғана тән жүйе – сутүтікшелі жүйе.
- Тікентерілілердің ғаламшардағы саны: 6000
- Тікентерілілер типінің 3класы: теңіз жұлдызы, теңіз кірпісі, теңіз қияры
- Теңіз рухгүлдері мен жыланқұйрықтыларды тыныс алу мүшесі: жоқ
- Теңізжұлдыздары, теңізкірпілері тыныс алады. Тері желбезектері
- Тікентерілердің тағамға пайдаланатын түрлері: теңіз жұлдызы, теңіз қияры
- Қандауыршада қаңқаның қызметін атқарады. желі
- Қандауыршаның асқорыту жүйесі ауыз, жұтқыншақ, бауыр, қысқа ішек, аналь тесігі
- Қандауыршада жүрек болмайды, жүректің қызметін атқарады. құрсақ қолқа қантамыры
- Қандауыршаның көбеюін зерттеген ғалым. Мечников
- фБалықтарды зерттейтін ғылым саласы: ихтология-20мың
- Балық денесі: бас, тұлға, құйрық
- Желбезек қақпағы жоқ, торсылдағы болмайтын балықтар: шеміршекті
- Шеміршекті балықтар: акула, электрлі жұпбалықтар,қазыққұйрық,балға балық,аратұмсық акула,манта
- Жемін аулағанда, электр зарядын пайдаланатын, электр зарядының кернеуі 8-ден 220 вольтқа дейін жететін шеміршекті балық: скат
- Балықтардың сүт тәрізді, ақ сұйықтық аталық бездері: шоғал
- Сүйекті балықтардың тірідей шабақтайтын түрі: гамбузия,қос жынысты теңіз алабұғасы
- Қара уылдырық алынатын балықтар: бекіре,қортпа,шоқыр
- Қоршаған ортада су ағынының күшін, бағытын, балық қай мүшенің көмегімен анықтайды: бүйір сызығы
- Балықтардың арқа мен аналь дара жүзбеқанатының қызметі: денесін бір қалыпты ұстайды
- Балықтардың көкірек,құрсақ жұп жүзбеқанатының қызметі: тепе-теңдікті
- Құйрық жүзбеқанатының қызметі: бұлқын (айналаға бұрылу)бағытын
- Балықтардың жүзгіштігін реттейтін, дыбыс толқынын күшейтетін резенаторы: торсылдағы
- Балықтардың жүрегінде қандай қантамырлар болады: тек қана көк тамыр
- Ағынды су балықтары: бахтах, ақмарқа
- Өрістегіш балықтар: кета, құныс балық,көксерке, бекіре, қортпа, майшабақ
- Балықтардың дамуы: ұрықтанған уылдырық- дернәсіл-шабақ-ересек балық
- Бекіретәрізділер отрядына жататын балықтар: бекіре, қортпа, шоқыр, пілмай
- Майшабақтәрізділер отрядына жататын балықтар: сардинка,қылқа,түлкібалық, килька
- Албырттәрізділер отрядына жататын балықтар: кета,нерпа,құнысбалық, бахтах,ақсақа,қиярбалық,шортан
- Тұқытәрізділер отрядына жататын балықтар: қаракөз, табан, сазан, оңғақ, тұқы,мөңке, аққайран, ақмарқа
- Сетінектер отрядына жататын балықтар: трескалар
- Көзауықтар отрядына жататын балықтар: камбала, тілбейне, қалқан
- Балықтардың сезім мүшелері бүйір сызық
- Шеміршекті балықтардың қанайналым жүйесі: бір қанайналым шеңберден
- Шеміршекті балықтардың желбезек доғасының саны: 5-7жұп
- Шеміршекті балықтардың денесін қабыршақты тақташа мен қапталған, оны: плакоидты
- Қосмекенділерді зерттейтін ғылым: батрахология —5000, Қазақстанда-12түр, 3 қызыл кітап
- Қосмекенділердің мойын омыртқа саны: 1
- Қосмекенділердің есту мүшесінің қай бөлігі жоқ? сыртқы
- Қосмекенділерде алғаш пайда болған: ортаңғы құлақ –тек үзеңгі сүйек , кіші қанайналым шеңбері
- Қосмекенділердің құрлыққа шығуына байланысты пайда болған мүше: қабақ, дабыл жарғағы
- Бақада зәр шығару мүшелері қайда ашылады: клоака
- Қосмекенділердің қай ми бөлігі жақсы жетілген: алдыңғы ми
- Қосмекнділердің қай ми бөлігі нашар дамыған: мишық
- Құйрықсыз қосм: 4мың ,көлбақа,тоған бақасы,құрбақа,қалталы бақа,тарбақа,бақбақыл,жасыл бақа,қоңыр бақа
- Құйрықты қосмекенділер: 400, кәдімгі тритон,сібірлік бұрыштіс, жетісу бақатісі, теңбіл саламандра
Аяқсыз қосмекенділер: 170, сақиналы құртжылан,америкалық құртша
- Қосмекенділердің дернәсілі тыныс алады: желбезек
- Қосмекенділер –тыныс алады: өкпе, дымқыл тері
- Қосмекенділерде қозғалуына байланысты мидың қай бөлігі нашар жетілген? мишық
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген қосмекенділер:қызылаяқ бақа, даната құрбақасы, жетісу.бақатіс
- Қосмекенділердің дернәсілі: итшабақ
- Қосмекенділердің дернәсілінің жүрегі: 2 бөлікті
- Қосмекенділердің алдыңғы аяқтарының бөлімдері: қар, білек, алақан
- Қосмекенділердің артқы аяқтарының бөлімдері: сан, сирақ,табан
- Қосмекенділердің иық белдеуі түзіледі: бұғана, қарға сүйек,жауырын
- Жорғалаушылардың қанша түрі бар? 8 мың
- Зоология ғылымының жорғалаушыларды зерттейтін саласы: герпетология
- Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр,ол сипап сезу қызметін атқарады, сонда жыланның уы
- қайда болады? үстіңгі жақ сүйекке орналасқан тістерінде
- Жорғалаушылардың қайсысының жүрегі төрт қуысты? крокодил
- Тұмсықбастылар отрядының өкілі: гаттерия
- Қабыршақтылар отрядының өкілі: жыландар,кесірткелер,құбылғылар
- ХТХО-ның Қызыл кітабына тіркелінген,қатаң қорғауға алынған жорғалаушы: гаттерия
- Гаттерия қайда тіршілік етеді? Жаңа Зеландияда
- Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген аяқсыз кесіртке: сарлан
- Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі; сұр келес
- Тірі туатын жыландар: сұр жылан (гадюка)
- Жорғалаушылардың есту мүшесі: ішкі және ортаңғы құлақ
- Жорғалаушылардың негізгі тыныс алу мүшесі: өкпесі
- Дүние жүзінің түрлі аймақтарында құстардың қанша түрі бар? 8600 500 -Қазақстанда
- Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы: орнитология
- Құстардың дене температурасы-тұрақты, жылықанды әрі жоғары: +41-430С
Құс миының жорғалаушыларға қарағанда жақсы жетілген бөлігі: алдыңғы ми сыңарлары мен мишық
- Құстардың мойын бөлімінде неше омыртқа бар? 9-25
- Құстардың өкпесі оттегіне екі рет қанығады, мұндай тыныс алуды: қосарлы тыныс алу
- Құстарға қандай бездердің болуы тән: құйымшақ безі
- Құстарда жүректің қай бөлімінен өкпе артериясы шығады: оң жақ қарыншадан
- Құстардың алдыңғы иық белдеуінің аяқтарына кіреді: біріккен бұғана,екі жауырын,екі қарға сүйек
- Құстардың қауырсындарын қалай бөледі? қауырсын, мамық
- Құстардың терісі: жұқа, құрғақ, тек құйымшақ бездері бар
- Құстың безді қарнында қорек: бөртеді
- Құстарда етті қарынның қызметі: тістің қызметін
- Құстардағы ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі: қаламша
- Қаламшаның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістер: пәрі
- Құстарды дене құрылысына қарай қанша топқа бөледі? 3
- Қыртөссіздерге жатады: түйеқұс, қазуар, нанду
- Асыранды тауықтың арғы тегі: банкив тауығы
- Асыранды қаздың жабайы арғы тегі- сұр қаз, қу тұмсық қаздар
- Құйрық қауырсыны ұзын болып келетінтауықтың қол тұқымы- феникс Жапония, Қытай
- Етті бағытта өсірілетін 7-8 апталық тауық балапанын — Бройлер
- Сүтқоректілердің түрі — 5 000
- Қазақстанда сүтқоректілердің — 8 отрядына жататын — 178 түрі
- Үйқоянның буаз болу мерзімі — 1 ай. Жабайы қоян 45–51 күн, бұғылар 8–9 ай, жылқы- 10 ай, түйе —12–13
- Бунақденеқоректілер отряды — кірпілер, жұпар тышқан, жертесерлер,
- Кемірушілер отрядына — көк суыр, үнді жайрасы, соқыртышқан, құндыз, қалқанқұлақ.
- Тек Қазақстанда ғана таралған кеміруші: Қалқанқұлақ (жалман)
- Қоянтектестер отрядына жататын құм, ор және ақ қоян
- Қолқанаттылар отряды- салпанқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді салпанқұлақты жарқанат
- Жұптұяқтылар (ашатұяқтылар) отрядына — шошқалар мен бегемоттар
- Доңыз мүшелдік жыл санауда 12-жыл.
- Доңыздың аталығы –«қабан» , аналығы – «мегежін» (көшіл), төлі – «торай»
- .Еліктің аталығы – «күлміз» , аналығы – «сөге», төлі – «еңлік» (лағы) деп аталады.
- Арқардың қошқарын – «құлжа» , төлін – «қозықа»
- Аюдың аталығы – «матай» , аналығы – «кірекей» , ұрпағы – «қонжық» , бір жасар ұрпағы – «апанақ» Қоңыр аю Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
- Қасқырдың аталығын – «арлан», «көкжал», «бірішек», «сырттан» деп атайды. Аналығын – «шулан», «құртқа» , күшігін – «бөлтірік» , ал қасқыр көсемін – «абадан» дейді..
- Барыстың аналығы – «таутан» , күшігі – «алан» деп аталады.
- Сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. – Жылқы
- Сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар — Түйе .
- Айыр өркешті түйенің жабайы түрі- Қаптағай
- Айыр өркешті түйенің ұрғашысын – «інген», еркегін – «бура»
- Айыр өркешті түйе ғылыми тілде — Бактриан
- Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде — Дромадер.
- Түйенің ұрғашылары 3–4 жаста, буралары 5–6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі.
- сүтқоректілерді зерттейтін ғылым – маммалогия, кейде териология