Басы » Физика » Реактивті қозғалыс

Реактивті қозғалыс

Қызылорда  қаласы

№120 Жамбыл атындағы орта мектеп

физика  пәні мұғалімі

Серікбаева Зада

Сабақтың тақырыбы §21.   Реактивті қозғалыс.
Жалпы мақсаты   Импулсьтің сақталу заңының техникада реактивті қозғалыстарда көрініс табуын және қолданылуы туралы түсіндіру.
Күтілетін нәтиже  Зымырандарды жасау тарихын біле аладыҒарышты игеру жолындағы К.Э.Циолковскийдің,С.П.Королевтің еңбектерін түсіне алады және ғарышқа сапар шегіп,онда ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлер туралы біле алады.
Сабақтың әдісі  Топтастыру стра-сы,  кері  байланыс парағы, слайдты түсіндірме,сергіту сәттері
Тапсырмалар    Сұрақтарға жауап беру,реактивті қозғалыс принципінің зымыран қозғалысында қолданылуын,зымыран қозғалтқыштарында қолданылатын отын түрлерін,осы заманғы зымырандар құрылысын постерге  жасап  қорғау, жобалар қорғау,есептер шығару,
Құрал- жабдықтар  Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар,( стикер,маркер, плакат, түрлі-түсті қағаздар,) оқулық, жобалар үлгісі.
Сабақтың барысы:    I. Кіріспе,II. Негізі бөлім

III. Қорытынды, Бағалау.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушыныңіс-әрекеті Уақыт 
Кіріспе 

 

 

 

Ұйымдастыру. Сергіту сәті.Үй  тапсырмасын  сұрақ-жауап арқылы сұрау,жасырылған сөздер арқылы сыныпты «Зымыран», «Импульс», «Ғарышкер», «Байқоңыр»  топтарына бөлу. 12 адамның есімін жазып,сол есімдерге байланысты берілген тапсырмаларды орындау.

Сұрақ-жауап арқылы назарын сабаққа аудару. Жасырылған сөздер арқылы топқа бөлінеді.

6 мин
Негізгі бөлім 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кезең «Ой қозғау» Жаңа сабақтың тақырыбы сұрақ жауап арқылы ашамын.2-кезең.  «Мағынаны ажырату» Сыныптағы 4 топқа мәтіндерді бөліп беру.
3 -кезең «Ой толғаныс» топтарға сұрақтар қою.

«Реактивті қозғалыс» тақырыбында слайд көрсете отырып жаңа сабақты толықтырамын.

Карточкамен есептер шығарту

 

Өз ойларын білдіре отырып  жаңа сабақ тақырыбын ашады.Мәтінді оқып жаңа тақырыпқа постер жасап,қорғайды

Не білгендерін баяндайды.

 

 

Назарларын  сабаққа  аударады

 

 

Есептер шығарады

3 мин 

10 мин

 

5мин

 

 

3мин

 

 

10мин

 

 

 

Қорытынды 

Бағалау

Үй  тапсырмасы

Үш топқа жоба қорғау,бір топқа сурет беріледі.Критери бойынша.Бағалаудғы әділдікті ескерту.

Жиынтық

Шығармашылық  жұмыс  қабылдау

§21. 18-жаттығу №1,2 есептерін орындау.

Есептер жинағы 9 кл №11.5,11.6.

Үш топ өз жобаларын қорғайды,бір топ сурет бойынша тақырыппен байланыстырып әңгіме құрастырады.Бағалау парағын толтырады

 

«Реактивті қозғалыстардың өмірдегі алатын орны қандай?»

 

3мин

 

2мин

 

2мин

Рефлекция Кері   байланыс «Бүгінгі сабақ  ұнады ма?» 1мин

 

І.      Кіріспе.

Сергіту сәті.            

Шашынан сипау

Бетінен сипау               Арқасынан қағу

Сәттілік  тілеу

 

44

66

 

Құағынан тарту

Қолдарын жоғары                                         Алақандарын шапалақтау

шапалақтау

Қол ұстасып ортаны                                              Бірін-бірі құшақтау

бір айналып өту

Бетінен сүю                          Қол алып амандасу

                                                        Көздерін жұму

 

 

Үй тапсырмасын жасырылған сөздер арқылы сұрақ – жауаптар бойынша сұрау және топқа бөлу.

  1. Қандай шаманы дене импульсі деп атайды?
  2. Күш пен әрекет ету уақытының көбейтіндісі (Ft) … деп аталады.
  3. ХБж-де  күш импульсінің өлшем не алынған ?
  4. Дене импульсінің өзгерісі …  тең.
  5. ХБж-де дене импульсінің өлшем бірлігіне …. алынған.
  6. Самұрық құс самғады,көктен өтіп, Айға жетіп салмағы жеңілдеді.
  7. Қазақстанда тұңғыш Әлем кеңістігіне Тоқтар Әубәкіров көтерілді.Оны кім деп атаймыз ?
  8. Грек тілінен аударылған  «Соққы» сөзі қандай мағынаны береді.
  9. Ең алғаш 1957 жылы жасанды Жер серігі ұшырылған қала қалай аталады ?
  10. Ең алып двигатель түрін білеміз бе ?

 

ІІ.    Негізгі бөлім.

  • Слайд арқылы реактивті двигатель түрлерін және олардың қолданылуы аясы туралы көрсетіп,  тақырыпты ашу.
  • 4 топқа мәтінді бөліп беру.

Әр топ өздеріне бөлініп берілген мәтіннің бөлімдері бойынша өз ойларын білдіре отырып,  жаңа сабақ тақырыбын ашады. Мәтінді оқып шығып жаңа тақырыпқа постер жасап,қорғайды.

Не  білгендерін баяндайды.

 

  • Оқушылардың назарлары сабаққа аударылып, мәтін ішіндегі сөйлем үзінділеріндегі көп нүктенің орынына тиісті сөздерді қойып сөйлемді толықтырып оқып шығады.
  1. ….  импульстің сақталу заңының техникада табысты қолданылуына жарқын мысал бола алады.     (Реактивтік қозғалыс)
  2. Ғарышқа алғашқы қадам жасау белгілі ғалым …. басталады десек болады.   К.Э.Циолковский)
  3. Тұңғыш жасанды Жер серігі еліміздегі …. ғарыш айлағынан …. жылы ұшырылған болатын.   (Байқоңыр,1957)
  4.  Егер зымыранның  Жерге қайтып оралуы жоспарланған болса,онда үшінші саты қосылардың ғарыш кемесі …. –қа бұрылады.   (1800)
  5. Дененің  бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысты …. деп атайды.   (Реактивті қозғалыс)

 

«Реактивті қозғалыс» тақырыбында слайд,видио-ролик көрсете отырып жаңа сабақты толықтырамын.

Карточкамен есептер шығарту.

1).   2 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 5 кг дененің импульсі неге тең?

2).   Массасы 4000т поезд түзусызықты қозғалып,жылдамдығын 10 м/с-тан 20м/с дейін арттырды.Дене импульсі неге тең?

3).   Денеге 10с ішінде тұрақты 50 Н күш әрекет етеді.Күш импульсі неге тең?

4).   Массасы 50 кг метеориттің 40км/с жылдамдықпен ұшқандағы импульсі неге тең?

Әр топ шығарған есептерін тақтаға жазу арқылы,жауабын активстудиядан тексереді.

ІІІ.   Қорытынды.

  • Оқушыларға «EXPO-2017» көрмесінің Қазақстанда аталып өтуіне байланысты алдын-ала тапсырмалар берілген. Сол берілген тапсырмалары бойынша:

1-    топ «EXPO-2017» көрмесіне келетін қонақтарға арналып салынатын қаланың орналсу жобасын қорғайды.

2-    топ  «EXPO-2017» көрмесіне байланысты құрастырған макеттерін қорғайды.

3-    топ «EXPO-2017» көрмесі орналасатын қаланы безендіру жұмыстары туралы жобаларын қорғайды.

4-    топ   Берілген суреттерді бүгінгі сабақта өтілген тақырыппен байланыстыра отырып,әңгіме құрастырады.

  • Бағалау парағын толтыру. 
  • Оқушылардың шығармашылығын дамыту ,бүгінгі өтілген сабақ бойынша ойларын түйіндеу

Оқушылардың пікірлеріне қосыла отырып, «Біздің Қазақстанды өзінен-өзі бірінші ғарыш  мемлекеті деп санауға болады. Бірінші жер серігі бізден ұшты.Бірінші кісі,адам баласы ғарышқа аттанды біздің жерден.

Ал қазақтың Байқоңырын әрбір қазақ мақтаныш тұтады.Осы жерден қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары және ғарыш кемелері ұшырылды көкке.Соның нәтижесінде талай жаңалықтар ашылып,адамзат көп нәрсеге қол жеткізді.Демек, қазақтың ғарыш айлағы күллі әлем үшін де,еліміз үшін де алар орны ерекше.Дегенменде Қазақстанды ғарыштық державаға айналдыру мақсаты бизнес жолына айналып кетпей,біздің азаматтарымыздың ғұмырын сақтайтын,өмір сапасын арттыру үшін пайдаланатын басты құралы болса екен деймін.Олай дейтінім, реактивті қоғалыстардың адам өмірдегі алатын орны адамдардың гептилмен улануы үлкен мәселе тудыруда.Таза күйіндегі гептилдің у екенін әркім-ақ біледі. Әсіресе ең қатерлісі «Протон-К» зымырандары болып саналады.Оның отын багіне толтырылған 500тонна гептил көтерілген бетте түгел жанып кетпей,2-3тоннасы ұшып өткен жолында ауа арқылы,желмен жүздеген метр жерге жайылып,топырақ,өсімдік,су көздеріне түседі. Әйгілі Королевтің өзі де гептилді зымырандарға сұйық отын ретінде пайдалануға қарсы болғандығы жайдан-жай емес шығар.Жалпы біздің облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына облыс бойыша зымырандардың бірінші сатысының бөлшектері құлайтын 39 аудан белгілі. Олар төмен түсіп құлдылап келе жатқанда сұйық отын ретінде қолданылатын гептил төгіліп-шашылып,ауаны,жер мен суды улайды. Одан тараған уландырғыш заттар төңіректегі 130 елді мекеннің үстінен себелеп өтеді».

  • Сіріңке талшықтары бекітілген ракета макетін тұтандыру.

 

  • «Бүгінгі сабақ ұнады ма?»   Стикерлер арқылы кері байланыс алу.

Үй жұмысын беру.   §21. 18-жаттығу №1,2 есептерін орындау.

Есептер жинағы 9 кл №11.5,11.6.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *