Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,
Бекмолдина Р.К.
Сыныбы: 5-6 – біріккен сыныптар.
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: «Әр жүректе соғыс салған жара бар». (Тақырыптың негізгі идеясы).
Мақсаты: әңгіменің тақырыбын, идеясын, мазмұнын ашу.
Міндеті: -жаңа тақырыпты ынтымақтаса саралау, жобалау, қорғау;
— сыни тұрғыдан ойлану арқылы соғыс зардабын зерделеу;
-топтық іс-әрекетте шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдылану.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Шаттық шеңбері»,«Қарлы кесек» ойыны, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Фиш боун»«1,2 сандар», «Қара жорға».
Уақыты кезеңі |
Мазмұны |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек |
Кіріспе
5-7минут |
«Шаттық шеңбер» (қонақта қонжық).
Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу.. |
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. Қонжық ойыншығын бір-біріне сыйлаумен, тілек айтуын сұрайды.
Ұстанымды еске түсіруді ескертеді. |
Ойыншық сыйлаумен бір-біріне тілек айтады. Сыйлықтың жылуын сезінеді, достық қарым-қатынас орнайды.
|
Тамаша!
Бәрекелді! |
Оқушылар таңдаған музыка. Ойыншық.
Ұстаным. |
Тұсаукесер.
3минут |
«Бір, екіге санал!»
Мақсаты: оқушылар бірлесе жұмыс атқару үшін топтастыру. |
Мұғалім әскери бұйрықпен: — Қаз-қатар тұрыңдар! Бір-екіге… санал! Тақ сандар жеке, жұп сандар жеке… екі сапқа тұрыңдар! |
Іс-әрекетті орындайды.
Топтасады. |
Тамаша! |
|
Негізгі бөлім. | «Бір қадам артқа».
Мақсаты: суреттен бүгінгі сабақ тақырыбына болжам. |
Ой шақыру әңгіме. Балалар, бүгінгі топқа бөлуде қандай мағына бар? Сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар? | Әскери тәртіптегідей, соғысқа әскер жасақталады тәрізді болжамдар жасайды. | Ойларың дұрыс, жарайсыңдар! | Графопректор, сабақ тақырыбы мен бүгінгі сабақтың мақсат-міндетінен слайд. |
Тұсаукесер. |
Фотослайд: «Соғыс кезеңі».
«Қозыкүрең»;
Мақсаты: метакогнитивтік тұрғыдан өзін-өзі реттеу мен бақылауды қалыптастыру. |
Сабақпен байланысын ашқызады.
5-сыныпқа сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, мына суреттегі тұлпар Қозыкүреңге ұқсай ма, салыстырып көріңдерші? 6-сыныпқа: «Жерұйық» кинотуындысын бәрің көрген боларсыңдар? Осы көрген үзіндіде «Бір атаның балалары» мәтінімен байланыс бар ма? |
Алынған ақпаратты сыни тұрғыдан ойлайды, бағалайды, талдайды және синтездеп пәндік шешім қабылдайды.
|
Диалогке түседі.
Өзін-өзі бағалау.
|
АКТ, фотослайд.
|
«Қарлы кесек».
Мақсаты: әңгіменің тақырыбын, идеясын, мазмұнын ашу, алған білімдерін тексеру мақсатындағы тапсырмаларды білу, түсіну, бағалау.
|
«А,Б,С» бақылайды
1-кезең.оқушыларға жеке жұмыс үшін 3-4 сұрақтан тұратын таратпа тапсырмалар таратады. Үлгі:А. 1)«Қозыкүрең» әңгімесінде кім, не туралы айтылған? 2) «Ер арыса – аруақ,ат арыса – тулақ» деген мақалды «Қозыкүрең» әңгімесінде неге байланысты айтқан? 3) «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын», — деген Төреқұл сөзінің мәні неде? Осы екі адамның достығындай байланыс осы кезде кездесеме? 2,3-кезең. 1-нөмірлерді бір үстелге, 2-нөмірлерді бір үстелге орналастырады. Әр өкілге өз тапсырмасы бойынша әңгімелеуді (араның ұясы) тапсырады. Әр баланы жеке-жеке қадағалайды. 3-кезең. Сынып бойынша топтасып, дәптерге жоспар-тезис жасап, кейіпкерлерге мінездеме беруді, сызба құрауды тапсыру. |
1-кезең. Оқушылар сұраққа жеке жауап берулері керек.
2-кезең. Жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді.
3-кезең. Жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Топтар үш- төрт жауапты бір жауап етіпбіріктіреді. |
Өзара бағалау.
|
АКТ-мен таратпа (деңгейлік) материалдар (қосымша 1) слайды.
|
|
Сергіту сәті: «Қара жорға»
Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. |
Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады. | Бейнетүсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. | Тамаша! | Бейнетүсірілім. | |
«Фиш боун».
Мақсаты: алған білімдерін жинақтау, бекіту. |
Білім бәсекесін тудырып, топ жобаларының мағыналы, көркем безендірілуіне талап қояды. | Бірін-бірі оқыту, дамытуға атсалысу.Топтасады.
Салыстырады, продуктивті жұмыстар құрастырады. Қорғайды,бағалайды. |
Бағалау (жеміс жапсырмалармен) | желім, стикер,музыка, флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы. | |
«Серпілген сұрақтар».
Мақсаты: сабақтың басты сәттерін анықтау.
|
Ұсыныстарын есепке алу және алдағы жұмыс жоспары үшін допты лақтырып әркімге келесі сұрақтарды қояды:
-Сабақ ұнады ма? -Несімен ұнады? -Келесі сабақтың қалай өткенін қалайсың? Бағалау парағын толтырту. |
допты қағып алып, өзінеқойылған сұрақтарға жауап береді
Бағалау парағын толтырады. |
«2жұлдыз, 1тілек»
Критериалды бағалаудың «Б» бағалау парақшасы. |
Кесте «Бағалау шәкілі». |
|
Үйге тапсырма |
Өткен тақырып және туған жер, Отан тақырыбымен байланысты мақал- мәтелдер жазып келу. Әңгіме кейіпкерлері. |
А. 1) «Бір атаның балалары» шығармасында ауыл тіршілігі қалай суреттелген?
2)Ахмет пен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден басталады? 3) Ахметтің отбасы Зигфридті қалай қабылдайды? 3а) Балаға, немереге сүйіспеншілікті кейіпкерлердің қандай әрекеттерінен көруге болады? |
Б. 1) Зекен қандай қиындықтарды басынан кешірді?
2) Ауыл адамдары Ахметке қандай жала жапты? Неге деп ойлайсыңдар? 2а) Ахмет пен Зекен бойынан қандай өнегелі қасиеттерді байқадыңдар? 3) Ахаңның басқа колхозға көшіп кетуі дұрыс па еді? |
А. 1) «Қозыкүрең» әңгімесінде кім, не туралы айтылған?
2) «Ер арыса – аруақ,ат арыса – тулақ» деген мақалды «Қозыкүрең» әңгімесінде неге байланысты айтқан? 3) «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын», — деген Төреқұл сөзінің мәні неде? Осы екі адамның достығындай байланыс осы кезде кездесе ме? |
Б.1) Қозыкүрең қашан, қалай өледі?
2) «Қозыкүрең» әңгімесінде қай жерлер суреттеледі? 3) «Ата ұрпақтар» кімдер, олардың сендерге қалдырар қазынасы нелер? |