Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Жаңарық ауылы
№167 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймаханова Айнұр
Пәннің аты: Әліппе | Уақыты: | Кабинет: Бастаауыш
1 «б» сыныбы |
Мұғалім Баймаханова | |
Сабақтың атауы | Ң ң дыбысы мен әрпі | |||
Мақсаты
|
Ң дыбысы мен әріпімен танысу, мәтін оқи алуға үйрену, көркем жаза білу, аңдармен таныса отырып, олардың атарын жазып үйрену,дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату | |||
Күтілетін нәтиже | Ң дыбысы мен әріпін танысады, мәтін оқи алуға үйренеді, көркем жаза біледі, аңдармен таныса отырып, олардың атарын жазып үйренеді,дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады | |||
Тапсырмалар | 1 Сандықшаға салу
2 Сөз қоржын 3 Кір жаю әдісі 4 Суреттер сөйлейді әдісі |
|||
Топқа бөлу | Тиін, қасқыр, арыстан топтары | |||
Психологиялық ахуал
Ынтымақтастық атмосферасын орнату |
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғалім
мен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
2мин |
|
Қызығушылықты ояту | 1Дыбыстарды қызыл сандық пен көк сандықшаға салу
1 Бармақпен бағалау |
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | 5мин | |
Мағынаны тану | Балалар бүгінгі сабағымызға тиін бізге жаңғағымен бірге келіпті.
Ендеше жаңғақ жинаймыз ба? Жаңғақ сөзінде бізге таныс емес қай әріп бар? Ң әріпі Жаңғақ сөзіне дыбыстық талдау жасау Тиіннің орманда өзімен бірге жүрген достары бар екен. Оларды бір сөзбен аңдар деп атайды.-Аңдар қайда өмір сүреді,оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?-Орманда. Олар жабайы жануарлар. -Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр,қой,жылқы) -Жоқ. -Мына суреттерде ше арыстан жолбарыс Бар бұларды не дейміз? Аңдар Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру. -Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі? -ң (қайталап айту). 2Сөз қоржын Жеке жұмыс Қоржыннан шыққан әр сөзді әр бала оқып торкөздерге жазады. Дыбыстық талдау жасайды. Аң, оң , аңшы, қамшы, таң, тоң, жаңа жаңалық жаңғақ, жаңбыр 2 Бағдаршаммен бағалау 3 Кір жаю әдісі 2 аңдар мәтінін әр топқа екі сөйлемнен оқыту Аңдар Аңдар орманда , тауда , далада болады.Арыстан-аң патшасы. Жолбарыс та сондай аң. Қасқыр жыртқыш. Аңдардың пайдасы бар.Оларды қорғаған дұрыс. 3 Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау |
5мин
5мин
5мин |
||
Сергіту сәті | Жануарлар дауысы
|
Дауыстарды естіп ненің даусы екенін тауып,серігіп қалады. | 3мин | |
Дәптермен жұмыс |
Ң ң аң оң аңшы жаңбыр аң оң таң тоң
|
Әліппенің астындағы жазуды көшіріп жазады. | 5мин | |
Ой толғаныс | 4 Суреттер сөйлейді әдісі
3 топқа астында торкөздері бар суреттер таратылады.Оның не екенін тауып,жазып, дауысты дыбыстардың астын сызады. 4 Фигуралар арқылы бағалау
|
5мин
|
||
Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |