Басы » Информатика » «Стандартты программалар» информатикадан қорытынды кешбет 187

«Стандартты программалар» информатикадан қорытынды кеш

Ақмола облысы 
Зеренді ауданы 
Игілік орта мектебі 
Информатика пәнінің мұғалімі 
Сарсенбаева Жаныл 
«Стандартты программалар» информатикадан қорытынды кеш
Мақсаты: «Информатика кешінің»  негізгі  мақсаты  оқушылар  өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған.Әрбір тақырыпқа сай деңгейлік жаттығулар топтастырылған,теориялық материалдарды пысықтауға негізделген анаграммалар,анықтамалар берілген.
Түрі: қорытынды кеш
Әдіс —  тәсілі:  сұрақтарға жауап, топпен, жеке
Пәнаралық байланыс:  ағылшын тілі, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі:  Интербелсенді тақта,  слайд, тапсырмалар

Кештің барысы:
1-жүргізуші:
-Аманбысың,армысың,асыл халқым,
Шарлай берсін атағың мен әлем даңқың.
2-жүргізуші:
Амандасып алдымен сіздерменен,
Бастайық біз информатика кешін жалпың.
1-жүргізуші:
Ал енді тапқыр,достар,”Информатика кешінің” бастайық. Бастамас бұрын, Тақырыбымызға байланысты Стандартты программаның түрлеріне және оның  қандай қызмет атқаратындығына бір сәт назар салайық!
Стандартты  программаның  түрлері. Слайд 5
2- Жүргізуші:
Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға оны өңдеуге мүмкіндік  береді.Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.  Слайд 6
1-жүргізуші:
   Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.Ол мәтін мен абзацты пішіндеуге,шекараларды жылжытуға,шегініс орнатуға ,әртүрлі қаріпті қолдануға,сонымен қатар графикалық кескіндерді ,дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады. Слайд 7
2- Жүргізуші:
Қарапайым калькулятор-арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды орындайды.
Инженерлік калькулятор-қарапайым калькуляторға ұқсас,бірақ оның батырмалары көбірек ,олардың кейбіреулері 2-3міндет атқарады. Слайд 8
1- Жүргізуші:
Бұл программаға мекенжай мен телефоннан басқа,танысың жайлы да кез келген деректерді енгізіп,сақтауға болады. слайд 9
2- Жүргізуші: Балалар,біз стандартты программаның түрлерімен таныстық,ендігі кезекте біз “Информатика кешінің”2 бөліміне көшейік.  Слайд 10
1-жүргізуші:Тапқыр достар,2 бөлімнің шартты бойынша,біз “информатика кешіне ” арналған  өзіміздің ой-өрісімізді дамытып,қызықты жұмбақтар мен қазақтың мақал-мәтелдерінен бастайық.
2-жүргізуші:
Информатика елінде ,
Мақал айтып табысып.
Шалқытайық көңілді,
Жұмбақ айтып жарысып.
2- жүргізуші:
Ой-өрісімізді дамытып,
Жұмбақтарды шешейік,
Құпиясын ашайық,
Батыл қадам жасайық,
Білімділер алға озсын,
Жеңімпаз болып атанып!  Слайд 11
Жұмбақтар

-Есепті дұрыс шешеді,
өзге тілдің сөзі ол,
жауабын дұрыс береді,
ойлан тапшы тез бол.
(Калькулятор)
-Сызық, төртбұрыш,
домалақ, көпбұрыш,
paint редакторының
бұл түрімен
көп істерді асырдық.
Тапшы қане
қай құралды жасырдық.
(Автофигуралар)

-Міндеті оның білсеңіз,
Тетігін бассаң алаңсыз,
Салады қағаз қаламсыз.
Батырмасын басасын,
Қажетті бейне саласың
(графикалық редактор)
—         Стандартты программаның бұл түрі,
Келтіреді мәтінге пішінді.
Жасайды ол мәтіндік құжатты,
Қолданамыз әр түрлі қаріпті.
(wordpad мәтіндік редакторы)

Мақал-мәтелдер

Компьютер  – даму бұлағы.
Калькулятор – түбі дұрыс шешім.
Информатика пәнін оқысаң ерінбей,
Компьютерді жетік білесің тіленбей.

Ер – елінде,
Стандартты бағдарлама компьютерде.
Ер ұлсыз болмас,
Компьютер жүйелік блоксыз болмас.
Құр судан май шықпайды,
Программасыз  компьютерден мән шықпайды.
Адам Отанын іздейді,
Іздеу бағдарламасы  бәрін іздейді.
ІІ топ
Елді ер сақтайды,
Компьютерді антивирус сақтайды.
Жер – байдыкі,
Су – сайдыкі,
Блокнот – стандартты бағдарламанікі.
Колонкасыз компьютердің үні шықпас,
Жалғыз қыздың мұңы шықпас.
Қол өнері- кілемде,
Есеп өнері калькуляторда.
Процессор-арғымақ,
Тышқан-азамат,
Монитор-жанат,
Пернетақта-қанат.

Сиқырлы сөзді тап

Б к с п р о г
Л а т а н д р а   м
А л ь к у л а р  т   м а
К н о т   я  т о р т ы
І топ
1.Ерікті сызықтарды салуға арналған  құрал аты?
2.Бояулар орналасқан тақта аты?
3.Қандай құрал бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады?
4.Қисық сызықтарды салу құралы?
5.Меню қатарларының бірі
6.Графиктік …..
7.Масштабты үлкейту құралы
8.Қай құрал суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған?
ІІ топ
1 Калькулятор түрі?
2 Бір ғана шрифт түрін пайдаланатын қарапайым мәтіндік редактор?
3 Адам,құрылғы және программаның өзара әрекеттестіктерін қамтамасыз ететін құралдар мен ережелер ?
4
5 Калькулятордың түрі?
6 Word………..редактор
7 Стандартты программаның есептеуіш құралы?
8 Жүйенің кез келген обьектісін іздеп табуға және  олармен қажетті әрекеттер жасауға болатын программаны ата?
9 paint редакторының фигуралық құралының атауы?
10
11 paint редакторында сурет салу құралы?

Артығын тап
ü Инженерлік / Калькулятор / Қарапайым / Информатика
ü Терезе / Ұяшық / Жад / Ямаха / Дәптер
ü Блокнот / Алгоритм / Калькулятор / Календарь
ü Өшіргіш / Қарындаш / Кесте / Құю / Шашыратқыш
ü Модем / Тышқан / Монитор / Процесор / Пернетақта
ü Процент / Бөлу /Sin / Көбейту / Sqrt
ü Палитра /Масштаб/Фонограф
ü Жазба/Интерфейс/Шашыратқыш/Шрифт
ü Тышқан/Пернетақта/Монитор
ü Қалам/Сызық/Эллипс/Көпбұрыш
ü Өшіргіш/Шашыратқыш/Қарындаш/Пернетақта/Қисық
ü Тақырып жолы/Меню жолы/Пішімдеу тақтасы/Сызғыш/Станандартты программа
«Кім жүйрік!» Сөз тіркестерін сәйкестендіріп жаз

Стандартты жол
Графикалық Pad
Word прграмма
Командалық редактор

Жауабы: 

Стандартты программа
Графикалық редактор
Wordpad
Командалық жол

Дұрыс орнын тауып  қой!
Paint графикалық редакторы

Қылқалам                            
  Бұрыш дөңгеленген доғал тік төртбұрыш
Қарындаш                            
  Тік төртбұрыш
Құю(заливка)                       
  Масштаб 
Түс таңдау                           
   Сызық
Қисық                                     
 Белгілеу 
Ерікті аймақты белгілеу   
  Бүріккіш
Өшіргіш                               
  Эллипс
Жазу                                       
 КөпбұрышБлокнот
Калькулятор 
Word pad
1)……..құралы,бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
2)…………құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады
3)…………бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған
4)………….құралы,тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды
5)………… құралы,кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді
6)………….бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді
7)………….бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған
8)…………ерікті сызықтарды салуға арналған.осы құралдың қажетті түрін таңдап алуға болады
9)……пульверизатор эффектісін береді
10)……..бұл сурет ішіне мәтінді орналастырады
11)……….түзу сызықты салуға арналған
12)…………тегістелген,қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді
13)………….тік төртбұрыштар салуға арналған
14)…………..ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады
15)…………..шеңбер және эллипс салуға арналған
16)……………бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
17)…………бір ғана шрифт түрін пайдаланатын қарапайым мәтіндік редактор. Әдетте ол телеграмма, хат сияқты қысқа мәліметтерді дайындауда қолданылады.
18)…………. әдеттегі инженерлік, арифметикалық калькулятор сияқты жұмыс істейді.
19)………….мәтіндік редакторы – құрамына жиі пайдаланылатын командаларды орындауға арналған аспаптар панелі енгізілген.
             Қорытынды:  Әділ қазылар алқасына сөз беру.   Жеңпен топты атау.
Марапаттау кезі.
5 – сынып, 2

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *