Басы » Tәрбие сағаттары » Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

kzҚарағанды облысы, Саран қаласы

№ 17 жалпы білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі —

 Салтанат Рымбековна Такауиева 

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 4-сыныпта өткізілген

ашық сабақ әзірлемесі

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сан есім, сын есім, көптік, жіктік, тәуелдік, септік жалғауларын,  септеулік шылауларды қайталау, дыбыстық талдау жасау.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

1.Білімділік. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табысары туралы оқушының білетін білімдерін толықтырып, тың мәліметтермен таныстыру. Астана қаласы, еліміз туралы өткен білімдерін пысықтау. Тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс атай білуге, сабақ барысында кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйленім үлгілерінде дұрыс қолдана білуді үйрету.

  1. Дамытушылық. Білім алушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, көру қабілеттерін шыңдау. Ауызекі сөйлеу тілдерін, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту. Айтылым, жазылым, сөйленім әрекеттерін сабақ барысында өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
  2. Тәрбиелік. Оқушыларға еліміздің бас қаласы – Астана қаласының мемлекет өміріндегі алатын орнының маңыздылығын түсіндіру, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға ат салысуға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, Кластер, пысықтау, көрнекілік арқылы шығармашылық ізденіс тәсілі, пысықтау, тест орындау.

Сабақтың түрі: ойын сабағы, шығармашылық ізденіс.

Сабақтың көрнекі құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, суреттер, Қазақстан, Астана туралы слайдтар, компьютер.

Пәнаралық байланыс: ән-күй, бейнелеу өнері.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Отырғызу.

Психологиялық кезең.
Қайырлы таң, достым,

Қайырлы күн болсын.

Жұманың әр кезі,

Сәттілікке толсын.

ІІ. Кластер әдісі арқылы өткенді қайталау.
Мұғалім оқушылардан Қазақстан, Астана тақырыбында бірнеше сұрақтар қойып, жауабын сұрайды.  Мұғалім интерактивті тақтада жазып тұрады. Барлық атаулар толық аталған соң, суреттерін тақтадан көрсету.

??? Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
  2. Қазақстанның елбасы кім?
  3. Қазақстан қандай мемлекет?
  4. Біздің қандай рәміздеріміз бар?
  5. Астанада қандай өзен ағып жатыр?
  6. Астананың символы не?
  7. Қазақстанның табиғаты қандай?
  8. Бәйтеректің ұзындығы қанша, неліктен?
  9. Қазақстанда қандай таулар, ірі көлдер, өзендер, теңіздер бар?
  10. Қазақстандағы ірі өндірісті қалалар қандай?
  11. Оларда не өндіріледі?

Берілетін жауап үлгілері:

Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы. Астана – біздің елордамыз. Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, күшті мемлекет. Елордамыз Астана — үлкен, әдемі қала. Астанада Есіл өзені ағып жатыр. Бәйтеректің ұзындығы 97 м, себебі, 1997 жылы салынған. Қазақстандағы ірі таулар: Алатау, Қаратау, Хан Тәңірі, ірі теңіздер: Арал, Каспий, ірі өзендері: Әмудария, Сырдария, Шу, Есіл, ірі көлдері: Алакөл, Шайтанкөл, Балқаш. Қазақстандағы ірі өндірісті қалалар: Қарағнды, Атырау, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Шымкент т.б. Қарағандыда – көмір, Теміртауда – темір, Шымкентте – мырыш, мақта, Жезқазғанда – мыс, Балқашта – алтын өндіріледі.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің Отаным» туралы өлеңдерді жатқа сұрау.

Өлең жолдары интерактивті тақтадан көрініп, аудиотыңдалымнан жазылып тұрады.

  • оқушылар өлең жолдарын бір жолдап қайталайды;
  • өлеңді интерактивтітақтасыз, аудиотыңдалымсыз қайталау;
  • 4-5 оқушыдан өлеңді жатқа сұрау.

ІV. Ережелерді қайталау мақсатында мысалдар келтіру.

Жалғау түрлері: көптік, тәуелдік, жіктік және дыбыстық талдау (фонетика).

  • ҚАНДАЙ? – сұрағына жауап беру.
  • Көптік жалғаулары.

Оқушылар тақтадағы суреттерді қойып жауап береді.

Үлгі: — Бұл не? – Бұл өзен.

  • Қандай өзен?
  • Есіл өзені.
  • Есіл өзені қандай?
  • Есіл өзені үлкен, әдемі, көгілдір түсті.

*** Септік жалғауларын қайталау

Сөздердің септік жалғауларын жалңғауы –септелу деп аталады.

Септік жалғаулары көбінесе зат есімдерге жалғанады.

Қазақстан, Астана – сөздерін септеу

  1. Меңгерілетін сөздер мен сөз тіркестері:

Жоғарғы Кеңесі – Верховный Совет

Жариялады- объявили

Қазақстан тарихына – в истории Казахстана

Сондықтан да – поэтому

Бүкілхалықтық – всенародный

Маңызды оқиға- важное событие

  • Сөздерді тақтадан мұғалімнің оқуы, түсіндіруі.
  • Оқушылардың дауыстап оқуы.
  • Қысқаша сөз тіркестер мен сөйленім үлгілерін ауызша құраулары.
  1. Жаңа сабақ. Қазақстан — тәуелсіз мемлекет.

*** Мәтінмен жұмыс.

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Бұл күн – Қазақстан тарихына «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылады.

Сондықтан да 16-желтоқсан – бүкілхалықтық мереке. Республиканың халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

  • Мәтінді мәнерлеп оқу;
  • Мәтінді сөздіктің көмегімен аудару:
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;
  • Мәтіннің бір-бір сөйлемін балаларға таратып беріп, ретімен орналастыру.

*** Сергіту сәті. Ән-күй пәнімен байланыстыру.

VІ. Шығармашылық ізденіс. Дәптермен жұмыс.

Оқулықтағы 2-тапсырма 2 қатардағы оқушыларға беріледі: мемлекет, мереке, оқиға, күн. Республика сөзін барлық оқушы ауызша түрде септейді.

«Баспалдақ» — берілген сөздердің бірімен құрастыру.

   VІІ. Ой шақыру стратегиясы.

Отан туралы мақал-мәтелдің мән-мағынасын ашу.

ҮІІІ. Тіл сындыру минуты.

*** М.Әлімбаевтың «Республикама қарашы!» өлеңімен танысу.

Ақжайық, Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы.

Республикама қарашы!

Жерінің дәні маржандай,

Қырманы асқар таулардай,

Республикама қарашы!

ІХ. Рефлексия.

Сабақты бекіту. «Бәйге» сұрақтары:

«Полиглот»

Рәміздер – символы – symbols

Ту – флаг– flag

Тіл – язык– language

Отан – Родина– Monherland

Мемлекет – государство–state

Халық – народ–people

Достық – дружба– friendship

Х. Үйге тапсырма беру.

ІІІ деңгей. Өлеңді жаттау.

ІІ деңгей. Қазақстан – тәуелсіз мелекет тақырыбында сұхбат дайындау (3 сұрақ-жауап)

І деңгей.

5 жолстратегиясы.   Қазақстан

Туған жерім, туған елім, көркем, кең байтақ, сен менің.

ХІ. Бағалау. Сабақ соңы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *