Басы » География » Қытай елі

Қытай елі

maxaҚаратау қаласы №2 колледжінің география пәнінің мұғалімі

Махажанова Гульмира Дайрбековна

Сабақ тақырыбы:  «Қытай елі»

Сабақ мақсаты:

 Білімдік:  Оқушыларға Қытайдың географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.

Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау,зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту.

Тәрбиелік: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану,өсіп-өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Білімгерлерді Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.

Дамытушылық:  Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру  жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.  Өзіндік ойлана білуіне,  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға,   өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Сабақ көрнекілігі: Зымыран сұрақтар, венн диаграммасы, концептуалды кесте, , жер шарының физикалық картасы, венн диаграммасы.

Сабақтың түрі:       Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі:       Салыстыру, картамен жұмыс, әңгімелесу, баяндау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларға қажетті құралдарын алғызып  сабақ өтуге дайындау, түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы,  ҚР  әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,

ІІ. Өткен сабақты шолу

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жапонияның жалпы мәліметі қандай?

2.Жапония мемлекетінің құрылысы?

3.Қалыптасу тарихы қандай?

4.Табиғаты мен ресурстары

5.Халқы

6.Ауыл шаруашылығы

7.Жапонияның көлігі және сыртқы экономикалық байланысы.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

Жерінің ауданы –9 млн600мың  км2.

Халқы-1,5  млрд адам.

Астанасы – Пекин .

Мемлекеттік құрылымы-социалистік мемлекет.

Мемлекеттік басшысы – ҚХР-ның төрағасы.

Заң шығарушы органы-  халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы

Мемлекеттік тілі-  қытай (хань)   тілі.

Ақша бірлігі – юань

Аумағы, шекарасы: Қытай Халық Республикасы жер көлемінен дүние жүзіндегі 3-орындағы мемлекет.Ұлы жібек жолы басталған ел. 23провинциясы, 5 автономиялы ауданнан тұрады.Орталыққа бағынатын 3қала: Шанхай, Пекин, Тяньцзынь

Табиғаты мен ресурстары:  Қытай аумағының 30%-ы теңіз деңгейінен 1000м биіктікте орналасқан. Непалмен шекарада әлемдегі енбиік шың –Джомолунгма (Эверест,8848м)орналасқан,  сонымен бірге Тәңіртауы (Тянь-Шань)жатыр.  Қытай су ресурстарына бай:7%құрайды.

Басты өзендері-Янцзы, Хуанхэ, Сунгари, Сицзян

Бейне ролик: «Қытайдың таңқаларлық табиғаты»

Халқы: Қытай көп ұлтты біртұтас мемлекет, 56-ұлт өмір сүреді. Негізгі халқы-ханьдықтар. Өзге 55 ұлты саны 108,5млн адам 9% құрайды. Ең көп этностық топ-чжуандар. Қалғандары дүнгендер, ұйғырлар, тибеттіктер, монғолдар, қазақтар т.б. Ең азы-лобалықтар. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы: ерлер-67 жас, әйелдер-69ж.Ресми дінсіз ел болып есептеледі,бірақ. Буддизм, конфуциялық.

Мәдениеті  мен тұрмысы:Бейне ролик:

Қытайдың ең танымал және әдемі қалалары

Шаруашылығы: Жалпы сипаты. Индустриалды аграрлы ел. Көмір, темір өндіруден, мақта мата тоқу, теледидар, радиоқабылдағыш шығарудан дүние жүзі бойынша 1-ші орында.

Халықаралық бағыттар: Сыртқы рынокқа бағытталған 14 ашық қала экономиканы даму барысында «терезе»және делдал рөлін атқарады.

 

ІҮ. Бекіту.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • 25- бойынша кесте толтыру. 1-кесте. (Оқулықты және атлас-картаны пайдалана отырып, кестені өз бетімен толтыру )
Сұрақтар Жауаптар
Елдің толық  аты
Астанасы
Әкімшілік-территориялық бөлінісі
Жер бедері қандай
Ең биік  нүктесі
Климаты
Өзендері мен көлдері
Табиғат байлықтары
Халық саны
Урбандалу дәрежесі
Ірі қалалары

 

 

Венн диаграмасы.

 

Жапония               Ұқсастығы             Қытай

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Қорытындылау.  «Жедел сұрақ- жедел жауап»

Қытайдың  аумағының  табиғат жағдайлары мен ресурстарына  шаруашылық тұрғыдан  баға беріңдер. Жауаптарыңды  нақты мысалдармен толықтырыңдар.

Қытай жеріне  қандай  табиғат  зоналары  тән? Олардың басты  ерекшеліктері  қандай?

Қытай халқының қоныстану сипатын анықтаңдар. Басты  қала агломерацияларын табыңдар.

ҮІ. Бағалау

Үйге тапсырма: §25,26,27   Экономикалық – географиялық  жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.  Халқы.  Шаруашылығы.

Сыртқы байланыстары.

 

(оқу, мазмұндау, конспектілеу, қысқаша реферат.)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *