Қарағанды облысы,Ұлытау ауданы
№11 Қоскөл орта мектебі тәрбие ісінің орынбасары
Тортаева Айгуль Сериковна
Тақырыбы: «ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2015»БАЙҚАУЫ
Мақсаты: қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту
жүргізуші
Қайырлы күн, ұстаздар,оқушылар мен ата-аналар!
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас сынып жетекшілеріміз сайысқа түскелі отыр. Сынып жетекші дегеніміз кім? Сынып жетекшісі — сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог.
Сынып жетекші туралы мектеп оқушыларының пікірлерін тыңдау үшін бір сәт бейнефильмге назар аударайық
(мектеп психологының оқушылармен жүргізген сұхбатына назар аударыңыздар)
Енді ата-аналар не дейді екен?(бейнефильм)
Осындай мақтанышпен Құрмет пен қошемет көрсетіп,байқауға қатысушы сынып жетекшілерімізді ортаға шақырайық.
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға.
Мектепішілік «Үздік сынып жетекшісі» байқауына қатысушы ұстаздарды ортаға шақырамыз.
Жас болса да ұстаздықты қалаған,
Міне,бүгін топқа түспек аламан
Анар атты бастауыш сынып ұстазын
Қошеметтеп қарсы алып тұр бар адам.
1.Жусупова Анар Хамитбекқызы -бастауыш сынып мұғалімі
өмірлік ұстанымы: Желге жүрсең ғана, жеңіс туы желбірейді. жұлдызнамасы- егіздер
жұлдызжорамал: Сіз үшін бұл жылдың қызығы мен шыжығы мол болады. Өміріңізде бұрын-соңды болмаған оқиғалар болып, жақындарыңыз танымайтындай өзгересіз. Жеке өміріңізде, мансап жолында, ақша мәселесінде, имиджіңізде барлығы жоспарлағаныңыздай болады. Өзіңізді наурыз айында патшайымдай сезінесіз. Шілде айы нағыз жұмыс пен ақша табудың мезгілі.
Абыроймен өтеп ұстаз парызын
Шәкіртіне шашқан жүрек жалынын
Жұбаныштың әрбір сөзі-тағылым
Маманы ол қазақ тілі пәнінің
2.Ақан Жұбаныш Жұмакелдіұлы -қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
өмірлік ұстанымы: Ең биік ту – намыс туы.
жұлдызнамасы- шаян
жұлдызжорамал: 2015 жыл сіз үшін сәтті өтпек. Әлемде, елде болып жатқан жаңалықтардан қапы қалмай, өз пайдаңызға қолданаңыз. Өйткені сіздің шығармашылық белсенділігіңіз күннен күнге артып келеді. Қой жылында алға қойған мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалады .Өйткені бұл сіздің жылыңыз. Қыс айларында жұмысыңыз алға басады. Ата-аналарымыз үйреткендей сабырлық танытыңыз. Бастықтарға сіздің жұмысқа деген құлшынысыңыз бен өзіңізді көрсете білуіңіз ұнайды. Кәсібилігіңізді арттырудан жалықпаңыз.
Кір шалмайтын ешқашанда қабағын
Бекзаттың қадамына қарағын
Пән ішінде пәндердің бір төресі
Алып жүрген технология сабағын
- Мәделханов Бекзат Камалұлы -технология пәні мұғалімі
өмірлік ұстанымы: Қадыр Мырза-Әлінің “қардай ақ бол, суық болма, судай мөлдір бол, сұйық болма, тастай берік бол, қатты болма”жұлдызнамасы- бикеш. жұлдызжорамал: Қой жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. Қайсар жан екеніңізді естен шығармаңыз. Кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақСонымен қатар қой жылында оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер туады. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ. Шешім қабылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз. Пайдалы әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз. Жұлдызжорамал бойынша бикештерге 2015 жыл — жағымды жаңалықтар мен күтпеген тосын сыйларға толы болмақ.
Мектепішілік «Үздік сынып жетекшісі» байқауының ашылу құрметінің алғы сөзін мектеп директоры Бралин Абдиманап Саматұлына береміз.
жүргізуші
«Ұстазым» әні орындайтын Өмірзақ Арай
жүргізуші
Кім жеңеді байқауда үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Қазы алқасы атыңды ақта бүгін
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда,-дей келе байқаудың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
- оқу –тәрбие ісінің орынбасары Тлеуова Шайзат Дүйсенқызы
- мектеп психологы Анихан Асылзат
Сергіту сәті сіздерге
«Аңдар мен жәндіктер» Сынып жетекшілерге қағаз бен қалам таратылады. Әр қатарға өздеріңе ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазасыңдар. Саны алтау. Осыдан кейін әркім менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында үзілісте өзі жазған сөздерді рет — ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау.
Қорытынды:
- Мені жұрт… деп ойлайды.
- Мені… деп ойласа екен деп ойлаймын.
- Дәл өзіңіз…
- Сіз жұмыста…
- Достарыңыздың алдында…
- Негізі…
Сайыс мына кезеңдерден тұрады:
1) «Мен сынып жетекшісімін» атты тақырыпта өзін-өзі таныстыру;
2) «Менің сыныбым өзгеше»
Бейне-роликтер байқауы (слайд-шоу)
3) өз өнерін көрсету
4) «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке». педагогикалық жағдаяттарды талдау және оны шешу
жүргізуші
Сайыста қаймықпайды, тайынбайды,
Қиыннан ешқашанда мойымайды.
Сайыстың бұл кезеңін бастайық біз
Әр ұстаз айта кетсін өзі жайлы.
1 тур. Байқауға қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы (еркін)
(сайыскерлер ортаға шығады)
жүргізуші
Мұғалім деген ерекше қауым, дара шың,
Ол жаңашыл, жаңалық іздеп табатын.
Әр ұстаз өзі еткен бар ісін,
Уақыт келді ортаға салатын-дей келе, «Менің сыныбым өзгеше»
Бейне-роликтер байқауы (слайд-шоу)
(сайыскерлер ортаға шығады)
жүргізуші
Ойы озық өзге жаннан шарықтаған
Өнері көкке қарай қалықтаған,
Көкірегі ояу, парасатты ой иесі,
Білім беру жолында жалықпаған-деп, сынып жетекшілерін өз өнерін көрсету үшін 3 кезеңге шақырамыз
Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы — қилы ойды ортаға салайық.
Сан — салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. Ойлануға 2 минут.)
Ата-аналармен тренинг«Өтінемін» ойыны
– Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
– Рахмет, ғафу етіңіз. өтінемінМен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет. Егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.
– секіріңіздер;
– өтінемін, қол шапалақтаңыздар;
– оң аяқтарыңызды көтеріңіздер;
– өтінемін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз;
– құлақтарыңызды ұстаңыздар;
-өтінемін, бір-бірлеріңізбен қолмен сәлемдесіңіздер;
– қолдарыңызды алға созыңыздар;
– өтінемін, бір-бірлеріңізге күлімдеп, құшақ ашып амандасыңыздар;
– алға бір қадам тастаң;
– өтінемін, бір-біріңізбен қоштасыңыздар;
Рахмет,орындарыңызға жайғасуға болады.
Музыкалық үзілісте:
1 би мен КВН
Сайыскерлерімізге арнайы қойылатын ситуациялық сұрақтар.
(сұрақтар таратылып беріледі). Ұстаздарымыз ситуациялық сұраққа дайындалғанша
мектебіміздің әншісі ———————«Аяулы мектебім» әнімен ортаға шақырамыз.
жүргізуші
Бойларыңда от бар екенін байқадық,
Жүректерде шоқ бар екенін байқадық.
Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,
Жалындатып шарықтаңдар, әрдайым.
Байқауымыздың қорытындысын әділқазылар алқасы шығарғанша мектебіміздің әншісі —————————————орындауында .Мектебім әнін қабыл алыңыздар!
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл — қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.
Керемет жұмыс!
жақсы жұмыс