Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп – лецейі
Бастауыш сынып мұғалімі Алияскарова Акмарал Бакбергеновна
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Сөз таптарын қайталау, заттың санын білдіретін сөздерге неше? Қанша?
Нешінші? деген сұрақтар қойдыру арқылы сан есімдердің екі түрін таныту.
Осы мақсаттағы жаттығуларды орындау барысында оқушылар сан
есімдерге сұрақ қоя білуге, олардың зат есіммен байланысын аңғаруға,
мәтіннен сан есімдерді таба білуге үйрету. Зат есімдер заттың санын, ретін
білдіретінін ұғындыру. Жаттығу орындау барысында сандарды сөзбен
жазуда, бір таңбалы сан бір сөзбен , екі таңбалы сан екі сөзбен
жазылатынын білдіру.
- Дамытушылық: Мақал – мәтелдер арқылы ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын
молайту, ауызша сөйлеу тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, достыққа, тапқырлыққа, көркем жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, ажырату, ассосация әдісі, тұжырымдамалық карта.
Көрнекілігі: Кесте, интерактивті тақта,слайд, таратпалар, бағдаршам.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Сабаққа дайындығын қадағалап, назарын сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
456- жаттығу. Тірек сөздер бойынша әңгіме құрап жазу.
Қазақтың ғарышкерлері жайлы біліп келу.
Оқушыларға жаттығуды оқытамын.
Балалар, ата – аналарыңнан қазақтың ғарышкерлері туралы біліп келіңдер деген болатынмын.Қазақстанда қандай ғарышкерлер бар екен?
-Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.
-Жарайсыңдар балдар.
Олар жайлы не білеміз?
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілде күні Қарағанды облысында дүниеге келген.
1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшқан. 7 күн 22 сағат 13 минут ғарышта болған.
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.Екінші ғарышкер.Ең алғаш ғарышқа 1994 жылы ұшқан. Ғарышта 126 күн өткізген.
Өткен тақырыпты пысықтау.
«Ассосация» әдісі бойынша ( сын тұрғысынан ойлау технологиясы)
-Сөздер мағынасына қарай неше сөз таптарына бөлінеді?
Зат есім дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді?
- Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
- Етістік дегеніміз не?
- Сын есім денеіміз не? Сұрақтары қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
-Балалар, бұл ненің суреті? (Гүл)
— Бұл қай сөз табына жатады?
— Зат есім
— Гүлдің түсі қандай?
— Қызыл
— Қай сөз табына жатады?
— Сын есім
Гүлдің күлтесі нешеу?
- Бесеу
- Бұл қай сөз табына жатады?
- Сан есім
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Сан есім заттың санын білдіреді. Қанша, неше, нешінші? деген сұрақтарға жауап берді.Сан есімдерге –ыншы, -інші деген жұрнақтар жалғанса нешінші деген сұрақ қойылады.Сөздер жуан айтылса – ыншы, жіңішке айтылса –інші деген жұрнақтар жалғанады.
Бүгінгі сабағымызда біз сан есімге байланысты жаттығу жұмыстары мен әр түрлі тапсырмалар орындаймыз. Олай болса, жаттығу жұмыстарын орындауға кірісейік?
Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің жадын жазайық.
Бүгінгі тақырыбымыз қандай дыбыстан басталып тұр? (С)
Олай болса, С с – әрпін көркем етіп жазайық.
Көркем жазу. С с С с С с
Оқулықпен жұмыс. 457 – жаттығу. Өтірік өлеңді оқып, сан есімдерді табады.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім.
Жүз қасқырды өшіккен,
Бір қозыға бақтырдым. (Қадыр Мырза Әли)
Қадыр Мырза Әли деген кім?
1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысында дүниеге келген. Ақын, жазушы, аудармашы.
Қазақстан Республикасы әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.
Ойын «Кім тапқыр?» . Ойынның шарты: Мақалды дауыстап оқимын, жоқ сөздің орнына керекті сан есімдерді оқушылар тез ойлап айту керек.
Кім тапқыр?
- ______ ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.( тоқсан)
- ______ теңгең болғанша, (жүз)
______ досың болсын.(жүз)
- Білекті ____ жығады, білімді ___жығады.(бірді) (мыңды)
Тақтамен жұмыс. 458- жаттығу. Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшіреді.
Марат 9 жаста. Ағасы Мұрат 11 жаста. Ал қарындасы Айгүл 7 жаста.
Сергіту сәті.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
-Балалар, өлеңде адамның қандай дене мүшелері туралы айтылған?
-Қол мен көз туралы.
-Олар жайлы не білесіңдер?
Көзбен көреміз, қолмен ұстаймыз.
Жаттығуда қандай санды кездестірдік?
Екі саны
Күнделікті математика сабағында ғана емес, басқа уақыттарда да ( дүкенге барғанда, автобусқа отырғанда) сандармен кездесіп тұрады екенбіз.
Өзіндік жұмыс.459- жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.
Ребустың шешуі: «Алпыс»
460-жаттығу. Сөздерге сұрақ қойып, неліктен сол сұрақты қойғандарын дәлелдейді.
Бірінші, алтыншы, бес, сексен, тоқсан.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендерін білу үшін тұжырымдамалық карта аламын.
Тұжырымдамалық карта
Сөз таптары | Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік |
Күшік | ||||
Жеті | ||||
Оқыды | ||||
Қызыл | ||||
Мұғалім | ||||
Бесеу | ||||
Ойнап жүр | ||||
Биік | ||||
Сексен | ||||
Биледі |
Оқушылардың білімін «Бағдаршам» арқылы бағалау
Балл | Түсі | Баға |
9-10 | Жасыл | 5 |
7-8 | Сары | 4 |
5-6 | Қызыл | 3 |
Ү. Үйге тапсырма беру: 461-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрап жазу.
Ережелерді жаттау.