Басы » Бала бақша » Құстар біздің досымызбет 117

Құстар біздің досымыз

araАйнаш Сәкенқызы Таурбаева

Павлодар облысы Екібастұз қаласы №12 «Арай» бөбектер бақшасының

даярлық тобы тәрбиешісі

 Білім беру саласы:   Шығармашылық

Бөлімі:   Сурет

Тақырыбы: « Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде

мағлұмат беру. сабақтан тыс әдіс арқылы құстың суретін салу.

Міндеті: Құстарға негізінен қамқор болуға, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.

Білімділігі: Балаалрға сабақтан тыс әдіс арқылы құстың суретін салуға үйрету.

Дамытушылығы: Құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту.

Тәрбиелігі: Құстарды аялауға және сурет салу кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Құстардың суреттері, мнемотаблица, эйлор шеңбері,

пламастер , ақ қағаз, сүлгі, мақта, құстың мамығы.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,

Іс-әрекет сатылары    Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандырусезімді ояту. Шаттық шеңбер құру

                                      Ауадан қуат алайық,

                                         Алақанға салайық,    

                                       Жерден нәр алайық,

                                         Алақанға салайық.

                                       Күннен шуақ алайық,

                                         Алақанға салайық,

                                       Күн шуағын апайларға   сыйлайық!

 

Балалар өлең жолдарын айтады.

 

Ізденістер.

Ұйымдас-тыру

Кіріспе

Үнтаспадан құстардың дауысын естірту.

-Балалар ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

-Дұрыс құстардың дауысы. Бүгінгі сабағымыз құстарға арналады.

— Қандай құстарды   білесіңдер?

-Біздің Екібастұз қаласында қандай құстар кездеседі?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

Олар нені қорғайды?

-Табиғатты қорғауға, аялауға сендер қандай үлестеріңді қосып жатырсыңдар?

 

Құстар туралы тақпақ білеіңдер ме?

Құс сұлуы аққуым,                                           Қуаныш құйып көңілге,

Табиғат көркін сыйлаған.                               Даланің сансыз торғайы.

Мылтығын кезеп еш мерген,                         Күнімен мөлдір көгімде,

Атуға көзі қимаған.                                           Әндетіп тұрса болғаны.

Әлемге мәлім елімнің

       Тоқылдақ толы орманы.

         Ажарын ашып жерімнің,

           Тәрбиелеп тұрса болғаны.

 

Мнемотаблицамен жұмыс :

«Құстарға сипаттама беру»

 

 

 

 
Бұл не?       Көлемі

 

 

 

Түсі               дене

бөлшегі

 

 

 

 

Немен жабылған

 

 

 

 

 

 

Дауысы

 

 

 

 

 

 

Немен қоректенеді?

 

 

 

 
Қалай қозғалады?

 

 

 

Қайда мекендейді?

 

 

 

 

Балапандары қашан пайда болады

 

 

Құстап қалатын құстар

Ұшып кететін құстар

 

 

Құстың суретін сабақтан тыс әдіспен салу

 

1.Үлгімен таныстыру

2.Әдіс-тәсілдермен таныстыру

а)Балалар қолдарын дайын бояуға малып,негізгі бетке алақандарын   бастырады.

ә) Тұмсығын,көздерін,аяқтарын фломастермен салады.

 

Сергіту сәті:

Қәне қанат жазайық, қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,

Сауысқан болып секіріп,тоқылдақ болып шоқиық

 

Тыйым сөздер:

-Құстардың ұясын бұзба.

-Құстардың балапанына тиіспе.

-құсқа тас лақтырма.

 

Эйлер шеңбері:   «Құстарды ажырату»

 

 

 

 

 

 

Құстардың

дауысын.

 

 

Балалардың жауаптары

тыңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өздерінің құстар туралы тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл құс.

Оның түсі ала,

Денесі сопақ, басы дөңгелек, тұмсығы үшкір, үсті мамықпен жабылған.

Дауысы саңқыл-дап шығады. Жем,тары бере-міз,өздері құрт-тармен   т.б қоректенеді.

Олар ұшады, ұяда мекендейді, балапандары көктемде пайда болады т.б.

 

 

 

 

Дайын үлгіні қарастырады.

 

 

 

 

 

 

Балалар әдіс-тәсілдермен танысады.

 

 

 

Өлең сөзі арқылы қимыл-қозғалыс жасайды.

 

 

 

Тыйым сөздерді бірге қайталап айтады,есте сақ-тауға тырысады.

 

 

 

Құстарды үшке бөліп ажыратады.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау -Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

-құстар туралы не білдіңдер?

-қандай әдіспен сурет салдыңдар?

Иә.

Жауаптары.

Алақанмен бастыру әдісі бойынша салдық.

 

                                           Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: құстардың түрлерін, олардың аттарын атай біледі.

Нені игереді:құстарды бір-бірінен айырмашылығын ажырата білу, сұраққа   толық жауап беруді игереді.

Нені білді: құстың суретін сала біледі.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *