Басы » Жаңалықтар » «Сиқырлы саусақ-2015» балалардың қолөнер шығармашылық көрмесі

«Сиқырлы саусақ-2015» балалардың қолөнер шығармашылық көрмесі

  010   «Сиқырлы саусақ-2015» балалардың қолөнер шығармашылық көрмесі

 

Қалалық «Сиқырлы саусақ — 2015» балалардың қолөнер шығармашылық көрмесі екі жылда бір келіп отырады.

Сиқырлы саусақ деп аты айтып тұрғандай,  көрмеге қаламыздың барлық мектептері оқушыларының қолдарынан шыққан өнер туындылары ұсынылады. Әр жылы болатын көрменің тақырыбы әр түрлі . Биылғы жылдың көрмесі  «Қазақ хандығына-550 жыл», «Қазақстан Конституциясына-20 жыл», «Қазақстан халықы Ассамблеясына -20 жыл», «Ұлы Отан соғысының жеңісіне -70 жыл»,Експо-2017 тақырыптары бойынша жасалып көрмеге қойылды. Осы орайда біздің №1 жалпы білім беретін орта мектептің технология, бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің және бастауыш сынып жетекшілерінің еңбектері орасан зор деуге болады. Себебі, өнер десе ішкен асын жерге қойып, оқушылардың бойына өнердің қыр-сырын сездірте, дарыта білетін де осы ұстаздарымыз. Мектебіміздің басшысы А.М.Досанов ұстаздарымызға бағыт-бағдар беріп отырады. Мектебімізде технология, бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін   Е.Қ.Қалманбаев, Е.М.Түскеев, А.Х.Абдрахманова, Б.М.Тлесова, П.Б.Исмайлова ұстаздарымыз оқушылармен аянбай еңбек етіп келеді. Осы еңбектің арқасында биылғы жылдың көрмесінде мектебімізден 12 оқушысы әртүрлі өнер саласы бойынша жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, ұстаздарымызда марапаттауларға ие болды. Мектептер арасында жүлделі ІІ орынға ие болып, қала әкімінің мадақтамасымен марапатталдық.  Болашақта оқушыларға өнердің қыр –сырын дәріптей отырып,  он саусағынан өнер тамған талантты, дарындардың өсуіне ықпал жасаймыз деген ойдамыз.

 

Жазған:    Қарағанды облысы; Жезқазған қаласы

№1жалпы білім беретін орта мектебінің

технология, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Абдрахманова Алмагул Хамаридденқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *