КММ « Григорьев мектеп-балабақша кешені»
Бастауыш сынып мұғалімі
Умбеталиева Турсынай Рахметоллақызы
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов «Қыс»
Смарт мақсаты : Автормен таныстыру арқылы, мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу.
Күтілетін нәтиже: Автормен танысады, мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі идеясын ашады.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер, автордың портреті, сызбалар, аяз дыбысы.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер: «Қарлы кесек», сұрақ-жауап, диалогтік әдіс, ой қозғау, болжау әдістері , СТО технологиясы.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу.
І.Ұйымдастыру бөлімі
А) Шеңберге тұру
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн жақсы, сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «Бестік» болсын!
Ә) А-Я-З әріптері арқылы 3 топқа бөлу.
Топтық ережемізді еске түсірейікші….
-Сабақтың кретерийімен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар, үйге не берілді?
-Тарауды қайталау.
-Өткен сабақта қандай жұмыстар жүргіздік? /тарауды қайталадық, тарау бойынша тест орындадық /
-Қандай тарауды аяқтадық?
«Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем»
-Бұл тарау бойынша қандай өлең шумақтары есімізде қалды?
/2-3 оқушы өлең шумақтарын айтады/
-Біз осы уақыт аралығында қандай мерекелерді тойлап келдік? /ҚР-ң Конституциясының 20 жылдығы, Жеңіске- 70 жыл, Халықтар достығына -20 жыл, Қазақ хандығына-550 жыл/
-Бүгін қараша айының нешесі? Қандай мезгіл? /Күз/
-Ертен қандай мезгіл басталады?
-Қыс айларын кім атайды? /Желтоқсан, қаңтар, ақпан/
— Желтоқсан айында қандай мереклер тойланады?
/1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні, 1991 жылы 1- желтоқсанда сайланды , 16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні/
Қызығушылықты ояту.
1) Оқушыларға слайд арқылы сурет көрсету.
-Балалар, бұл суретті көру арқылы, сендерге қандай ой келді?
-Қай мезгілді елестетіп тұр? /Қыс мезгілін/
Ой қозғау:
-Қанекей, дәптерімізді ашып, осы сурет бойынша бір сөйлемнен құрайық.
/Әр топтан бір оқушыдан сөйлемді оқыту/
- Оқулықпен жұмыс. Сөзжұмбақты шешу
- Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
- Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (аяз)
- Отқа жанбас , суға батпас. (мұз)
-Қандай сөз шықты? /Аяз/
-Аяз қай мезгілде болады? /Қыс мезгілінде/
-Қыс айларын кім біледі?
-Қыста күн қандай болады?
І топ: Ассоциация
боран қар жауады тайғақ
Қыс |
суық аяз қырау мұз
боран
ІІ топ. Аяз сөзіне дыбыстық талдау жасау.
А-ЯЗ- 2 буын, а-ашық буын, яз-тұйық буын
А-жуан,дауысты дыбыс
Я- қосарлы, дауысты дыбыс
З- ұяң дауыссыз дыбыс.
ІІІ топ: Қар, мұз сөздерін пайдаланып бір сөйлем құрап жазу.
-Жарайсыңдар, олай болса бүгінгі сабақта М.Дулатовтың «Қыс» тақырыбымен танысатын боламыз. Жаңа бөлім «Қыста талай қызық бар»
Авторға шолу Міржақып Дулатов 50 жасында қайтыс болды. Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданына Қызылбел ауылында дүниеге келді.Қазақ ақыны, жазушы.
Сергіту сәті: «Аппақ, аппақ жапалақтап» әнін қимылмен орындау.
Мағынаны тану Мәтінмен жұмыс
- Оқушылар топта оқиды.
- Түртіп алу стратегиясын пайдалану (астын сызып отыру)
- Мұғаліммен талдайды
-Мәтін неше бөліктен құралған? (5)
-Әр бөлік қалай жазылған? (азат жолдан)
-Енді әрбір бөлігіне ат қояйықшы.
- Қысқы табиғат
- Үй жануарлары
- Адамдардың қамдануы
- Жылқышы
- Ертеңгі аяз
Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелеу
Толғаныс 4 жолды өлең шығарту.
Қорытынды: «Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушылар сұрақтар әзірлейді
Рефлексиялык-бағалау кезеңі:
Үйге тапсырма: «Қыс» тақырыбында сурет салып, мәтін мазмұнын қайталап, оқу.[bws_related_posts]