Зат есім

бекентайҚостанай облысы  Жангелдин ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Бекентай Күлдір Ескендірқызы

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру, сұрақтар қоя білуге үйрету,оқу,білім -білік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту , ұқыптылыққа,сауаттылыққа  тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру сұрақ- жауап, ой туғызу, шығармашылық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,слайдтар, қима қағаздар, семантикалық карта, интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сыныпты екі топқа бөлу
  2. Психологиялық дайындық 1- слайд
  3. II. Үй тапсырмасын тексеру

4- жаттығу. Зат есім мен етістікті  тіркестіріп  жазғандарын оқыту

III. Өткен сабақты пысықтау

Сөз таптарын еске түсіру. Оқушылардан ережелер бойынша сұрақ- жауап алу

  1. Жаңа сабақ

-Балалар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады»- деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр.Енді 30 жылдан кейін елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген мамандар сендер боласыңдар. Ендеше мұның бәрі сендерден терең білімді қажет етеді.

Осы жайында сендерге мына бір әңгімені айтып берейін.

Алланың жер бетіндегі елшісі Мұхаммед пайғамбар білімдар, ғұлама болған. Бірде Мұхаммед пайғамбарға періштелерінің бірі «Білім артық па, әлде дүние байлық артық па?»- деп сұрақ қояды.

Не деп жауап бергенін білгілерің келе ме?

Ол жауаптармен біз бүгінгі сабақтың міндеттерін орындау барысында танысамыз.

Сабағымыздың міндеттері: Ынтымақтаса отырып, тапсырмаларды орындауға және өз бетімізбен жұмыс істеуге дағдыланамыз.

Мұхаммед пайғамбардың жауабы: «Сиқырлы сандықта»

Суретпен жұмыс. Төмендегі суреттердің бірінші әрпін құрастыру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын тауып аламыз.

2- слайд Дәптермен жұмыс

Күн ретін жазу

3- слайд. Кестемен жұмыс

Зат есімді орыс  тілімен салыстыру

4- слайд. 1- тапсырма Тақтамен жұмыс

-Суретте нелерді көріп тұрмыз?

— Қарлығаш, сауысқан, қарға

-Балалар сұрақ қоялық?

— Не?

-Осы суреттегі сөздерге сөйлем құрастыру керек.

1- жауапты жеңімпаз топтан  бір оқушы шығып, сандықтан алып оқиды.

«Білім артық, себебі ол Пайғамбардан қалған мұра»

5- слайд.2- тапсырма. Суретпен жұмыс

Кім көп зат есім тауып айтады?

2- жауап: «Білімің көп болса, досың көп болады»

6-слайд 3- тапсырма. Дәптермен жұмыс

Мәтінді көшіріп жазып,зат есімді тауып астын сыз. Зат есімдерге сұрақ қой.

3- жауап: «Білімді іздей берсең, толып көбейеді. Ал дүниені жарата берсең, азайып құриды.»

7- слайд. Сергіту сәті:  Поэзия минуты

«Ойлан, тап» ойыны

Жұмбақтар жасыру, жауабын  үш тілде айту

8- слайд. 4- тапсырма. Топпен жұмыс

1 топ: Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз

Төрт түлік: …..,…

Аңдар: …..,…

Құстар: …., …

Отбасы мүшелері: …., …

2 топ: Әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болады?

Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі — …

Кесе, қасық, ожау, тостаған — …

Қияр, сәбіз, қауын, қарбыз — ….

4- жауап: «Білімің көп болса, оны қанша ғасыр сақтасаңда іріп- шірімейді, ал дүние ескіреді»

9- слайд 5- тапсырма. «Таразы басын теңестір» ойыны

2 топтан  екі оқушы шығып Кім? Не? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді жазып жарысады.

5- жауап: «Білімді болсаң сені ел құрметтейді, сыйлайды. Ал байлығың болса,  қызғанышпен қарайды.»

10- слайд 6- тапсырма. Шығармашылық жұмыс

«Сөз құра, тез құра» ойыны

  1. 1 топ:      мектеп                    2 топ:      дәптер

 

  1. Бес жолды өлең жазу

6- жауап: «Білім- өміріңді жарық етеді, ал дүние тура жолдан тайдырады»

  1. V. Жаңа сабақты бекіту
  2. Семантикалық картамен жұмыс
  3. Топтастыру стратегиясы
  4. Қортындылау

-Сонымен Мұхаммед пайғамбар ненң артық депті?

-Білімді

-Ендеше, тек қана білім бізді дамыған елдердің қатарына қосады екен.

VII. Бағалау Топ басшыларын тыңдау

Оқушыларға сыйлыққа кітап тарату

VIII. Үйге тапсырма беру. 5- жаттығу 147- бет. Ұнаған тзат есімге шағын әңгіме жазу

Рефлексия: / әр оқушы алдындағы дөңгелек стикерге өзінің көңіл-күйін, сабақтан алған әсерін сурет арқылы білдіреді./

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *