Павлодар облысы
Павлодар қаласы
№7 жалпы орта білім беру бейімдік бейімдеуге мамандандырған мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Зарихан Алтынай
Тақырыбы:Қайырымдылық
Сабақтың мақсаты.1.Оқушыларды әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, оқу дағдысын қалыптастыру.
2.Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
3.Оқушылардың мейірімді, адал, қайрымды болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдістері. Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.
Көрнекілігі. Ойыншықтар (қоян, түлкі, қасқыр, аю( карточкалар, плакатқа көрнекі етіп салынған суреттер.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен материалмен жұмыс
3.Жаңа сабақ
Кіріспе әңгіме
-Балалар, біз білетін «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейікші.
Қалай басталушы еді? (Оқушылар айтады)
- Қараңдаршы,Бауырсақ домалап келе жатыр еді, алдынан не шықты?
- Қоян шықты.
- Ол қояға қалай әндетті?
Оқушылар хормен Бауырсақтың өлеңін айтады.
- Қане, балалар,Қоян Бауырсақты жеп қоюы мүмкін, сондықтан оны құтқарып қалайық.Көмектесеміз бе?
Қоянның тапсырмасы:
- Олай болса, сендерге мынадай тапсырма : «Қайырымдылық» деген сөзді қалай түсінетіндігімізді айтайықшы.
Қайырымдылық
Гүл өсіру Қайырымды болу
Тал егу Мүгедектерді қорғау
Табиғатты қорғау Қарттарды құрметтеу
Көмек көрсету Аңдарды аялау
Жақсылық жасау Құстарға қамқорлық жасау
Инабатты болу
Кішіпейіл болу
Үлкендерді сыйлау
Олай болса, балалар, бүгін Б.Данабековтің «Қайырымдылық» атты әңгімесімен танысамыз.
Сөздік жұмысын жүргізу
Қасқырдың тапсырмасы
«Қайырымдылық» мәтінін түсініп оқу
Аюдың тапсырмасы:
- Дауыстап оқыту
- Сұрақтарға жауап беру
2.Балалар нені көрді?
3.Балалар қарлығашқа қандай көмек көрсетті?
4.Ол балалардың орнында болсаң, сен не істер едің?
5.Мәтін неліктен «Қайырымдылық» деп аталған?
Түлкінің тапсырмасы:
Шығармашылық жұмыс.
1-топ.Тірек сөздер арқылы әңгіме құрату
Қарт әже, кішкене бала, ағаш ыдыс, баланың әке-шешесі әжейді сыйлымайды, бала ағаштан ыдыс жасап отыр.
2-топ.Плакатқа көрнекі етіп салынған сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3-топ. Қайырымдылыққа байланысты карточкадағы әңгімелерді іштей оқып, мазмұнын айту.
4.Сабақты бекіту.
5.Бағалау.
6.Үйге тапсырма беру.Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып келу.
Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жинау.
[bws_related_posts]