Қазақстанда алғаш рет «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді
✍️ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді.
💡Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.
📥 Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:
▫️Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
▫️Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
▫️Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
▫️Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
▫️Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.
🎯Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың саналы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.