«Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі»
6 «А» сыныбы жетекшісі,тарих пәні мұғалімі
Алибекова тәрбие Қантұрғанқызы
Ашық тәрбие сағаты: Шәкен Айманов — қазақ киносының жарық жұлдызы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру.Қазақ киносының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық: Шәкен Аймановты дарынды актер және шебер режиссер ретінде насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету,суреттер.
Барысы: І.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін қазақ киносының саңлағы, актер, кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына -100 жыл. Баянауыл өңірінің асыл перзенті көзі тірісінде халқына шоқтығы биік туындылар қалдырды.
1-оқушы: Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды. 1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады. 1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті.
2-оқушы: Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысатын.Театрдағы үздік рөлдері: Ақан сері («Ақан сері — Ақтоқты», Ғ. Мүсірепов), Қобыланды («Қарақыпшақ Қобыланды», М. Әуезов), Казанцев («Түнгі сарын, М.Әуезов), Тихон («Найзағай» А. Островский), солдат Шадрин («Мылтықты адам», Н. Погодин), Петруччио («Асауға-тұсау», Шекспир), Отелло («Отелло», Шекспир).
3-оқушы: 1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне түседі.
1940 жылы КОКП мүшесі болып, Қазақ Жоғары Кеңесінің ІV және VІІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
4-оқушы: 1952 жылы «Абай» (М.Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады.
1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді. Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан- жақты ашып, ой толғамдармен қызықтырып, көркемдік жағынан суреттейтін.
5-оқушы: 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді. 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлық Шәкен Аймановқа қаза болғаннан кейін берілген болатын.
6-оқушы: Режиссерлік еңбектері:
1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)
1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге)
1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге)
1957 «Біздің сүйікті дәрігер»
1961 «Бір ауданда»
1961 «Әуен шақырады»
1962 «Жол торабы»
1964 «Алдар көсе»
1966 «Атамекен»
1968 «Тақиялы періште»
1970 «Атаманның ақыры»
7-оқушы: Фильмография:
1938 «Амангелді» — эпизод
1940 «Райхан» — Сәрсен
1943 «Ақ раушан» — майдангер
1945 «Абай әндері» — Шәріп
1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов
1953 «Жамбыл» — Жамбыл
1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов
1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод
1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе
1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай
8-оқушы: Сценарий авторы:
1968 «Тақиялы періште» (Я. Зискиндпен бірге)
Көркемдік жетекші:
1959 «Өмірге жол»
1966 «Ән қанатында»
Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер:
9-оқушы:
1952 — КСРО Мемлекеттік сыйлығы (театрдағы еңбегі үшін)
1958 — Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші жүлде, «Біз осында тұрамыз»фильмі үшін)
1958 — Ташкент. Африка және Азия елдерінің Халықаралық кинофестивалі (диплом, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
10-оқушы:
1959 — Бүкілодақтық кинофестиваль (Құрмет дипломы, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
1963 — Орта Азия мен Қазақстан кинематографистерінің конкурсы («үздік режиссерлік жұмысы үшін» жүлдесі, «Жол торабы» фильмі үшін)
1967 — Қазақ КСР Мемлекеттік К.Байсейітова атындағы сыйлық (көркем шығармашылығы үшін, «Ән қанатында» фильміне)
1969 — Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің конкурсы (диплом, «Тақиялы періште» фильмі үшін)
1972 — Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (марқұм болған соң, «Атаманның ақыры» фильмі үшін)
11-оқушы:
Ленин ордені,Еңбек Қызыл Ту ордені,Екі «Құрмет Белгісі» ордені,Қазақстанның халық әртісі,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,КСРО Халық әртісі(1964),
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952).
12-оқушы:
1952 жылы «Абай» (М.Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады.
1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлық Шәкен Аймановқа қаза болғаннан кейін берілген болатын.
Қорытынды сөз: Шәкен Айманов жайлы естелік.
Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып, қазақ өнерінің жанданып, дамуына үлкен үлесін қосты.
• Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясына Шәкен Аймановтың есімі беріліп, аумағына актер бюсті орнатылған. Киностудияда Шәкен Айманов атындағы кабинет-мұражай ашылды.
• Алматы қаласында көше аты берілген.
• Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр ашылған.
Ілмек100 жыл ашық тәрбие сағат әртісі жарық жұлдызы кино студио КСРО қазақ Қазақ КСР мерей той періште тақиялы тұлға қазақ киносы халық Шәкен айманов