Басы » Tәрбие сағаттары » Ата-ананың бақыты балада

Ата-ананың бақыты балада

Меңдәлі Гүлшат Сисақызы

Ата-ананың бақыты балада 
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір — біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата — ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата — ана екенін түсіндіру.
Құрметті ата — аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата — аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата — аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. 
Қазіргі қоғамда ата — ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата — ананың бақыты неде? Баласы ата — анасын қалай бақытты етпек? Тіл –табиғаттың үлкен сыйы.Сондықтан тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.Әртүрлі тілдік кешігулер,бала тілінің даму кемістіктері оның іс- әрекетіне және мінез құлқына қалай әсер етеді?
Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Ата-ананың бақыты балада» атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Мен бүгінгі пікір таласымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің…
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе — ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
Үміт пен күдіктің ортасында.
Ата — ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата — ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
— Өз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам» ойынын ойналық:
Алдымен мен мамандарға сұрақ қойғам келіп отыр.
Тіл –табиғаттың үлкен сыйы.Сондықтан тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.Әртүрлі тілдік кешігулер,бала тілінің даму кемістіктері оның іс- әрекетіне және мінез құлқына қалай әсер етеді?
Ата — аналар дөңгелек үстелімізге қатысып отырған қонақтарға, балаларыңызға қатысты яғынй өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтар қойасыздар.
Мамандардың жауабы.
«Әрбір баланың мінез құлқы ата — анасының жағымды іс — әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез — құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата — ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата — аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата — ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде балабақшаның жауапкершілігі басым ба?
4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?
Құрметті ата — аналар! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына беген сүйіспеншіліктен басталады»деп елбасы Н. Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардыңдұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.
Біздің балаларымыздың дайындаған ертеңгілігіміз бар, соны тамашалайық.
Ән: «Қошақаным»
Орындайтын: Жанайдарұлы Әліби.
Нұртілеу: Анаң-күнің, жүрегің,
Әкең-өмір тірегің.
Сен-бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансың!
Айшабибі: Әжең-асыл ардағың,
Атаң-дана қорғаның.
Сен-бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансың!
Саян: Ана деген – жылылық,
Ана деген –мейірім.
Асылжан: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі!
Би: Ұлдар биі.
Мамандарға сұрақ.
Балалардың ұяншылдықтарын ашылып сөйлеу үшін,ол балалармен қалай сөйлесу керек.
Бүгінгі пікірталас сайысымыздан қандай әсер алдыңыз? Ата — аналардың пікірлері тыңдалады.
Ата — ананың бақыты баланың дұрыс,он екі мүшесі сау адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата — аналар сіздерге байланысты.
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,
15-ке дейін құлыңдай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» — деген керемет ұлағатты сөзбен «Ата-ананың бақыты балады » атты дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *