Оңтустік Қазақстан облысы, Созақ ауданы Шолаққорған ауылы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ — БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ (Презентация)
Мектептегі тәрбие берудің сапалы деңгейі – нәтижеге негізделген мазмұндық және құрылымдық жаңа
өзгерістегі тәрбие жүйесіне тікелей байланысты. Оның негізгі көрсеткішіне тәрбиеленушінің өмірлік өзіндік
ұстанымы мен еңбек етуге саналы таңдау жасай білуі жатады.
Бұл оқушыға дара тұлға ретінде қарауды талап
етеді. Ал оқушының дара тұлғалық сапалары оның бойындағы бейімділік, икемділік негізінде айқындалады.
Бұл тәрбие мазмұны тәрбиеленушінің өмірлік проблемаларды шешу тәжірибесі және негізгі көптеген
әлеуметтік салаларға қатысты функцияларды орындауымен сабақтасады.
Құрылымы: Өмірлік тәжірибе элементтерін ескереді
Әсері: Проблемалық жағдайларды шешуге қолдануға жағдай туғызады
Мүмкіндігі: Өзін — өзі дамытуына және өзін — өзі басқаруына қолайлы әрекет етеді.
Тәрбие жүйесінің тұлғалық – бағыттаушылық тұрғысынан күтілетін нәтижелер:
1.Іздену – зерттеу, шығармашылық әрекеттерге тән дағдыларды меңгеру;
2.Өз Отанының елжанды азаматы болу, азаматтық белсенділік көрсету, саяси жүйесін түсіну,
болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға бере білу;
3.Экологиялық тепе – теңдікті сақтауға байланысты біліктерін қолдана алу, жоғары
технологияларды меңгеру жағдайын ескере отырып, қоршаған ортаны сақтауға қамқорлық жасау;
4.Мемлекеттік тіл – қазақ тілінде және ұлтаралық қатынас тілінде, шетел тілінде қарым –
қатынас жасауға мүдделі болу;
5.Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу, оның ішінде нарықтық қатынас жағдайында
өз бағытын және кәсіби өсуін анықтай алу;
6.Әлеуметтік дағдыларды қолдана білу, отбасында, қоғамда, басқа адамдармен бірлескен
қызметте өзінің әлеуметтік ролін орындай алу;
7.Әрекетті шындыққа сай жоспарлау мен ұйымдастыруды өз мүмкіндіктерімен, жеке бас
жетістіктерімен сәйкестендіре алу, өзінің өмірі мен жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну;
8.Өз халқының мәдениетін және әлемнің көп қырлы мәдениетін түсіну және бағалау, рухани
келісім мен төзімділік (толеранттық) идеяларын ұстану;
9.Салауатты өмір салты және әлеуметтік қызметке қатысты дағдыларды меңгеру.
Басы » Tәрбие сағаттары » ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ — БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ (Презентация)
ІлмекБАҒЫТТАУШЫЛЫҚ презентация ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ