Қарағанды қаласы
«№21 негізгі мектеп» КММ
Шаяхметова Мәрзия Тасболатқызы
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы –желтоқсан»
ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған«Тәуелсіздік бастауы –желтоқсан» атты жалпы мектепішілік іс-шара
БЛОК- І
Н. Тілендиевтің күйі «Әлқисса» орындалады.
Сахна сыртында дауыс
Қазақстан!
Сені айтамыз ән қылып,
Тарқамасын көкжиектен таңғы үміт.
Нұрсұлтандай Ұлы туған қазақтың,
Өмірі де, көңілі де – мәңгілік!
Уа, Елім!
Уа жерім!
Сырласым!
Сені бүкіл қазақ халқы тыңдасын!
Егемен Ел- болды осындай,
Жырласа Алаш Тәуелсіздікті жырласын.
Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалады. Сахнаға жүргізушілер сахнаның екі қанатынан шығады.
Жүр:
Қайырлы күн, қымбатты мектебіміздің ұстаздары, оқушылар, қонақтар! Санаулы күндерден кейін Қазақстандықтар еліміздің ең ұлық мерекесі- Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Ендеше баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Вед: Добрый день, дорогие друзья! На протяжении многих лет живет и процветает наша Родина – Республика Казахстан!
С праздником тебя, родная страна!
Жүр:
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды.Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймын!
Вед:
Дорогие друзья, коллеги! Торжественное собрание, посвященное празднованию Дня Независимости Республики Казахстан, объявляется открытым!
Мектеп тік тұр!
ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін!
ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалсын!
Жүр:
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры ___________________________________________________________беріледі.
БЛОК— ІІ
Вед:
Дорогие друзья, учителя, гости наши школы! Мы поздравляем Вас с днем Независимости и начинаем концертную программу.
Сахналық қойылым «Тәуелсіздік ескерткіші»
Сахнаға Ел Анасы шығады.
Ел Анасы:
Ықылым заманнан бері қазақ елі небір ауыртпалық кезеңдерді бастан кешірмеді. Елінің тәуелсіздігі үшін ғасырлар бойы, мойнына құрық салдырмайтын асау аттай алысып келеді. Ұйып жатқан ел зар заманда туған жерін тастап шерменде болып бас сағалап көшіп кетті. Қолдан жасаған зобалаңның арқасында қаншама адам аштан қырылды. Жауынгер халықтың ұрпағымыз деп намысты қолдан жібермей жас ұлдарым, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында жат жерде қаншамасы жер жастанбады. Елін сүйген, халқының қамын ойлап қорған болған ұлдарым мен қыздарымды тордың ар жағына жасырып, азапқа салып, пәле жауып аластатты. Сонда да халқының бостандығы үшін тасқа шыққан шынардай шың басында қалған ұлдарым, ел азаматтары аз емес. Ел жайсаңдарының ісін жалғастырып туын жықпай, асқақтатып әлемге паш еткен 1986 жылғы желтоқсанда мұзда өскен қызғалдақтай алау атқан қазақ жастары.
Желтоқсан құрбандары шығып, монологтарын оқиды.
Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұбеков, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев.
Ләззат Асанова:
Алматыдағы музыка училищесінің студенті 16 жасар Ләззат Асанованың тағдыры осы уақытқа дейін жартылай бклгісіз болып келеді. Ол сол бір қаралы күндерде күманды жағдайда қаза тапқан болатын. Желтоқсанның 17-18 күндері Ләззат Республиканың сол кездегі Астанасының Орталық алаңындағы қайнаған қызу күрестің ортасында болған.
Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің Тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!
Қайрат Рысқұлбеков :
Үш жыл өтер, бәлкім отыз жыл өтер, мен бәрібір шындыққа жетемін! «Әктай-ау, халқым-ау» жазықсыз жаламен кетіп барам! Сенбеңіздер оларға! Ештеңеге алаңдамаңдар, шашылмаңдар, ешқандай кінәм жоқ. Ататын болсаңдар тезірек атсаңдар екен. Күндіз-түні әр тықырдан шошынам. Мені әкетуге келе жатыр екен деп.
Қазақ деген затым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қайрат деген атым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!
Ербол Спатаев:
«Ерболдай ұлың болсын», «Балаларымның үлкені еді» сынды мақалалар , хаттар тізбегі әрине желтоқсан қаһарманының бірі Ербол Спатаевқа арналды. Азаттық көтерілісінің қыздан тұңғыш құрбаны Ләззат болса, ұлдан тұңғыш құрбаны Ербол.
Еркіндік пен теңдікті талап еткен бостандықпен тәуелсіздікке қол созған , ақ ниетті абзал халықтың ұлымын!
Сәбира Мұхамеджанова:
Сәбира … Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдықты үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилещенің бастауыш кластарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі Өскемен қаласындағы жастардың қозғалысына әсер еткені шындық. 22 желтоқсан күні сағат кешкі 7 мен 9 аралығында болған толқуға Сәбира да барған.
Күдікті… Мен неге күдіктімін. Жазығым не?! Біз не істедік? Ешкімді де бастап апарғаным жоқ!
Ел Анасы:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Ерте айтылды сондықтанда келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың
«Нашақор» деп, «Маскүнем» деп айыпталдың , ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша .
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым.
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, Лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
Сахнадағы экранда «Желтоқсан тағылымы» видеоматериал көрсетіліп, өлең оқылады.
Бүлдіршін 1 сынып оқушылары май шамдарды әкеліп, сахнадағы ескерткіш кейпіндегі жастардың алдына қояды.
Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік орнату.
Блок-ІІІ
Сахнада көңілді әуен. «Думан» агенттігінен бишілер келіп, өнер көрсетеді.
Би «Шашу»
Жүргізушілер шығады.
Жүр:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Атабабамаңсапөткенбақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!
Вед:
Встречает день республика большая,
И если песни звонкие звучат.
То значит, все преграды, сокрушая,
Простор земли родной добром объят.
Наш Казахстан! Светлы под солнцем дали
И будни напряженного труда,
Поэму современных дней создали,
Энергией, наполнив города,
И дав любви дыханье хлебным нивам
Заботой, исцеляя память ран.
Пусть будет день твой добрым и счастливым
Страна большая наша –Казахстан!
Вед:
Песня «Независимый Казахстан» исполняют ученики начальных классов.
Вед:
На сцене жасулановцы . Стихотворение «Желтоқсан ».
Жүр:
Песня «Мой Казахстан» в исполнении ученицы 9 класса..
Вед:
Наш Казахстан, живем в семье единой,
И казахстанской дружбой дорожим.
Когда мы вместе, мы непобедимы,
И этот мир нам нужно сохранить!
Звучит песня «Здравствуй, столица» .
Жүр:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
«Көк тудың желбірегені» орындайтындар 6А сыныбының ұлдары.
Жүр:
Құрметті көрермен, қадірлі қонақтар мен ұстаздар! Осымен біздің кешіміз аяқталды. Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!
Вед:
Дорогие друзья! Наш торжественный вечер завершен. Еще раз поздравляем вас с праздником, счастья вам и благоденствия, мира и согласия нашему многонациональному народу! Пусть живет и процветает наша родина-Республика Казахстан!
Вед. 1: Келесікездескеншеамандықтаболыңыздар!
Вед.2: До свидания, до новых встреч!
Звучат фонограммы праздничных мелодий
- [bws_related_posts]