Етістік

 Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы:  Етістік
Байкөбекова М
Сабақтың тақырыбы:  Етістік. 334-337 жаттығу.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: Етістік сөз табы туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен етістікті тауып сұрақ қоя отырып, жаттығулар орындау арқылы меңгерту.
Дамытушылығы: Ойын арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой — өрісін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды алға қойған мақсаттарына жетуге, ойшылдыққа, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интерактивті тақта
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ой қозғау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті таұта, суреттер, ойын түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
                 ІІ. Өткен материалды пысықтау.
І топ. Зат есім деген не?
ІІ топ. Кесте толтыру
ІІІ топ. Ойын «Жалғастыр»

            ІІІ. Жаңа сабақ. Мағынаны ашу.
 

1.     Бүгінгі өтетін сөз табының түрін «Дыбыстардан сөз құрау» арқылы табу.
 
К. І. С. Е. Т. І. Т   «Етістік»

2.     Ойын «Түсін мені»
І топ. Жүрді. Оқыды.
ІІ топ. Биледі. Тоқыды.
ІІІ топ. Жазды. Айқайлады.
3.     Ереже.

ІV. Суреттермен жұмыс. 334- жаттығу.
 
І топ. Не істеді? Тартты, иірді.
ІІ топ. Не қылды? Жарды, құйды.
ІІІ топ. Қайтті? Ақырды, жүзді.

V. Дәптермен жұмыс. 335- жаттығу.
 
І топ. Күн күледі,
Жер түледі. ( Көктем)
ІІ топ. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
ІІІ топ. Аяғы жоқ жүрді,
Сылқ – сылқ күледі. (Жел)

VІ. Дене сергіту минуты

Орманға барып қызықтап,
Жануарлардың іс – қимылын жасайық.

VІІ. Тақтамен жұмыс.

І топ. Ағам жылқы бағады.
ІІ топ. Атам пішен шабады.
ІІІ топ. Жеңгем сиыр сауады.

«Қағады» сөзін пайдаланып әр дыбысқа етістік жалғаймыз.

Қ – қақты
А – алды
Ғ – ғайып болды
А – айтты
Д – демалды
Ы – ырылдады

VІІІ. Қорытынды.
 
Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

ІХ. Бағалау. «Әріптерді жинау»

Х. Үйге тапсырма: Ереже жаттау. 337- жаттығу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *