Алматы облысы
Райымбек ауданы
Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп
Сүйербаева Жазира Еділқызы
Тақырыбы: Білім мыңды жығады…
Мақсаты: 1. Оқушыларды білім – білік дағдыларын тексеру.
2.Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойларын, шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Білімділікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, проблемалық.
Көнектілігі: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелер.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 2 топқа бөліп, тәрбие сағатын өткізуге даярлап алу.
ІІ. Негізгі бөлім
А) Мұғалімнің кіріспе әңгімесі
Балалар біздің мемлекетіміз қалай деп аталады?
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?
Тәуелсіздігімізді айқындап тұратын біздің рәміздерімізді айтыңдаршы?
Балалар тәуелсіздігіміздің мейрамы, біздің бастауыш сыныптар апталығымен сәйкес келіп отыр.
Апталық тақырыбы «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпаққа». Сол себепті біліміздің қандай денңгейде екенін көрсету барысында «Білімді мыңды жығады …» тақырыбында жарыс өткізгелі отырмыз. Енджі шәкірттеріме берейін.
Жүргізушілер: Жарыс кезеңдерімен таныстырады:
1.Сәлемдесу Сәлем – сөздің анасы
2. Таныстыру Мен атаның ұлымын
3. Ана тілі орталығы Ана тілің –арың бұл
4. Қазақ тілі орталығы Тілім менің – тірлігімнің айғағы
5.Математика орталығы Математика – ғылым патшасы
6. Өнер орталығы Өнерлі өрге жүзеді.
7. Тапқырлар орталығы Кім Мықты?
Слайдтарды пайдаланып, жарыс кезеңдерін өткізу.
1-нұсқа
Амалдарды орында:
33600 :7 + 1387*2
(288+122)*10
Есепті теңдеу құрып шығар:
- Шаруа бірнеше ақ қой және 15 қара қой өсірді. Ақ қойларды 2-ге кемітсе, ал қара қойлар санын 2 есе арттырса, ақ және қара қойлар түсі бірдей болады. Шаруа неше ақ қой өсірген?
- Кестені толтыр
Жылдамдық |
Уақыт |
Қашықтық |
? Бірдей |
4 сағат |
240 км |
? |
5 сағат |
? км |
- Практикалық жұмыс:
Ұзындығы -15
Ені – 8
Биіктігі -7
2-нұсқа
- Амалдарды орында:
74612:4+7147*2
(248+116)*10
- Есепті теңдеу құрып шығар:
Туристер бірнеше сағат ұшақпен ұшты да, қалған жолды 12 сағат поездбен жүріп өтті. Ұшақпен ұшқан уақытты 5 есе арттырса, поезбен жүрген уақытты 2 сағатқа кемітсе, туристердің ұшақпен ұшқан және поездбен жүрген ақыт мөлшері бірдей болады. Туристер ұшақпен неше сағат ұшты?
Жылдамдық |
Уақыт |
Қашықтық |
? Бірдей |
6 сағат |
240 км |
? |
7 сағат |
? км |
Кестені толтыр
Практикалық жұмыс:
Аудан, периметр, көлемді тап.
Ұзындығы -16
Ені -7
Биіктігі -6
1-нұсқа
Сөйлемді оқы:
Орманды үскірік жел кезді де, бұталар судыр қақты.
- Бұл не? Сөйлем деген не?
- Қандай сөйлем? Неліктен?
- Жалаң сөйлем бе? Жайылма сөйлем бе?
- Қандай дауыссыздар бар? Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарға айыр.
- Сөйлем мүшелеріне талда, астын сыыз.
2-нұсқа
Сөйлемді оқы:
Шәкірттері білімді болса, ұстаздары қуанады.
- Бұл не? Сөйлем деген не?
- Қандай сөйлем? Неліктен?
- Жалаң сөйлем бе? Жайылма сөйлем бе?
- Қандай дауыссыздар бар? Қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарға айыр.
- Сөйлем мүшелеріне талда, астын сыыз.
ІІІ . Қорытынды бөлім
Жарысты қорытындылап, жеңген топтарды марапаттап, дипломдар тапсыру.
[bws_related_posts]