Басы » Бастауыш сыныптар » Тіл дамыту сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану әдісі.

Тіл дамыту сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану әдісі.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Максимовка ауылы №9 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Жандильдина Гульшат Бокенбайқызы
Тақырыбы: Тіл дамыту сабағында АКТ-ны тиімді пайдалану әдісі.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту,нақтылау үшін күнделікті өмірде
орынды пайдалана білудесөздік қорын арттыру.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,слайд,АКТ,постер,стикер т.б
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал
» Сергіту» тренингі
Кіріспе
-Әріптестер,»Тіл дамыту» ғажайып әлеміне саяхат жасайық.
1слайд
Мынау «Тіл дамыту»деп аталатын ғажайып мекен.
2слайд
Бұл -бізді күтіп тұрған қызықты ертегілер мен әңгімелер.Біз оларды жай ғана тыңдап қоймай,өзіміз айтып беруге үйренеміз.Ертегіні,әңгімелерді айту,тыңдау баланың тіл байлығын жетілдіріп,тілін дамытады.Өзін ертегі кейіпкеріне ендіріп,басқада қырларынан да ашады.
3 слайд
Өлеңдер,жұмбақтар,жаңылтпаштар,мақал-мәтелдер.
Біз оларды жаттап алып ата-әжемізге,ата-анамызға айтып береміз.Айтылуы қиындық туғызатын дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады.
4 слайд
Біз әртүрлі дыбыстарды естіп,айтып үйренеміз.Бұл жерде біз құстың,араның,
масаның, жыланның т.б дыбыс шығарғанын тыңдаймыз.

5 слайд
Бізді мынандай қызықты ойындар күтіп тұр екен. Ойын арқылы балалардың оқуға,еңбекке деген белсенділігі артады.Ойын жеке тұлғаны жан-жақты дамуына,қиындықты жеңуге,төзімді болуға баулиды.
Біз осы айтқандарымызды тәжірибе жүзінде іске асырайық.Берілген тапсырмалрды орындау үшін біз 3 топқа бөлінейік. Топтың атын ойлап алуымыз керек.
1-ші тапсырма
1 топ Шалқан ертегісіне қойылым
2 топ Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін салу
3топ Бөлікке бөлінген ертегіні құрастыру
2-ші тапсырма
1 топ Ән айту
2 топ Жаңылтпаш айту
3 топ Мақал-мәтел,жұмбақтар
Сергіту сәті «Қызыл өрік»
3-ші тапсырма
1 топ Масаның дыбысы
2 топ Қоңыздың дыбысы
3 топ Жыланның дыбысы
-Табиғатта түрлі-түрлі дыбыстар бар екен,сендердің естігендерің, айтқандарыңның бәрі -дыбыстар.
4-ші тапсырма
Ойындар
Рефлексия:Сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы көрсету.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *