Павлодар қаласы, № 24 балабақшасының тәрбиешісі
Байбулова Айкун Қабыкенқызы
«Шынықсаң шымыр боласың»
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене тәрбиесі
Тақырыбы: «Допты лақтыру — қағып алу»
Мақсаты: Балаларға допты лақтырып, қағып алуға үйрету. Денсаулығын нығайту.
Міндеттері: — Допты лақтырып, қағып алуды үйрету.
— Қимыл қозғалыстарын дамыту.
— Ептілікке тәрбиелеу.
— Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
— Тепе-теңдікті ұстай алуға баулу.
Сөздік жұмыс: Доп, лақтыру, қағып алу.
Керек құралдар: Доптар, құрсаулар, кеглилер.
Әдіс-тәсілдер: Жаттығулар жасау, көрсету, түсіндіру.
Ұйымдастыру түрі: Үш топқа бөліну.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Есеп |
|
+ |
— |
|||
Мотивация қозғаушы
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім Бекіту
Қорытынды |
Сарбаз болып саппен шеңбер бойымен жүру. Аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен жүру. Аюдың, түлкінің, қоянның, көбелектің жүрістерімен жүру. Жүгіру, жылан жүгірісімен жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары: Б.қ.: Аяқ иық деңгейінде, қол дене бойымен төмен түсірілген. Қолды жан-жақ арқылы көтеру, сілтеу, түсіру. Бастапқы қалыпқа келу. (5-6 рет) Б.қ.: Аяқ табан көлемімен, қол арқа артында, отыру және саусақ ұшымен тізеге соғу, тұру, тік тұру. Бастапқы қалыпқа келу. (4-5 рет) Б.қ.: Аяқ иық көлемімен, қол белде, еңкею және қол саусақтарымен еденге тигізу (мүмкіндігінше), тұру, тік тұру. Бастапқы қалыпқа келу. (4-5 рет) Б.қ.: Аяқ иық деңгейінде, қол белде, өзіңді айнала секіру. Орнындағы жүріспен кезектестіру. (3-4 рет) «Әтеш» Тыныс алу жаттығуы. Мұрынмен тыныс алып, дем шығару. Допты лақтырып, қағып алуды үйрету. Ойын: Лақтырам, қағып ал. Өз орныңды тап. Мысық пен торғайлар. Қорытынды жасап, балаларды мадақтау. |
Балалар қызығушылықпен барлық жүрістерді салып жүреді, жүгіреді.
Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындайды.
Дұрыс тыныс алып, дем шығарады.
Ойындарды қызығушылықпен ойнайды Балалар қуанады |
Күтілетін нәтиже: Сабақ өз мақсатына жетті.
Меңгере білу: Жалпы дамыту жаттығуларын меңгереді.
Жасай алу: Допты лақтырып, қағып ала алады.
[bws_related_posts]