Басы » Бала бақша » Балабақша (әңгіме құрастыру)

Балабақша (әңгіме құрастыру)

Павлодар қаласы, № 24 балабақшасының

тәрбиешісі Байбулова Айкун Кабыкеновна

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Балабақша (әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Сөздік жұмыс:байтағым, баулып.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар.

Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-лық қозғаушы

 

 

 

 

 

Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

  “Шаттық шеңбері”

-Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын!

-Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толы болсын!

-Менің балабақшамның іші күлкіге, сәбиге толы болсын!

Д/о: «Кім болам?»

Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

Тыныштық сәті.

Көздерін жұмып, көз алдарына балабақшаны, ойын алаңын елестетеді. Аулада өсіп тұрған гүлдердің «иісін иіскейді».

Дәптердің 4-5 беттердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.

Н.Әлімқұловтың «Балабақшам-байлығым» атты өлеңін оқу. Өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер, слайд көрсету.

Сергіту сәті:

Бала, бала, баламыз, бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз.

Дәптермен жұмыс.

Тәрбиеші үзік сызықтарды қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді.

Балалар шаттық шеңберінде қолдарына түрлі түсті таспаларды алып,өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады сезімін сыйлайды.

 

Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады.

 

 

Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады. Денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көздерін ашып, алған әсерлерін баяндайды.

Тірек сөздерді қолдана отырып, суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

 

 

 

 

Балалар қимылмен көрсетеді.

 

 

 

Балалар үзік сызықтарды қосып сызады және штрихтайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі -Балалар, сендермен сабақта немен шұғылдандыңдар, нені үйрендіңдер?

Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді.

Бірін-бірі бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге үйренді.

Игеруі керек: сурет бойынша әңгіме құрастыруды игерді.

Меңгеруі: сұрақтарға толық жауап беруді меңгерді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *