Басы » Бастауыш сыныптар » Қазақстан облыстары

Қазақстан облыстары

Қызылорда қаласы,Ж.Махамбетов ауылы

№143 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Еламанова Сәбира

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан облыстары                                                                                       Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік:Оқушыларға Қазақстан облыстары,олардың картада берілуін,әр облыстың географиялық орнын ,шаруашылық ерекшеліктерін түсіндіру.

2)Дамытушылық:Өз ойларын тиянақтап айтуға  дағдыландыру,танымдық белсенділіктерін арттыру,шығармашылық жұмыс жасауға,ізденуге  үйрету;

3)Тәрбиелік:Қоршаған  ортаны аялауға  баулу. Сезімталдыққа,  адамгершілікке  тәрбиелеу.Экологиялық,патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ –жауап,ой қозғау,түсіндіру,баяндау,топтастыру, көрнекілік,инсерт әдісі,т.б.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, фишкалар,карта,т.б

Пәнаралық байланыс: музыка ,әдебиеттік оқу, бейнелеу

Сабақтың барысы:

І.Кіріспе-қызықтырушылық кезең

1.Ұйымдастыру бөлімі:

-Оқушыларды түгелдеу,құралдарын алғызу

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-Психологиялық дайындық .(Балалардың  көңіл-күйін ауа райы  суреттері арқылы білу).

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген «Мектеп және өндіріс» мәтінінен оқушылардың түсінгендерін  3оқушыдан сұрау. (қосымша сұрақтар қою)

3.Үй тапсырмасын пысықтау

— Қазіргі заманда әрбір істе техниканың қандай түрі кеңінен қолданылады ?

-Ауылдық жерде қандай мамандардың еңбегі маңызды?

-Cенің қандай мамандық иесі болғың келеді?

ІІ.   Жаңа мағынаны тану

Ой қозғау

-Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?

-Қ.Р. көлемі жағынан нешінші орында?

-Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?

-Қазақстанда неше облыс бар?

                   Оқулықпен жұмыс.

-Мәтінді оқу талаптарына сай оқушыларға  дауыстап оқыту

-Мәтінді талдау,мағынасын ашу

 Картамен жұмыс                                                                                                                               Картадан әр облысты көрсету.Әр облыстың өз ерекшелігін атап көрсету.

Облыс атауы

Ерекшеліктері

Маңғыстау облысы Каспий теңізінен ауланатын бағалы балықпен әйгілі.Жағалауында үлкен теңіз порты бар.Бас қаласы Ақтау.
Батыс Қазақстан облысы Мұнай мен газ қорына бай.Бас қаласы Орал.Тарихиоқиғаларымен әйгілі.
Ақтөбе облысы Фосфорит,хром,никель сияқты пайдалы қазбаларға бай.
Солтүстік Қазақстан,Қостанай,Ақмола облыстары Бұл облыстар астықты алқапқа жатады.
Қарағанды,Павлодар облыстары Таскөмірдің ірі кен орындары бар.Басты қалалары –Қарағанды,Павлодар,Екібастұз.
Алматы облысы Табиғаты таңғажайып,ең әдемі және биік таулар тізбегі жатыр.Апорт алмасын өсіреді.
Жамбыл облысы Ежелгі тарихи ескерткіштерге бай.Бұл –Қарахан,Айша бибі мен Бабаша әже кесенелері
Көкшетау облысы Шипажайларымен,демалыс роындарымен,балаларды сауықтыру  мекемелерімен әйгілі.
Оңтүстік Қазақстан облысы ҰлыЖібек Жолы өткен.Бұл аймақта еліміздің ақ алтыны –мақта,жеміс-жидек өсіріледі.
Қызылорда облысы Ақ күріштің өлкесі.Байқоңыр ғарыш айлағы да осында.
Шығыс Қазақстан облысы Жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай.

 

Дәптермен жұмыс

Әр облыстың атауын жазу,жаттау.

Сұрақ-жауап:

-Қазақстанда неше облыс бар?Оларды ата.

-Қазақстанның облыстары белгіленген карта қалай аталады?

-Әр облыстың географиялық орны мен шаруашылық ерекшелігіне тоқтал.

 Пікір айт.

Еліміздегі облыс шаруашылықтарының әртүрлі болу себептерін айтып көр.

   ІІІ.Бағалау-рефлекциялық кезең

1.Сабақты қорытындылау.

Инсерт әдісі                                                                                                                                                  

Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді?
     

2.Бағалау

Оқушыларды фишка арқылы бағалау

3.Үйге  тапсырма беру.

Мәтінді оқу

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *