Басы » Tәрбие сағаттары » «Тілашар» мерекесі (Презентация)

«Тілашар» мерекесі (Презентация)

tilasar'Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Атамекен ауылы
Атамкен ауылының орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдилова Алма Сериковна

«Тілашар» мерекесі.

Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, плакаттар.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Қонақтарды қарсы алып, отырғызу.

2.Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даярлау.

2.Кіріспе сөз.

-Қымбатты балалар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, сәт-сапар тілейік білім жолына қадам басқан бүлдіршіндерге!

Хор:

Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

Алмас:  Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз

Ахсунхар:Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.

Махаббат; Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
Нржол: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр.

Ділнәр: Мектеп — білім ордасы,
Мектеп — қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.

Б Айдын :Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.

«Мектебім» Әні

«Кім тапқыр».ойыны

1Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. А әріпіннен басталатын бес ұлдың атын айт
3. Әкеңнің әкесін қалай атайды
4.. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)

5Тудың түсі? (Көгілдір)
6. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
7. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
8. Сиырдың төлі? (Бұзау)
9. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
10. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
11. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
12. Екі өркешті жануар? (Түйе)

Мұғалім: «Әліппе» сенің алғашқы оқу кітабың,білімнің ғажайып әлеміне жетелейтін ақылшын

 

Абдуләли: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!
Гаухар: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Аскар:  Айтатын жас — кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.

Айдын:  Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл — білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен

 

Айсауле: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.

Кітап

Кітап- білім бастауы Кітапты оқи білу –өнер.Қітап –адамның ақылшы досы.Оны жұрт құрметтейді.Кітаптағы қызықты ертегі,әңгіме өлеңдерді жазушылар, ақындар жазады. Суретшілер суретін салады.

Бидай

Бидай –астық.Диқандар көктемде жерге бидай себеді.Одан егін өнеді.Егінді комбайынмен орады..Бидай мол болса, инан мол болады.Қыста қар алың жауса, бадай бетіе өседіНан-ел байлығы Нан –ардақты қасиетті ас

Сондықтан да оны қадірлеу керек.

Мұнай

Мұнай- біздің теліміздің байлығы.Мұнайшылар оны жер астынан бұрғылау арқылы алады.Ең алдымен бұрғылау арқылы алады.Ең алдымен бұрғылау мұнарларын орнатады.жер астынан шыққан мұнайды құбырлармен хөнелтеді.

Мұнай біздің елііміздің елімізде мол өндіріледі

Мұнай-елдің дәулеті

 

Батыр ата

Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы басталысымен майданға аттанды.Ол ұрыс кезінде өзінің қаһармандығымен көзге түсті,Елі үшін ерлік көрсетті

Бауыржан бірнеше орденмен марапатталды.

Бауыржан Момышұлының ерлігі бізге үлгі

Қазақтың қаһарман қызы

Мәншүк- қазақ халқының қаһарман батыр қызы

Оның балалық шағы Алматыда өтттіӨз еркімен Отанын қорғау үшін майданға аттанды.Мәншүк жаудың шабуылына тойтарыс бердіӨжеттілігімен көзге түсті.Ол соғыста қаһармандықпен қаза тапты.Мәншүкке ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілдіЕліміз өзінің қаһарман қызын мәңгі ұмытпайды

Біз мәншүк апамыздың ерлігін мақтаныш етеміз

Гүл

Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті.Гүлдің басқа достары блмапты.Бір кеүні күн бұлттанып,жаңбыр жауа бастайды .Гүл жаңбырдан қаша алмайды.Жаңбыр жауып ,басылған соңкүн қайта ашылады.Кейін гүлдің көңілі көтеріліп,қуанады.Ол әр түрлі қимыл жасап билейді.Бір кезде оның тұқымы жерге себіледі.Гүл оны байқамайды .Гүл жан жағына қараса  кішкентай қішкентайгүлдердің шыға бастағаның көреді.Гүл: «енді менің достарым көбейді, алақай!»деп қуанды.Содан бәрі әр түрлі гүлдер жерге шыға бастапты

 

Кірпі

-кірпі сен қайда тұрасын?

-мен орманда тұрамын

-кірпі ,кірпі

Сен не апара жатырсын?

-алма апара жатырмын

-алманы қайтесің?

Балаларыма беремін.  солай ма?

 

Ормандағы аңдар

Орманда әр түрлі аңдар тіршілік етеді .Түлкі- тағы аң.оның терісі бағалы .түлкінің терісінен жаға, тамақ, ішік тігедіТымақішік қыста өте жылы боладыТүлкі өте қу.Ол олжасына ұрлана жақындайды.Түлкі ертегілерде мол кездеседі.Ол-ертегілердегі айлакер жануардың бірі

Мектеп асханасы

Мектепте асхана бар , Хамит Халида Хасан  үшеүміз асханадан түсте тамақ ішеміз , Аспаз Халида апай тамақты дәмді пісіреді , Нанды наубайханадан әкеледі , Біз нанды қадірлейміз ,  Нан – дастарқан құты , Нан – тоқтық  нан – байлық

Хоккей

Хасан мен Хамит  хоккей ойынын жақсы көретін , Екеуі екі топта ойнайтын еді , Хасан қақпашы Хамит шабуылшы болды , Ойын басталды , Екі жақ та қызу ойнады , Хасан да Хамит та нвғыз хоккейшілердей ептілік көрсетті , Хасанның тобы жеңіп шықты .

Саябақ іші

Қыс.Қүн суық.Саябақ іші аппақ қар.Аяз беттті қариды..Құстар да тоңа бастадыТиін шырша жаңғақтарын жеп отыр.

 

«Әліппе» әні

«Кім жылдам!» ойыны

 

 

 

Көрініс математика сабағынан.

Мұғалім:3+3 қанша болады?

Оқушы:үндемейді ….иығын көтереді.

Мұғалім:Мына жақтан үш ат шауып келеді. Мына жақтан тағы үш ат шауып келеді.Барлығы қанша ат шауып келеді?

Оқушы:Уф-ф-ф, мұғалім,Шаңнан түк көрінбейді ғой.

«Баға»

Әкесі:Балам сабағынан не алдың?

Баласы:күнделігін көрсетіп-Міне, бес алдым!

Әексі;Мынау тұрған үш, ал мынауың екілік .Бес алдым деп,сен неге айтасың өтірік?

Баласы:Ой, папатай, есепті,

Білмеуіңді қарашы

Үшті қоссаң екіге

Бес болмай ма санашы.

Көрініс «Салат»

1-ші:Балалар бізде бүгін мереке ғой?(балалар-Ия-деп жауап береді).

Ал, мереке болғанда, үйде мамам салат жасайды. Біз де салат жасайықшы.(балалар-Жасайық,жасайық-деп жауап береді)

Кезекпен:1-мен картоппын, 2-мен сәбізбін,3-мен пиязбын,4-мен қызылшамын,5-мен жүгерімін, 6-мен қиярмын,7- мен қызанақпын,8-мен тұзбын,9-мен бұрышпын,10-мен бұршақпын,11- ал мен… мен-Майонезбын седерді жауып, үстінде боламын.

 

Махаббат:Еркесі едім атамның,

Еркесі едім апамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Арқама сөмке асыға

Мектепке барам асыға.

 

Ділнәр:Міне сынып, мектебім

Құралдарым бар менің.

Партаға тұнғыш отырдым

Қалам алып қолыма.

Сызықтарға толтырдым

Қалдырмай дәптер жолын да.

Тісім кетік болғанмен

Білетін көп менің.

хор:Пайдаң тиіп Отанға

Риза болсын халқымыз

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.

«Айгөлек» әні

Барына риза болсын көрермендер,

Байқадық білгенді де, білмегенін.

Осымен «Тілашарды» тамамдасақ,

Тағы үйренеміз аман болсақ.

Құттықтау сөз мектеп басшыларына, ата-аналарына беріледі.

( Ата – аналардың атынан оқушыларға сыйлықтар беріледі.)

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *