Басы » Cыныптан тыс » «Қазақстанның жас ұланы – болашақтың бір шырағы» (сайыс)

«Қазақстанның жас ұланы – болашақтың бір шырағы» (сайыс)

gasulanАтырау облысы Индер ауданы  Индербор кенті

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп

Хисметова Зергүл Төлегенқызы

 

«Қазақстанның жас ұланы – болашақтың бір шырағы» (сайыс)

Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту, тілдерді дамыту , мәнерлі сөйлету, ой өрісін кеңейту, туған жеріне  құрмет көрсете білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тіл туралы нақыл  сөздер, гүлдер, шарлар, және тәуелсіздік нышандары.

 

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сайыскерлерді  іріктеу: (Мақалдың жалғасын табу арқылы)

ІІІ. Сайыскерлер арасындағы жарыс:

  • «Мен едім….»таныстыру (өлеңмен)
  • «Тапқырлық» жұмбақты шешу
  • «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (сөзді атап, екі тілде аудармасын айту)
  • «Кім көп біледі?» (сұрақ-жауап)
  • «Көрермендер көз айымы» (сайыскерлерді даралау)

ІV. Қорытынды

 

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Қазақстанның жас ұланы – болашақтың бір шырағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі күні барлық мемлкеттік орындарды төл мерекесіне арнап әр түрлі шаралар өткізілуде, сол сияқты біздің мектепте де апталық өтіп жатыр. Сол шараға біздің сыныпта да өз үлесін қоспақшы. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде оздырылмақшы, сондықтан жас ұландар аянбай  өз білімдеріңізді сынаңдар.

Ақыл-тон аңдығанға тозбайтұғын,

Білім-кен қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса

Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай,  сайысқа оқушыларды таңдау мақсатында мақалдың жалғасын табу, яғни іріктеу кезеңін ұйымдастырайық.

  • Бас кеспек болса да, ……… (тіл кеспек жоқ)
  • Тауды, тасты жел бұзар, ……… (адамзатты сөз бұзар)
  • Жақсы сөз ……. (жарым ырыс)
  • Ойнап сөйлесең де, ……… (ойлап сөйле)

 

Мұғалім: сайскерлерді таңдап алсақ, сайыстың  кезеңдеріне тоқталып өтсем:

 1-кезең: Мен едім….»таныстыру (Қазақстан сөзімен және тәуелсіздікті кірістіру)

2-кезең: «Тапқырлық» жұмбақты  шешу

3-кезең; «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (сөзді атап, екі тілде аудармасын айту)

4-кезең: «Кім көп біледі?» (Қазақстанның табиғаты, тарихы, тәуелсіздік төңірегіндегі сұрақтар)

5-кезең: «Көрермендер көз айымы» (сайыскерлерді даралау)

 

Шын жүректер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағадлайды сіздерді

Жеңіс төрі жақын ба, әлде алыс па?! (әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады)

1-кезең: Мен едім….»таныстыру (өлеңмен)

(Әділқазылардан бағасын сұрау)

2-кезең: «Тапқырлық» жұмбақты  шешу

Асыл-тастан, ақыл-жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды, дей келе жас ұландардың ақылдылықтарын жұмбақты шешу барысында байқайық.

            Жұмбақтар қою

3-кезең; «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (сөзді атап, екі тілде аудармасын айту)

Ана тілің — арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, -деп Қадыр Мырза әлі атамыз айтқандай, өз тілімен бірге өзге

тілдерді де білгеніміз – өзімізге жақсы. Олай болса, келесі турымызды бастаймыз.

Туған тілім тірлігімінің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін

Өшсе тілім менде бірге өсемін.

Туған жері –түп қазығы, айбыным,

Туған тілі –сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр –салт санасы тірегі,-дегендей енді біздер тәуелсіз еліміз Қазақстан туралы сұрақтар қоямыз!

 

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, білім табар ма?

Бұл жарыс ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға-сол алда,- дей келе келесі кезегімізге көшейік. Бұл кезең «Көрермендер көз айымы» деп аталады(сайыскерлерді даралау). «Мен тіуелсіз ел азаматымын » деген  таұырыпта өз ойын ортаға салады. Ол оқушылардың жауабын көрермендер бағалайды.

Тіл-халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

Қ. Мырзалиев жырлағандай:

Дәулет деген ұғыңдар,

Кеше барда бүгін жоұ

Тілің болса, үнің бар

Тіл болмаса түгің жоқ, демекші елдігіміз де, теңдігіміз де осы тіліміздің арқасында сақталып отыр. Ал мемлекеттің келешегі мына сенсіңдер жас ұрпақ, сондықтан да ана тілімізді өзге тілдермен шұбарламай  қастерлеп, құрметтейік!

Осымен бүгінгі сайсымыз аяқталып, болашақ Қазақстанның бір шырағын таптық деп есептейміз. Ол: ………………………………………. Дендерің  сау болып, аман-есен жүре беріңіздер, тыңдағандарыңызға көп рахмет!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *