Басы » Бастауыш сыныптар » Табиғаттағы су айналымы

Табиғаттағы су айналымы

talapqyzy  Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

2-ші Шежін ауылы

ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

Салахитденова Гульнура Талаповна

бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты: Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру; судың физикалық қасиеттерінің үш күйде кездесуін, судың еріткіш екенін, өсімдіктердің суды сіңіруі мен буландыруы туралы алған білімдерін пысықтау; оқушылардың өткен сыныптарда алған білімдері мен күнделікті өмірден білетіндерін қорыту; су, оның адам өміріндегі маңызы, оны қорғау туралы білімдерін нығайту.

Түрі: Жаңа білімді меңгеру

Көрнекілік: интерактивті тақта, оқулық

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (сыныпты  3топқа бөлу )

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Мұғалім:     Табиғаттағы барлық жылу-күннен

Өмірдегі барлық жылу – анадан.

— Балалар, мен сендерге бүгінгі сабағымыз қызықты, әсерлі өтіп, сендерге ұнасын деп өз бойымдағы жылулықты сыйлаймын! Сәттілік тілеймін!

(оқушылар хормен)   Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз!

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз!

-Рахмет! Мен сендердің жылулықтарыңды сезіп тұрмын. Ендеше сабағымызды бастайық.

(Оқушыларға топ  ережесі туралы ескерту)

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

«Тату көрші» ойыны. Балаларға тест беріледі, болған соң көршісі тексереді.

Дұрысжауаптары:

Бағалауы:

«5» — 1 сұрақ дұрыс болса

«4» — 8 сұрақ дұрыс болса

«3» —  7 сұрақ дұрыс болса

«2» —  5  сұрақтан төмен болған жағдайда

Бағалайды  (бармақ әдісі)

Табиғат күнтізбесімен жұмыс Ауа-райын белгілеу

  1. Қызығушылықты ояту

Мұғалім: Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын.

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.           (су)

Барлық жер бетіндегі тіршілік судан тұрады.Адам баласының өзі 80%  пайызы судан құралған.

-Жер шары дегеніміз не?

-Ол біздің жер шарының  кішірейтіліп көрсетілген моделі.

Жер шары арқылы біз қай жерде су, тау,жазықтық жерлерді көреміз.

Жер шарының 4/1 бөлігін су алады екен.

Су туралы тақпақ

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Су туралы не білеміз?

(БББ кестесін оқушылар толтырады)

1.«Су туралы ақпарат»

а) Оқушылардан су туралы не  білетіндерін сұрау.

Су туралы не білеміз?

(Судың қасиеттерін еске түсіру)

жұққыш

еріткіш

 

 

түссіз  мөлдір

 

 

иіссіз

аққыш

ә) Судың қандай физикалық күйін білесіңдер?

2.«Су туралы таңғажайып деректер»

Ең бірінші жарты шарлар картасын көрсетіп, сұрақ қоямын:

Жер неге су әлемі деп аталады?

Иә, балалар, жердің 3/4 бөлігін су алып жатыр екен.

  1. Мұхиттар бүкіл жердің 97 % суын құрайды және үшеуі бірігіп (Тынық, Атлант, Үнді) 350 млн шаршы км аумақты алып жатыр

2.Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе адам өледі. Сусыз адам 1 апта ғана шыдайды.

  1. Өсімдіктің құрамында да су бар. Оған су құймасақ өліп қалады.

3.«Су туралы статистика»

Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиты. Жердегі судың жартысына жуығын құрайды. (Тынық мұхиттың слайды)

Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий теңізі (Азия)  371,000км2

Қазақстандағы қорықты көл – Марқакөл.

4.«Таңғаларлық құбылыс»

– Балалар, жаңбыр жауды. Жаңбыр суы қайда кетті?

Топыраққа сіңіп кетті. (Оқушылар өздері қорытып айтып кетеді)

Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Су – сүзгіш.

Бір оқушыға 51- беттегі соңғы жолды оқытамын

Судың тағы бір кереметі – ол жер бетіндегі үнемі тынымсыз айналыста жүретіні.

Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық

Арықпен бірге ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен құрғайық,

Орнымызды табайық.

5.«Судың да сұрауы бар»

6.«Су – ғажайып саяхатшы»

Үнемділік.

Балалар, суды үнемдеуіміз керек. Арал теңізі 10м деңгейге төмендеді. Арал теңізінің суы жағадан 100-деген км-ге қашықтады. Ашылған Арал теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады. Арал теңізі «қасіреті» ашық жарияланып, дүниежүзілік масштабқа шықты.

7.«Су – тіршілік көзі» эссе жазу.

Су туралы мақал-мәтелдер сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Су- ғажайып зат. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Табиғаттағы су  3 түрлі күйде кездеседі.

ә) Су- тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының  бәрі судың қатысуымен  жүреді.Сондықтан  ағзалар денесі  50 –ден  90 пайызына дейін  судан тұрады.Салмағы 70 кг адамның денесінде  50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам халі нашарлайды.Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі  тынымсыз айналыста жүретіндігі.( сурет көрсету, судағы улы заттар,суды тазарту тәсілдері )

Мағынаны тану кезеңі:

Мұғалім — Балалар , жылға , өзен , көлдердің бетінен де су буланып, аспанға көтеріліп,бұлтқа айналады. Сосын жауын-шашын түрінде қайтадан жерге түседі. Табиғатта су осылайша айналып жүреді. Мұны табиғаттағы су айналымы деп атайды.

Дәптермен  жұмыс

1- топ Су туралы мақал-мәтел жазу

2- топ Су туралы өлең шығару

3- топ Су туралы жұмбақ жазу

Қорытынды

— Су туралы не жаңалық білдіңдер ?

— Суды шамадан тыс пайдаланудың нәтижесінде қандай қажеттілік туды ?

— Табиғаттағ су айналымы дегеніміз не ?

  1. Үйге тапсырма

« Табиғаттағы  су  айналымы» деген әңгіме құрастыр

  1. Бағалау

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *