Қызылорда облысы Арал ауданы Т. Г.
Шевченко атындағы
№13 орта
Мектептің педагог-психологы
Әлжанова Гүлбану Нұржауқызы
Қиын оқушымен жұмыс
Мақсаты: жеткіншек дамуындағы дағдарысты түсіну үшін жеткіншектің агрессиялық әрекетіне қарсы тұру.
Міндеттері:
- Бала бойындағы дағдарысты анықтап, сапалы өзгерістерге итермелеу.
- Баланың тұлғалық тұтастығының бағасын сезіну.
- Жеткіншекте жеке бастың талаптарымен үйлестіру.
Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады.
А) Ата-анамен келіспеушілік жағдайлар
Б) Мектептегі қиындық пен сәтсіздік.
В) Тәртібі қиын құрбы-құрдастарымен байланыс орнату. Отбасындағы жақсы
қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбылармен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді, ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар.
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да, пайда келтіре алмайды, ал қоғамаға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры қиын балаларға әкеп соқтырады.
Қиын балалардың басым көпшілігі-бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, ұжымнан тысқары шығып қалатын балалар. Қиындықпен тәрбиелену-баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез бітістері: қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейрімсіздік т.б. пайда болады.
Қиын балаларда қалай тәрбиелеуге болады? Қиын бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «Мен» бейнесі қалыптасады, өіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «Мен» бейнесі кез келген баланың жақсы жағдайда нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.
Тәрбиеленуі қиын балаларды болдырмау үшін ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет.
«Егер » бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі деген А.С. Макаренко. Олай болса мұғалім біріншіден, терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін, сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы, тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді.
Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен шәлкем-шалыстығының себебін анықтап көз жеткізіп алып барып, шере мен жазаны соған лайықта қолдау керек.
Үшіншіден мұғалім шыншыл, әділетті болуы керек.
Төртіншіден, ұстаз кекшіл болмай кеңпейілді кешірімді, мейірімді, сабырлы ұстамды болғаны жөн.
«Қиын» деген оқушының өзі бұзылған бала емес екенін ескеру керек.
- Психологиялық түзету кезеңінде төзімділк қажет.
- Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс- әрекеттерін білу керек.
- Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
- Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.
- Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.
Осы жайттарды ескере отырып тәрбиеленуі қиын баланың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке зерттеулер жүргізіп, кеңес беріп жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Қиын балалармен жұмыс барысында қолданып жүрген әдістемені сіздерге жолдап отырмын. Қиын балалармен жұмыс жүргізуде көмегі тиер деген ойдамын.
Қиындық туғызатын оқушылармен жүргізілетін әңгіме.
Оқушымен әңгімелесу сұрақтары
- Орта мектепті бітіргеннен кейін кім болғың келеді?
- Қай пәнді жақсы көресің?
- Сенің достарың қандай, олар туралы сен не ойлайсың?
- Үлкендерге деген сенің көзқарасың?
Сынып жетекшімен әңгіме
- Бұл оқушыны тәрбиелеудегі қиындықтар неден тұрады?
- Осы оқушының қиын екендігіне қандай дәлелдер бар?
- Оқу үлгерімі қандай?
- Оқушының үйдегі тәртібі қандай?
- Оқушының мектептегі тәртібі қандай?
Мұғалімдермен әңгіме.
- Сіздің сабағыңызды оқушының үлгерімі және жүріс-тұрысы қандай?
- Оқудағы, жұмыстағы оқушының қабілеті қандай?
- Оқушының тәртіпсіздігін көрсететін жағдай, оған сіздің берген ақыл-кеңесіңіз?
Жолдастарымен әңгіме
- Қашаннан бері жолдасыңыз?
- Сенің жолдасыңыздың қандай қасиеті ұнайды?
- болашаққа құрған жоспарларыңыз?
Ата-анасымен әңгіме.
- балаңыздың жүріс-тұрысына, оқуына көңіліңіз тола ма?
- Оның оқудағы жүріс-тұрысында сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіздер?
- Болашақ мамандығын таңдауына сіздің ақыл-кеңесіңіз.
- Ол үйде не істейді, сіздерге көмектеседі ме?