Білім беру аймағы : «Қатынас» «Әлеуметтік орта» «Таным» .
Бөлім: Тіл дамыту,көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы.»
Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге
елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Іс-әрекет бөлімдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру Сезімді ояту
|
-Армысың,қайырымды аспан ата!
-Армысың, мейірімді жер ана!
-Армысың,шұғылалы алтын күнім!
-Армысың,балабақша дос-жараным!
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.
Бейнетаспадан қазақ елі,тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету.
Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалады.
|
Шеңберге тұрып,жаңа күнмен амандасады.
Барлығы тұрып әнұранды айтады.
Бейнетаспадан тұңғыш президент жайлы фильмді тамашалайды.
Кім,не жайлы екенін өз сөздерімен баяндап береді. |
Ізденістер
Ұйымдастыру. |
а)Қазақстан Республикасының картасын көрсету.
-Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет.
ә)Сөздік жұмысы:
Тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес.
Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз.
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
-Елордасы қай қала?
-Астана қандай қала
-Алматы ше?
б)Қазақстан,егемен,тәуелсіз сөздеріне сөйлем құрату.
в)Тұңғыш президенттің отбасы туралы әңгімелесу.
г) Президент мұражайынан көргендерін әңгімелеу.
ғ)Тұңғыш президентке арналған өлеңдер оқу:
-Елін сүйген еңселім де, еркінім,
Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім.
Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,
Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын! |
Қазақстанның картасынан еліміздің жер көлемімен танысады.
Тәуелсіз,егемен сөздерінің мағынасымен танысады.
Тұңғыш президент-Назарбаев Нұрсұлтан.
Алматы –бас қала
Астана- жас қала.
Мұражайдан не көргендерін ортаға салады.
Елбасының отбасы,өскен ортасы,туған жері туралы өз түсінгендерінше әңгімелейді.
Президент жайлы өлеңдер оқиды.
|
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау. |
Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
«Халықтың ортақ үйі-Отаны.»
«Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол.»
«Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау.
|
Мақалдардың мағынасын түсіндіреді
«Отан» әнін айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;
Болуы қажет:Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;
Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі,сөздік қорлары мол. |