ОҚО, Сайрам ауданы, №11 Манкент ЖОМ КММ, Айметов Ахмад Неъматович,
Сабақтың тақырыбы: Балғаға сап жасау технологиясы
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға «Балғаға сап жасау» технологиясын түсіндіре, үйрете отырып баланың ойлау қабілетін шыңдау.
Коррекциялық дамытушылық мақсаты: оқушылардың еңбекке деген қызығушылықтарын, ой-өрістерін дамыту, технологиялық терминдерді дұрыс айта білуге жеткізу.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, төзімділікке, ұқыптылыққа, әдемілікке, жауапкершілікке тәрбие беру.
Сарамандык мақсаты: оқушыларға жұмыс тәртіптерін, яғни орындау шарттарын көрсету және қандай құрал, қай жерде қолдану әдістерін түсіндіре отырып, балға сабын жасауға үйрету.
Әдіс: сұрақ-жауап, түсінік беру.
Сабақтың түрі: түсіндіру, үйрету, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: математика, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық сурет, кітаптар мен журналдар.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: балта, ара, сүргі, қашау, сызғыш.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа дайындау және кезекшіні анықтау
Үй тапсырмасы: «Ағаш өңдеу аспаптары»
- Сүргі түрлері және сүргімен тегістеу.
- Ара түрлері және онымен жұмыс істеу.
- Ағаш өңдеу аспаптарымен жұмыс істегенде техника қауіпсіздік ережелері.
Сергіту сәті: жұмбақ жасыру.
Ағаш мойын, шойын бас,
Осы мықты мойымас.
Мықтап тұрып ұрады,
Қатты жерге тығады. (Балға)
Жаңа сабақ
— Балалар, алдымен сабағымызды бастар алдында, міндетті түрде техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алғанымыз жөн. Яғни біз бұл жерде кесу кұралдары мен жұмыс істейміз. Сондықтан арамен, балтамен, қашаумен жұмыс істегенде техника қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауымыз керек.
Ал, балалар бүгінгі өтілетін тақырыбымыз «Балғаға сап жасау» технологиясы.
Алдымен ағаш түрлерімен танысайық. Яғни тығыз орналасқан ағаштар: емен, қайың, қарағаш, алма ағашы.
Осы ағаш түрлерінен балғаға сап жасауға болады. Енді балғаға сап жасау үшін, қандай кұрал-саймандар қажет? (Ара, сүргі, балта, қашау)
Техникалық сүрет.
№ | Балғаның салмағы | n | m | A | B | C |
1. | 200 гр | 4 | 20 | 24 | 20 | 280 |
2. | 300 гр | 11 | 22 | 26 | 20 | 310 |
3. | 400 гр | 13 | 24 | 30 | 22 | 330 |
4. | 500 гр | 15 | 26 | 32 | 24 | 350 |
Балғаға сап жасау үшін:
- Өлшемін қою;
- Өлшем бойынша кесіп алу;
З. Өңдеу, балтамен қырларын алу;
- Сүргімен тегістеу;
- Құм қағазбен тегістеу.
Балалар сызба өлшемдерін, ағаш түрлерін дәптерге сызып, жазып алайық.
Сарамандық жұмыс
Балға сабын жобалау және жасау жұмыстары
Кіріспе нұсқау:
Құрал-саймандарды ретімен пайдаланған өте тиімді болады. Ал, енді техникалық суретке карап жұмысымызды бастаймыз.
Балғаға сапты, балғаның салмағына қарай саптаймыз. Балғаның салмақтары әр түрлі болып келеді.200 гр, 300 гр, 400 гр, 500гр.
Балғаға сап жасауда ағашты жобалау жұмыстары.
Ал, енді біз бүгін салмағы 500 гр балғаға сап жасаймыз.
Ағымдағы нұсқау:
Балалар, техника қауіпсіздік ережелерімен танысыйық. Құрал-саймандармен жұмыс істегенде, әр құралдың өзіндік техника қауіпсіздіктері болады. Сондықтан мұкият зейін қойып жұмыс істеуіміз қажет.
Қорытынды нұсқау:
Окушылар балғаға сап жасау кезінде аралап жүріп, техника қауіпсіздіктерін жиі-жиі естеріне түсіріп, ескерту. Жұмыс аяқталған соң, жасалған балға саптарын тексеру. Түсінбеген сұрақтарды бірігіп талдау.
Сабақты қорыту:
Оқушылармен өтілген сабақ бойынша сұрақ –жауап жүргізу
- Балғаның салмағы неше грамм болады?
- Балғаның сабын қандай ағаш түрлерінен жасайды?
- Қандай құрал-саймандар қажет?
Бағалау:
Орындалған жұмыстарына қарап, оқушылардың еңбектерін бағалау.
Кезекшілер жұмысы:
Оқу кабинетін жинау және тазалау
Үй тапсырмасы:
Техника қауіпсіздік ережелері.