Басы » Бастауыш сыныптар » Сәкен Сейфуллин. Наурыз.

Сәкен Сейфуллин. Наурыз.

lazzat      Қарағанды облысы Балқаш қаласы

«Дамуы шектелген балаларға  арналған

арнайы № 4 мектеп- интернатының

бастауыш сынып мұғалімі

Тулеуова Лаззат Науанқызы

4-сынып Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Наурыз.

Мақсаты:Білімділік: Жазушы С.Сейфуллин шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.Оқушыларға Наурыз-жыл басы,  ұлт мейрамы екендігін , ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ — жауап, деңгейлеп  саралап оқыту, іздендіру, жобалау,топтық жеке жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,  слаид, буклет, компьютер т.б.

Сабақтың барысы.

  1. Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

— Кәнеки, бәріміз шаттық шеңбері аясына жиналайық. Шаттық шеңбері — жылулық, қуаныш сыйлайтын шеңбер. Шаттық шеңберінде бір – бірімізге іштей  жақсы тілек тілейікші.

Міне, бәрің әдемі, сұлу, күшті, бақытты, өнерлі, мейірімдісіңдер. Сендердің әрқайсыларың ерекше жаратылған бір — бірлеріңе ұқсамайтын жандарсыңдар.  Ендеше бүгінгі сабағымызда күндегіден ерекше болмақ.

  1. Өткен сабаққа шолу.

Олай болса өткен сабаққа шолу жасайық.

Міржақып Дулатовтың өлеңі «Наурыз»  өлеңін жатқа айту.

—        Өлеңнің авторы кім? (М. Дулатов)

—        Өлең не туралы?

—        Өлең жылдың қай жыл мезгіліне арналған?

(оқушылар өлеңді жатқа айтады)

IV.Жаңа сабақ

  1. – Балалар алда қандай мейрам келе жатыр?(Наурыз мейрамы)

-Наурыз мейрамы  қай жылдан бастап аталып келе жатыр?(1988ж)

Қай күні тойлаймыз?  (22- наурыз күні)

Қысқаша наурыз мейрамы туралы түсінік беру. ( слаид)

2.Сәкен Сейфуллин. «Наурыз» өлеңімен танысамыз.С.Сейфуллин (1894- 1938) Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған.  Сәкен- қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлкен үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысқан. Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды.

3.Оқулықпен жұмыс.(238-бет)

4.Сөздік жұмыс. (слаид)

*Есіп  тұр-  жел соғып тұр

*Ескектің лебі-  соққан жел

* Дүние балқып иіп тұр- Табиғаттың өзгеру, күннің жылуы

5.Оқулықпен жұмыс (тізбектеп оқыту)

6.Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша айтып көрейікші.

Қайтеді?

Жаз————- құшақтады, беттен сүйеді.

Су—————  жүгірді, былдырлап күлді.

Құстар———— шаттанды, жырлады.

Мал————жадырады, мәз болды, жаңа жылды қарсы алды.

V.Сергіту сәті

VI .Жаңа сабақты меңгергенін анықтау.

1).Видео ролик  «Наурыз мейрамы»

М/м-нің сұрағы?   соған жауап алу

2).Жоба қорғау:

1- ші «Бәйшешек» тобы : «Наурыз  көже»

2- ші  «Қызғалдақ» тобы : «Ұлттық ойындар»

3-ші «Жауқазын» тобы: «Ақ   бата»

VII. Жаңа сабақты бекіту:

1-ші топ: «Наурыз» мейрамына сурет салу.

2-ші топ: «Наурыз» мейрамы бойынша жаднама құрастыру.

3-ші топ: «Наурыз  бата» кітапшаларын шығару.

Әр топ өз ойларын айтады.

VIII. Үй тапсырмасы: 239-бет өлеңді мәнерлеп оқу.

Қорытынды:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *