Семей қаласы
«№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
аға тәлімгер Башбаева Бұлбұл Беделханқызы
Тақырыбы: «Екі жұлдыз» ән байқауы
Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
Жүргізуші: Біз бүгін сайыста интернат тәрбиешілері мен мектеп оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
1 жұп:Ибраева Мейрамгүл Қожахметовна, Бекболатова Ажар 6 «А» сынып
2 жұп:Жаныбекова Раушан Тлеуовна, Нұртаева Нұрай 4 «Б» сынып
3 жұп:Гауриева Алтын Еселхановна, Беймбетова Сабина 8 «А» сынып
4 жұп:Ристимирова Алмагүл Амангелдиновна, Омарова Айдана 9 «А» сынып
5 жұп:Мейрамбаева Гүлсім Абжатовна, Төлегенова Айсары 6 «Ә» сынып
Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар
1. Музыка пәні мұғалімі Искаков Мэльс Сейтпекович
2. Еңбек пәні мұғалімі Сүлеймен Елдос Төлегенұлы
3. Профсоюз комитетінің төрайымы Жусаңбаева Әлия Мұсылманбековна
Құрментті әділ-қазылар бағалау критерийлерімен таныстырып өтсем:
— сырт келбеті, киім кию үлгісі;
-дарындылығы;
-қатысушылардың арасындағы шығармашылық байланысы;
-орындалған ән қалай айтылды.
Алдарыңызда бағалау парақтары таратылды, бағалау ең жоғарғы ұпай 5 ұпай, ең төменгі ұпай 3ұпай.Әр жұп әніні орындап біткеннен кейін сөз кезегі сіздерде.Ал ұпай санын сайыс соңында айтасыздар.Бәрі түсінікті секілді.
Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық. Мейрамгүл Қожахметова және Бекболатова Ажар
«Мереке » әнімен қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат. – демекші,
Тағы да керемет жұбымыз өз өнерін көрсетпекші әннің қалай шығатынын мына сіздермен бірге тыңдап көрейік.
Сахна төріне Раушан Тлеуовна және Нұртаева Нұрай «Екі жұлдыз» әнімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
Жүргізуші: Келесі жұбымыз өз өнерлерін көрсетпекші.
Қарсы алыңыздар Алтын Еселхановна және Беймбетова Сабина «Қазақ елі»әнімен
Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
Жүргізуші: Тағы да бір тамаша жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе әке балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді – дей келе,
Сахна төрінде өздерінің тамаша әндерімен Алмагүл Амангелдиновна және Омарова Айдана «Армансыз күнім болмайды» әнімен. Құрметті көрермендер қол соғып қолдап отырыңыздар.
Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
Құрметті көрермендер кешіміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын жұлдызды жұбымыз «Армандастар» әнімен. Сахна төрінде Гүлсім Абжатовна және Төлегенова Айсары қарсы алыңыздар.
Ән:Сабина мен Айсары «Туған жер» әнімен
Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.
Музыкалық номер. Қазылар ойланғанша.
1 — Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
2 — Жүргізуші: Екі жұлдыздың әнұраны.