Басы » Бастауыш сыныптар » Жүйке жүйесі және оның қызметі

Жүйке жүйесі және оның қызметі

Жалағаш ауданы № 201 орта 
мектеп-лицей     

Бастауыш сынып мұғалімі Нурова Динара

Сабақ атауы «Жүйке жүйесі және оның қызметі»
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы,  3 сынып дүниетану
(К. Жүнісқызы, Ә. Бірмағанбетов, Қ. Аймағанбетова), Интернет материалдары
Жалпы мақсаты Тіршілік үрдістерін басқарудағы жүйке жүйесінің маңызы туралы мәлімет беру; Жүйке жүйесінің ағзаларын орталықтандырып, оларды жұмыс істеу маңыздылығына қарай ретпен орналастыру; Сезім мүшелері арқылы қоршаған ортаны сезіну, тану жолдарын атап шығу;
Күтілетін нәтиже Жүйке жүйесі туралы мағлұмат алады, сезім мүшелерін танып біледі.
Жеке және жұпта, топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.
Негізгі идеялар Тамақтану гигиенасы, жүйке жүйесінің қызметі, мидың құрылысы және қызметі.
Тапсырмалар  Ашық сұрақтар, жабық сұрақтар, зертханалық жұмыс, топтық жұмыс, интербелсенді әдістер.
 

 

 

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты Мұғалім  іс-әрекеті Оқушы  іс-әрекеті
 

 

3 минут

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар 3 топқа бөліп орналастыру. сурет қиындыларын  қолданамын. Критерийді оқушылармен айқындап, бағалау парақшалары таратылады. Әр топтан есепшілер сайланады.

 

 

Оқушылар сурет құрастыру  топтасады

ІІ. Үй тапсырмасы Оқушылар өткен
 

5 минут

 

 

 

 

 

«Суреттер сөйлейді» тақтада, қолдарындағы суреттерге қарап, әңгіме құрастырады.  Әр топтың құрастырған әңгімесін келесі топ бағалап отырады.
            

                

 Тақырып бойынша суретке әңгіме құрастырады. Оқушылар  «Бағдаршам» арқылы бағаланады.
 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

3 минут

3 минут

 

 

 

2 минут
 

 

 

 

5  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

ІІІ Жаңа сабақ

1 Тақырыпқа байланысты жұмбақ жасырылады.
Дүниені танитын,
Бізге ақыл беретін.
Естігенді көргенді
Жүйелеп нақты жинайтын.
Қандай мүше болатын.
   (Ми)
Бүгінгі тақырып тақтадан көсетіледі

Мидың құрылысын, қызметін білу;

 

 

 

 

Оқушыларға жалпы жұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.

 

2.Мәтінмен жұмыс оқушыларға оқулықтағы мәтінмен танысып  жұмыс жасайды.

жеке жұмыс;

жұптық жұмыс;

 

«Сергіту сәті»
Баяу музыка ырғағымен жаттығу жасалады.
Алдымен көзбен көреміз
Оны мида сақтаймыз
Мидан жұлын қабылдап,
Кетеді дене қимылдап.
Дәптермен жұмыс.
Есіңде сақта!
Жүйке жүйесі адам денесіндегі әр түрлі мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын, ағзаның біртұтас іс-әрекетін қамтамасыз етеді.

Зертханалық жұмыс.
Әр топқа берілген қораптың ішіндегі тағам түрлерін иісінен (нан, сарымсақ, алманы)ажырату керек. Зерттелген заттарды қалай ажыратқандығын дәлелдеу керек.

 Білімді жинақтау және жүйелеу 
Интербелсенді тақтамен жұмыс
1. Жүйке жүйесінің қызметі қандай?
2. Адамға жүйке жүйесін қалай күту керек?

1 топ

Жүйке жүйесінің қызметі қандай?

 

 

 

Адамға жүйке жүйесін қалай күту керек?

 

2 топ

 

 
3 топ

 
 

 

 

Оқушылар бірлесіп өздерінің тың идеяларын жұпта талдап, әр топтан бір бала мәтін бөліктерін түсіндірді.

 

 

Қимыл қозғалыс әрекеттерін 2-3 мәрте қайталайды.

 

 

Ережені дәптерлеріне көшіріп жазды.

 

 

«Сондықтан» «өйткені» сөздерін қолданып ойларын ашық жеткізу

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сұраққа балалар толық, жан-жақты жауап береді.

 

 

 

Жүйке жүйесінің қызметін схемадан табу

3 минут Бағалау. Критериалды бағалау парақтарын топ есепшілерінен балы жоғары оқушыларды хабарлап бағалау.

 

Топ мүшелерінің номері

Суретпен жұмыс

(0-5 балл)

Топ аралық жұмыс

 

Оқулықпен жұмыс

 

Топтық жұмыс

 

Жалпы

балл

 

 

Мұғалімнің бағасы

1
2 минут Рефлексия

«Алған әсерін қандай?»

Стикерлерге жазып қоржынға салу
Үйге тапсырма Жүйке жүйесінің қызметінің маңыздылығын әңгімелеу, суретін салу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *