Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қазақ мектеп-гимназиясы
Долдина Сания Кабдулмановна
Күні/айы 28.11.14 | Пәні: сауат ашу | Сабақ №82 | ||
Сабақтың тақырыбы | Х х дыбысы мен әрпі
|
|||
Жалпы мақсаты
|
Х х дыбысы мен әрпі туралы түсінік беріледі, мәтінмен, суретпен жұмыс жүргізіледі | |||
Күтілетін нәтижелер | Х х дыбысы мен әрпі туралы біледі, мәтіннің мазмұнын түсінеді | |||
Ресурстар | Кеспе әріптер, қима қағаздар, электронды оқулық, т.б. | |||
Ұйымдастыру кезеңі
|
1.Сабақтың мақсатын түсіндіру
2.Психологиялық тренинг Арайлап таң атты Қайырлы күн, қонақтар!
|
1.Сабаққа назар аудару
2.Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады.Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады.
|
||
Негізгі бөлім
|
І. Өткенді қайталау
Ойын «Сенесің бе?» Айтқан тұжырымдарға «Ия», «Жоқ» деп жауап береді.
ІІ. Жаңа сабақ
Туысқаннан, таныстан Келетұғын хат, хабар. Қай әріптен басталған? Х әрпінен басталған.
Х х х х дыбысы қандай дыбыс? Х – дауыссыз, қатаң дыбыс. Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? х сөздің басында, ортасында, соңында келеді (мысалдарды оқушыларға келтірту). Хат, хабар – басында Асхана, дәріхана – ортасында Тарих, шах — соңында
Хат жанры – ерте заманан бері келе жатқан адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі. Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады? Топтарды таныстыру (топ басшысы алады) 1-топ – «Жабық хат» 2-топ – «Ашық хат» 3-топ – «Жеделхат» 4-топ – «Электронды хат»
Хор, хат, хабар, халат, кітапхана, шеберхана, асхана.
2.Сөздік жұмысы жүргізіледі (түсінбеген сөздерін сұрау) Шеберхана – белгілі бір заттарды жасайтын орын, арнаулы кабинет.
3.Тақтамен жұмыс Дыбыстық талдау Халат, хабар сөзіне дыбыстық талдау жасау.( 2 оқушы тақтада сөзді жазып, ауызша талдайды)
Бір уақытта есік тарсылдатып вахтерша тате келіп хат береді. Хат Аяз Атадан келген екен. «Құрметті 1 «Ә» сыныбының оқушылары! Мен сендердің 1-сыныпқа келіп, білім алып жатқандарыңа ризамын. Жаңа жыл келе жатыр, барлығын менен сыйлық күтесіңдер. Мен тек жақсы оқып, диктантты қатесіз жазатын, оқу жылдамдығы жақсы, есепті де жақсы шығаратын оқушыларға сыйлықты беремін. Желтоқсан аяғына аз ғана ғана қалған уақыттарыңды тиімді пайдаланып, оқуларыңды дұрыстаңдар. Енді сендерге бір сұрағым бар, қыс мезгілінде ойнайтын қандай ойындарды, қандай спорт түрлерін білесіңдер? Құрметпен Аяз Ата
— Қандай спорт түрлерін білесіңдер? а) мен оқимын ә) оқушылар оқиды б) сөздік жұмысы оқушылар үшін түсініксіз сөздерді түсіндіремін в) сұрақ-жауап — Хасан мен Хамит қандай ойынды жақсы көреді? — Хасан кім, Хамит кім? — Кімнің тобы жеңіп шықты?
Сергіту сәті
Карточкамен жұмыс Х әрпін тауып, сызыңдар. Неше бас әріп, неше кіші әріп? Қайсысы көп? Ендеше, бүгін кіші әріпті жазып үйренеміз. ЙМУхКЕНхГШХМИХТЯхАЫДЖОхПРХНЕКхНПР
Дәптерімізді ашайық,
Сергіту сәті (қолды жаттықтыруға байланысты) 3.Топпен жұмыс. Хамит пен Хасан сияқты біз де топқа бөлініп жұмыс жасайық. 1-топ. «Жабық хат» Буындардан сөз құрау 2-топ. «Ашық хат» Коллаж жасау. (х, һ дыбыстары бар суреттер жапсыру) 3-топ. «Жеделхат» «Қатесін тап».(Жазба түрінде қате жазылған сөздерді табу) 4-топ. «Электронды хат» Буын, сөз, сөйлем құрау. Жұппен жұмыс жасап, бір-біріне WhatsApp арқылы жібереді.
|
|||
Бекіту, қорыту, кері байланыс | -Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Қандай әріппен таныстық?
Кері байланыс «Хаттар». ( Қажеттісіне оқушылар стикер жапсырады) Жабық хат – көп нәрсені түсінген жоқпын. Ашық хат – біраз нәрсені түсіндім. Жедел хат – бәрін де түсіндім. |
|||
Бағалау | Жинаған фишкалары бойынша ауызша бағалау. Бүгінгі күннен естелік ретінде ашық хат сыйлау. | |||
Үйге тапсырма | Аяз атаға хат жазу | |||
Рефлексия | ||||
Ең сәтті өткен екі дүние | ||||
1.
|
2.
|
|||
Ең сәттіз өткен екі дүние | ||||
1. | 2.
|