Индер ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Көшек Перизат Ерсайынқызы
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар, жарлықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды файлдармен, бумалармен және таңбашалармен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық — абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, слайдтар
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Терезе дегеніміз не?
2. Терезе түрлері туралы айтып бер.
3. Терезе элементтерін ата.
4. Активті терезе дегенімізді қалай түсінеміз?
5. Іске қосу батырмасының көмегімен программаны қалай іске қосамыз?
6. Іске қосу батырмасының көмегімен құжатты қалай ашамыз?
7. Менің компьютерім қапшығы арқылы программаны қалай іске қосамыз?
8. Менің компьютерім қапшығы арқылы құжатты қалай ашамыз?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Файлдар мен бумалар
Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows — та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 — 255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*. bmp Paint
*. doc Word WordPad
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне — клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Жарлық – программа немесе құжатты көрсететін, нысан туралы ақпарат салынған белгі. Жарлық программа құжаттың төменгі бұрышындағы бағдаршасымен ерекшеленеді. Жарлық қасиетін ашу арқылы нысанның қайда орналасқанын көруге болады. Жарлықтарды пайдалану кездейсоқ жойылған ақпараттан сақтандырады. Жарлық жойлсада, файл немесе бума жойылмайды.
Бумаларды құру оның құрылымы:
Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.
Терезеде жаңа бума құру:
Буманы Файл →Создать→Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:
Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.
Создать→Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.
Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз.
Таңбаша — нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.
Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай — ақ қатынауды қамтамасыз ету.
Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.
Бірінші жолы:
• Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.
• Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.
Екінші жолы:
• Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.
• Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту.
4. Сабақты бекіту тапсырмалар мен сұрақтар
1. Файл дегеніміз не?
2. Файл типтерін ата.
3. Бума дегеніміз не? Бума түрлерін ата.
4. Компьютерде бума құру әдістерін көрсет.
5. Таңбаша дегеніміз не? Таңбашалардың қызметін ата.
6. Таңбашаны қалай жасайды?
Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау
Деңгейлік тапрсымаларды орындау
А деңгейі
Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.
- Пуск-Компьютер бұйрығын орындаңдар
- Пайдаболған терезедегі дикілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства бұйрығын орындаңдар
- Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар
- Дәптерге дискідегі бос орнның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.
В деңгейі
- А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар
- Құжаттар бумасын ашыңдар
- 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сыятынын анықтаңдар
С деңгейі
Сыныптарындағы барлық оқушылар туралы ақпарат компьютерінің қай дискісіне сыятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.
Сабақта бос уақыт қалса, оқушылар өз беттермен оқулықта берілген «Қызықты ақпарат» айдарының мәліметтерімен танысады.
6. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар, таңбашалар.